Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет24/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

Қарым-қатынасты модельдеу барысында мыналар жүзеге 
асады: 
Өзара 
әрекеттесудің 
коммуникативті 
құрылымы 
жоспарланады:
 


57 
Сурет 6- Қарым-қатынас жүйесі адамның жеке дамуының 
жемісі
 
- Педагогикалық міндеттер коммуникативті міндеттерге 
ауыстырылады. 
- Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол 
адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бір-
бірінін ұмтылысына, ойларына, күйлеріне әр түрлі дәрежедегі 
күштермен әсер етеді. 
- Қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттің маңызды кәсіби 
құралы, ұстаздық қарым-қатынас бұл жағымды психологиялық 
ахуалды тудыруға бағытталған мұғалімнің оқушылармен кәсіби 
қарым-қатынасы.
Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтік психологиялық 
процесс ретінде мыналармен сипатталады: тұлғаны тану, ақпарат 
алмасу, іс-әрекет, өзін-өзі бекіту т.б. 
Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз
– білім беруде 
педагогтың білім алушылармен жағымды психологиялық климат 
құруға бағытталған кәсіби қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым-
қатынастың дұрыс ұйымдастырылмауы мұғалімнің сенімсіз 
болуына, зейіннің, естің, жұмысқа деген қабілеттілігінің 
төмендеуіне, сөйлеу динамикасының бұзылуына, соның негізінде 
білім алушылардың стереотипті түсініктерінің қалыптасуына, 
олардың өздігінен ойлау ептілігі мен қызығушылықтарының 
төмендеуіне алып келеді. Соның негізінде білім алушылардың 
мұғалімге деген, сонымен қатар пәнге деген тұрақты негативті 
қатынасы қалыптасады. 


58 
Педагогтың білім алушылармен қарым-қатынасын ұйым-
дастыру ептілігі, олармен қарым-қатынас жасай отырып, іс-әрекетті 
басқару педагогтың маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады. 
Бұл 
жөнінде 
психологиялық-педагогикалық 
әдебиеттерде 
мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасты қалыптастыруында 
коммуникативті қабілеттілігі маңызды деп қарастырылған. 
Қарым-қатынаста өзара байланысты 
үш категория
айқын-
далады: коммуникативті (ақпарат алмасу); интерактивті (қарым-
қатынасқа түсетін индивидтердің белсенді өзара әрекетін 
ұйымдастыру); перцептивті (қарым-қатынасқа түсушілердің бірін-
бірі қабылдау үрдісі, осы негізде өзара түсінікті орнату). 
Педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы
(Г.М.Андреева 
бойынша): Коммуникативті; Интерактивті; Перцептивті. 
Педагогикалық қарым-қатынастың атқаратын қызметі:
әлеуметтік; психологиялық; инструменталдық. 
Педагогиканың қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар:
Байланыс орната алмау; Сабақта білім алушылардың қарым-
қатынасын басқара алмау; Педагогикалық міндеттерге сәйкес 
қарым-қатынасты құрастыра және өзгерте алмау; Білім алушының 
ішкі психологиялық позициясын түсінбеу; Өзінің психикалық 
жағдайын басқара алмау т.б. 
Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы мынадай: 
Педагогтың білім алушылармен қарым-қатынасын жобалауы; 
Бастапқы әрекеттесуде тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру; 
Педагогикалық әдіс барысында қарым-қатынасты басқару; жүзеге 
асырылған қарым-қатынас жүйесін талдау және оны болашақ іс-
әрекетке сәйкес жобалау (В.А.Кан-Калик). 
Педагогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер:
Ақпаратты беру іскерлігі; Білім алушы жағдайын түсіну; Білім 
алушылармен өзара қарым-қатынас орнату; Қарым-қатынастағы 
серіктесіне әсер ете алу іскерлігі; Өзінің психологиялық жағдайын 
басқара алу және т.б. 
Кәсіби 
педагогикалық 
қарым-қатынас 
коммуникативті 
міндеттер түрінде жүзеге асады. 
Коммуникативті міндеттер 
дегеніміз
бұл коммуникация тіліне аударылған педагогикалық 
міндеттер. 
Коммуникативті 
міндетті 
проблемалық 
ситуацияларды 
бағыттау нәтижесі деп анықтап, оның мақсаты серіктеске әсер ету 
(А.А.Леонтьев). 


59 
Коммуникативті міндеттерді атқару төмендегі мақсат-
тарды көздейді:
білім алушыларға ақпарат беру; білім алушыларға 
әсер ету; әрекетке ынталандыру. 
Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері: 
1) қарым-
қатынас жағдайына бағытталу; 2) зейін аудару; 3) обьектінің 
«жанын 
жаулау»; 
4) 
вербальды 
қарым-қатынас 
орнату;
5) эмоционалды және мазмұнды кері байланысты ұйымдастыру. 
Педагогикалық қарым-қатынас стилі дегеніміз
- педагог пен 
білім алушы арасындағы қарым-қатынастың жеке типологиялық 
ерекшіліктері, қарым-қатынастың сыртқы көрінісі. 
Педагогикалық 
қарым-қатынас 
стильдері 
мұғалімнің 
коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін, педагог пен 
білім алушы арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастың сипатын, 
педагогтың шығармашылық ерекшелігін, білім алушылардың 
ерекшелігін көрсетеді. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері 
таза күйінде кездесе бермейді. Педагогикалық практикада қарым-
қатынас стильдері аралас түрде кездеседі, көбінесе бір стиль 
басымдылықта болады. Стильдерді мұғалім жағдайға байланысты 
таңдап алады.
Педагогикалық қарым-қатынас стильдерінің басқа да түрлері де 
кездеседі (В.А.Кан-Калик бойынша): Бірлескен шығармашылық іс-
әрекетке негізделген қарым-қатынас стилі; Достық қарым-
қатынасқа негізделген қарым-қатынас стилі; Дистанция стилі;
Қорқыту стилі. 
Бұдан басқа, мұғалімнің мынадай қарым-қатынас стильдері 
белгілі: 
авторитарлық стиль, демократиялық стиль, либералды 
стиль.
Авторитарлық стиль 
де
 
білім алушы тең дәрежелі емес, 
педагогикалық әсердің обьектісі ретінде қарастырады. Мұғалім 
шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және білім алушылардың 
пікірін ескермей талап қояды. Авторитарлық стильді ұстанатын 
мұғалім өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, 
білім алушылар өз ойын, пікірін ашық айта алмайды. Олар қорқақ, 
пассивті рөл атқарады. Қоғамдық жұмысты, сабақты мұғалімнен 
қорыққанынан орындайды. Білім алушы мұғалімнің алдында 
тәртіпті бола қалады да, мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік 
көрсетеді. 
Демократиялық стиль.
Білім алушылар қарым-қатынаста тең 
дәрежелі. Мұғалім шешімді білім алушылармен бірлесіп 
қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді. Мұғалім тек 


60 
үлгерімге ғана емес, білім алушылардың жеке тұлғалық сапаларына 
мән береді. Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық, өз 
мамандығына қанағаттану тән. 
Либералдық стиль.
Мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, 
барлығын білім алушыларға, қызметтестеріне ысырады. Білім 
алушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз 
жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады. Аудиториядан 
тұрақсыз микроклимат, жасырын келіспеушіліктер орын алады. 
Мұнда білім алушылардың пікір бостандығының шексіздігінен 
аузы барғанша сөйлеп, аяғы барғанша жүреді деп айтуға болады. 
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллек-
туалдық, сезімдік және мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді 
болып келеді. 
Адамның құндылығы, оны жетілдіріу мен қабілеттері туралы 
ғылым ретінде акмеологияның дамуы, адамның өзінің кәсіби іс-
әрекетін жоғары тиімділікпен жүзеге асырып қана қоймайды, 
сонымен бірге, оған өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға және жүзеге 
асыруға, толыққанды өмір сүруге ықпал етеді.
Акмеологиядағы өзін-өзі кәсіби тану рухани іс-әрекет ретінде, 
адамның кез-келген іс-әрекетінің мазмұны және оның жеке өмірінің 
тірегі болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет