2.БӨЖ-ГЕ ДАЙЫНДАЛУЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ Өзіндік жұмысты орындау кезінде білімгер дәрістегі материалдармен, қазіргі тақырыпқа кітаптағы материалдармен, оқулықтармен, журналдармен, статистикалық жинақтармен, нормативті актілермен, кезеңдегі басылымдармен танысуы қажет. БӨЖ бойынша дайындықты орындауда білімгер келесілерді игеру керек:
• талқылауда қандай сұрақтар анықталады;
• қазіргі қызметтегі сұрақтардың маңызы және рөлі қандай;
• орындау кезінде топ арасынан қандай қызығушылықтар және сұраныстар туындайды;
• рефераттың немесе баяндаманың мазмұнының жөн-жобасы.
Мәліметтерді топтастыруда білімгер қандайда бір мәселеге, жағдайға негізделген, өзінің тақырыбының қызықты және өте маңызды жерлерін таңдауы қажет, мүмкіндігінше мұғалім берген дәрістегі мәліметтерді қайталамауы қажет. Егер жұмысында есеп, график, таңдау кездескен жағдайда, плакатқа сызба немесе кесте түрінде көрнекті оқулықтар дайындауға болады. Мұның барлығы қазіргі мәліметке аудиторияның үлкен қызығушылығын туғызады. Реферат оқу құжаттарының толтырылуы бойынша талаптарға сай толтырылуы керек. (универстиеттің кітапханасынан сұрау керек). Жұмыста қолданылған әдебиеттердің тізімін міндетті түрде көрсету қажет.
БӨЖ студенттің жазбаша түрде орындайтын жұмысынан және мұғалімнің алдында қорғауға тиіс тапсырмалардан, шешімдермен тұрады.
3.БӨЖ-ДІ ҚОРҒАУ БӨЖ-ді оқу бойынша 10-15 минут дайындалады. Оқу тақырыптың маңыздылығы және қазіргі қызметтің негізгі сұрақтардың рөлінен басталуы қажет. Оқу кезінде негізгі жағдайды бөліп көрсетуі қажет, жеке жағдайларды және тақырыптың мәнін ашып көрсету керек. Оқу жеке ойдың айтылуымен және дәйектелуімен өзара байланысқан жүйелі түрде болуы керек. Оқылудың соңында міндетті түрде қорытынды жасалуы тиіс. Оқып болған соң аудитория баяндаушыға сұрақ қоюы мүмкін. Қойылған қазіргі сұрақтарға тек қана баяндаушы ғана жауап бермейді, сонымен қатар топтағы басқа білімгер де жауап береді, яғни сұрақ жалпылама талқылаумен шешіледі.
БӨЖ-ді бағалаудың негізгі шарты: талдаудың тереңдігі, оқудың сенімділігі және толықтығы, фактінің дәлділігі, сұраққа жауап бере білу мүмкіншілігі және білімгердің өз көзқарасын жеткізе білуі болып табылады.
БӨЖ-ді қорғау аудиторияның қатысуынсыз әр білімгер жеке өткізеді, қорғау кезінде білімгер тапсырманың шешімін тусіндіру керек және білімгер тапсырманы шешу барысында қолданған көрсеткіштердің мазмұнын және формуласын анықтау керек, сонымен қатар алынған нәтижелерден талдау жасауы керек.
4.РЕФЕРАТ Реферат – бұл жазбаша түрдегі қысқаша мазмұндама немесе еңбектің жүзеге асырылған жарияланған баяндама түрі, нақты тақырып бойынша әдебиеттер. Рецензиядан айырмашылығы мұнда талдау мен бағалау талап етілмейді. Реферат өзімен бірге шығармада қысқарған көмекші көріністерді қамтиды. Оның негізгі артықшылығы көмекші пәндерді дәл жаңғырту мүмкіншілігі болып табылады. Егер реферат дайындау кезінде автор өзінің ойын білдіргісі келсе, онда ол сол немесе басқа тәсілдердің көмегімен (мысалы жақшаның ішіне өзінің аты жөнің жазу жолымен) оны қосымша мәліметтерден бөліп көрсете алады.
Реферат конспект сияқты. Конспект – бұл да сол және басқа да мәліметтердің қысқаша мазмұндамасы. Бірақ оның рефераттан айырмашылығыол үлгі түрінде құрылады және тек қана оқығанды емес естігендігінде қамтиды.
Әдебиеттермен жұмыс істеудің кеңейтілген түрлері болып табылады.
Реферат тексеру үшін дайындалған тәсілдері сияқты БӨЖ-дің бір түрі, ал оның тексті ғылыми жетекшінің келісімі мен жоспар бойынша жазылады.