Теологиялық теория



Дата21.09.2024
өлшемі25,51 Kb.
#145157
Байланысты:
лекция -9


5 МЕМЛЕКЕТ САЯСИ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ

Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады, кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де халық, қоғам, ел, деген ұғымдарға сәйкес келеді, тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, үкімет, әкімшілік деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланады.


Мемлекет – саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы ара қатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейрін қоғамдық механизм.
Мемлекет алғашқы қауымдық құрылыста болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағаны мыналар:
1. Теологиялық теория. Оның негізін салушылар А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірді.
2. Патриархиялық теория. Оның негізін салушы ХVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаларға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке шейін бірігуінен деп санайды. Осыған ұқсас идеяны Аристотель де айтқан болатын.
3. Қоғамдық келісім теориясы егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болған дейді.
4. «Зорлық жасау» теориясы бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды.
5. Географиялық теория мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т.б) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
6. Психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі – бақи тән болған дегенді айтады.
7. Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады. Ол экономика жағынан үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету үшін және басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек деп санайды. Ф.Энгельс мемлекет әрқашан «ең қуатты, экономикалық жақтан үстем таптың мемлекеті болып табылады, сондай-ақ ол тап мемлекеттің көмегімен саяси жағынан да үстем тап болып алады және осы арқылы езілген тапты басып-жаныштау және қанау үшін жаңа құралдарға ие болады»,- деп жазады.
8. Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым, құрал ретінле қарайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болу керек дейді.
Мемлекеттің бірнеше белгілері бар.
1. Аумақтық бөліну. Алғашқы қауымдық қоғамда халық қандас туысқандығы жағынан ұйымдасып, ру-ру, тайпа-тайпа болып тұратын. Жоғары үкімет халық жиналысының қолында болған, яғни ол не шешсе, сол орындалатын. Ер азаматтар қаруын қасында сақтаған, тосыннан жау шапса, дер кезінде тойтарыс беру керек болған. Сондықтан халықтан оқшау қарулы күштер болмаған. Қоғам таптарға бөлінгеннен кейін жағдай өзгерген. Өндірістің өркендеуі еңбектің бөлінуі, сауданың өсуі, халықтың көбеюі ру мен тайпаның бұрынғы бірлігін бұзды. Түрлі рулар мен тайпалардың мүшелері кәсіптеріне қарай қоныстана бастайды. Соның арқасында олар бір-бірімен араласады. Сауда мен қолөнер өркендеген соң қалалар пайда болды. Бұларға басқа ру, тайпалардан көптеген келімсек келіп қосылады. Ру жағынан бөлінудің орнына халық аумағы бойынша бөліне бастайды. Штаттар, губерниялар, болыстар пайда болды.
2. Ерекше үкімет аппараты. Құлдық дәуірде құл иеленушілер мен құлдардың арасында тап күресі күшейді. Азғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындырып, дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек, оның үстінен қарайтын айрықша үкімет аппараты керек болды. Ол өзінің үстемдігін қарулы әскер, чиновниктік аппарат, полиция, сот, барлау, баспасөз және т.б құралдары арқылы жүзеге асырды.
3. Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппаратты ұстау үшін халықтан салық алынады. Бертін келе және қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығарып жаздыртады. Салық пен заем рулық құрылысқа жат құбылыс болатын .
Бұл көрсетілген белгілерден басқа мемлекеттің өзіндік ерекшеліктеріде бар. Оларға егемендік, жалпыға бірдейлік, мәжбүрлік жатады. Егемендік деп мемлекеттің ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігін, дербестігін айтады. Сондықтан мемлекеттің бүкіл қоғам атынан ресми істі жүргізуге құқұғы бар.
Жалпыға бірдейлікке мемлекеттің өз аумағының шеңберінде барлық адамдарға ықпалын жүргізуі жатады. Оның заңдарын сол елдегі адамдардың бәріде силапуы және орындауы керек. Шетелдік дипломаттарға жеңілдік жасалады. Бірақ оларда сол елдің заңына бағынады. Қандай адам болмасын бір мемлекеттің азаматы болуға тиіс. Азаматтығы жоқ адам құқықтық жағынан қорғансыз келеді. Ал азаматы болсаң сол елдің заңын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады. Мәжбүрлік деп осыны айтады.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері болады.
Ішкі қызметтеріне мыналар жатады:
а) экономикалық салада мемлекеттік кәсіпкер, жоспаршы, үйлестірушілер ретінде мәселелерді шешеді. Экономиканы нарықпен қатар мемлекетте реттейді. Оны мемлекеттік тапсырыс, салық, несие, экономикалық бағдарлама және т.б арқылы жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағыбайланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өсіруге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізугет.б қатысады.
ә) Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтын әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен т.б айналысады.
б) заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік зорлыққа жол бермеуге т.б басшылық етеді.
в) Мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.
Сонымен қатар мемлекет бір топтың, таптың негізінде басқарушыкүшті қалыптастыруға қатысады., бюджет саясатын жүзеге асырады, қарулы күштерді құрып, ұстап, пайдаланады.
Мемлекеттің сыртқы саясатына жататындар:
а) мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау.
ә) өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету.
б) өз елінің саяси ықпалдығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т.б.
Сайып келгенде мемлекеттің ең басты міндеті қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, таптарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.
Адамзат тарихында мемлекеттің пайда болуынан бері оның неше түрлі тұрпаттары болған. Мемлекет тұрпаты қоғамды қандай тап басқарып отырғанынан, қандай таптың диктатурасы болып табылғандығынан айқандалады. Тарихқа белгігі мемлекеттің тұрпатына мыналар жатады: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік. Кейбір зерттеушілер мемлекеттің азиялық тұрпаты туралы жазып жүр. Бірақ бұл мәселе онша негізделмеген. Себебі азияда мемлекеттің бірнеше түрі болғаны белгілі. Сондықтан ол әлі талас тудыруда.
Мемлекеттің тұрпаты әр түрде көрініс беруі мүмкін. Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады.
Басқару түрі жоғарғы үкімет билігі қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.
Монархия деп мемлекеттен жоғары үкімет билігі жеке дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп айтуы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік және конституциялық бөліп екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы үкімет бүтіндей, тұтас, формальды түрдеде шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Бұрынғы уақытта басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішнде Россияда да болатын. Қазіргі дамыған елдердің ешқайсында басқарудың мұндай түрі жоқ. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік - парламентпен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Англияда пайда болды және қазірдің өзінде ойдағыдай қызмет етуде. Қазір конституциялық монархиялық құрылыс Белгия; Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люксембург, Морокко, Сауд Арабиясы, Швеция, Япония және т.б елдерде сақталған.
Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республика парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Президенттік басқаруда әдетте мемлекеттің де үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламет немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парламент немесе соның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны парламеттік президент деп айтады. Ол салтанатты өкілдігі бар символдық қайраткер. Конституция бойынша оған белгілі бір құқықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа премьр- министр немесе министрлердің біреуінің қойылған қолы керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мысалы Индия және Италияда солай.
Ал егер президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы АҚШ, Франция т.б елдерде. Мұндай атқарушы билік тікелей парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады. Мұндай билік алғаш АҚШ да орнады. Бұл елдің басқаруы президенттік демократияның ішінде ең үлгілісіне жататындықтан оған толығырақ тоқталайық. АҚШ та президент төрт жылға сайланады. Мұнда премьер- министр болмайды. Президент мемлекетті де, үкіметті де басқарады. Ол департаменттердің басшыларын, министрлер кабинетін және үкіметті тағайындайды. Олар тек президентке ғана есеп береді. Оның қылмыскерге кешірім жасауға, награда беруге, халықаралық келіссөздерді жүргізуге құқығы бар. Атқарушы билік шеңберіндегі шешімдердің бәрін президент қабылдайды. Ол саясаттың ішкі және сыртқы басты бағыттарын айқындайды, айқындылықты белгілейді. Ал үкімет бұл кезде күнделікті істермен, елді басқару мәселелерімен айналысады. Президентік билік төрелік ететін әділқазы сияқты рөлді атқарады. Мысалы экономикалық бағыт қиыншылықтар тудырса, үкімет алмасуы мүмкін. Жаңа үкімет басқа саясат жүргізеді, ал мемлекеттің бастығы баяғы орнында қала береді. Бұдан біз президенттік басқарудың билігі зор екенін көреміз. Бірақ бұл биліктің де шегі бар, ең алдымен президенттің заң шығаруға өкілеттілігі жоқ. Ол бюжетті де шеше алмайды. Парламент президенттің қай тағайындауын болса да бұза алады. Конгресс президентті орнынан ала алады. Мысалы АҚШ тың бұрынғы президентінің бірі Р. Никсон «уотергеит ісі» үшін қызметінен кетуге мәжбүр болды. Егер президент конститутцияны бұзса не мемлекетке опасыздық жасаса, конгресс оны жұмыстан босата алады. Бірақ президенттің саясатымен келіспесе, сол үшін оны босата алмайды. Президенттік республика Латын Америкасы елдерінде кең тараған. Ондай билік Россия, Қазақстан және ТМД елдерінің басқа республикаларында да орнауда.
Президенттік басқаруда биліктің қосарлануы мүмкін, яғни атқару билігінің бір партиямен қалыптасуы, ал парламенттегі көпшіліктің басқа партияны қолдауы әбден ықтимал.
Президенттік республиканың көрнекті үлгісі АҚШ – та өмір сүріп келеді, басқа мемлекеттерде оның әр түрлі баламалары бар.
Қазіргі заманда президенттіктен басқа жартылай президенттік мемлекет билік жүйесі Польша, Франция, Пакистан, Греция сияқты елдерде өмір сүруде. Ол өз көрінісін Францияда неғұрлым толық тапқан. Оның президенті барлық тұрғындардың тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Президент өзіне және парламентке тәуелді. Министрлер Кабинетін құратын премьер-министрді тағайындайды. Егер парламент мемлекетке сенімсіздік білдірсе, премьер-министр президентке өз кабинетінен бас тартатындығын мәлімдеп арыз береді. Жартылай президенттік жүйенің негізгі белгісі-күшті президенттікбиліктің сонымен қатар парламентке бағынышты үкіметтің болуы.
Парламенттік республика - бұл атқару билігінің сайлау арқылы және парламентті сайлауда көпшілік дауысқа ие болуы негізінде қалыптасады. Осыған орай атқару билігі парламентке тәуелді және өкіметке сенім білдіру нәтижесінде қалыптасады. Саяси биліктің бұл формасы тұсында да елде президент болады. Ол мемлекеттің басшысы болып табылады. Сол себепті ол атқару билігінің тетігінен ажыратылған. Ол салықты белгілейді, бюджетті белгілейді, соттарды құрады, сауданы реттейді, халықаралық келісім- шарттарды қабылдайды, соғыс аша алады. Президент тағайындаған атқару органдарының басшылары парламентте талқылануы тиісті. Парламент жоғарғы заң ұйымы ретінде бұл кандидатураларды қолдауы да, қолдамауы да мүмкін.
Президенттің заң шығару құқығы жоқ сонымен бірге үкіметтегі көптеген мәселелер де парламентке тәуелді. Парламент бірсыпыра негізгі мәселелерге вето(тыйым салу) құқын қолдана алады, сонымен бірге ол конституцияны, қылмыстық заңдарды бұзған жағдайда президентті парламент сотына тартуға ерікті.
Парламенттік республикалардың қазіргі уақытта бірнеше түрлері бар: Парламентте көпшілік дауыс алған, бір партиялық биліктің құрылуына жол беретін түрі. Басқару тетігіне ие болған партия көсемі – мемлекет басшысы болады. Үкімет басшыларының ауысуы үкімет құрамын өзгерту немесе парламенттің кірісуін қажет етпей-ақ іске аса береді. Мысалы, Англияда М.Тетчердің орнына Д.Мейджердің келуі консервативтік партия басшыларының ауысуына байланысты болды. Парламенттік басқару жүйесіндегі бір партиялық үкімет Ұлыбритания, Жапония, Канада, Австралия сияқты елдерге тән; одақтық (каолициялық) үкімет формасы дегеніміз-үкіметті қалыптастыруда бірде-бір партияның басшылыққа ие болмауы. Сондықтан бірнеше партияның одағы қалыптасады. Бұл форманың негізгі ерекшелігі -үкіметтің тұрақсыз болуына қарамастан саяси тәртіптің тұрақты бола беретіндігі. Бұл форманың мысалына Германия, Италия, Норвегия, Израиль, Нидерландия, Швейцария, Даниядағы саяси билікті жатқызуға болады. Бұл басқаруда премьер-министр парламенттегі ықпалды, жетекші партияның басшысына сайланадыҚазіргі кезде көптеген елдердің парламенті екі палатадан тұрады. Феодалдық мемлекеттерде ол елдің өкілдігін үйлестіруге мүмкіндік бар. АҚШ та, Францияда оны үстемдік етуші топтар заңгерлерді «шектен тыс демократияландыруға» жібермеу үшін парламент ішінде қосымша тежеу факторы ретінде пайдаланады.
Төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Жоғарғы палатаның құрылуы әртүрлі келеді. Мысалы, Англияда парламенттің жоғарғы палатасына мұрагерлік өмір бойы болатын пэрлер, ондай құқығы жоқ пэрлер және Англия шіркеуінің жоғарғы шендері кіреді. АҚШ та сенатқа әр штаттан екіден сайланады. Германияда жоғарғы палатаның депутаттарын әр жердің үкіметі тағайындайды.
Көп елдерде белгілі бір дәрежедегі адамдарды парламентке сайламау заң жүзінде ескерілген. Әдетте бұл ереже мемлекеттік қарулы күштер, сот қызметкерлеріне қолданылады. Сонымен қатар депутаттың тәуелсіздігін қамтамасыз етуін, коррупцияны өрбітпеу үшін парламент мүшелеріне олардың мерзімі өткенше мемлекеттік және меншік фирмаларда, компанияларда қызмет етуіне тыйым салынады. Саясаткерлер мен заңгерлердің қызмет бабындағы мәліметтерді өздерінің жеке басының баюына пайдалануларына рұқсат етілмейді.
Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін. Бірпартиялық парламент әдетте кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы Францияда солай. Ірі және дамыған елдерде екіпартиялық парламент болып келеді. Мысалы АҚШ та, Англияда, Германияда, Францияда және т.б елдердегі сияқты. Парламеттің үкіметтен мезгіл – мезгіл есеп беруді талап етуіне, ең маңызды саяси шараларды бекітуге, үкіметке сенім білдірмеуге құқығы бар. Мұнда ең маңызды нәрсе – үкіметке сенім білдіреме, жоқ па. Ол дауыс беру арқылы шешіледі. Сондықтан күрес дауысты көбірек алудың айналасында болады. Мысалы Германия, Ұлыбритания және т.б елдерде демократиялық парламенттік тәртіптің өмір сүруі олар дың парламетте көпшілік дауыс алуынан. Егер сенімсіздік білдірілсе кабинеттің отставкаға кетуіне туру келеді.
Әр елде парламентті әр түрлі атайды. Мысалы АҚШ, Филиппинде және Латын Американың көптеген елдерінде оны Конгресс, Польша мен Финляндияда – Сейм, Иран мен Турцияда – Мәжіліс, Израильде – Кнесет, Швецияда – Риксдаг, Францияда – Ұлттық жиналыс дейді.
Мемлекет басқару түрімен қатар құрылысына да қарай да ерекшеленеді. Мемлекет құрылысы орталық үкімет пен жергілікті биліктің міндеттер өрісінің арақатынасын білдіреді. Ол унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді.
Унитарлық құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциялары бір болады. Мемлекеттік биліктің органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы ондай мемлекеттерге Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Финляндия және т.б жатады.
Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердін міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпы мемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. Мысалы мұндай федеративтік мемлекеттерге Австралия, Австрия, АҚШ, Бельгия, Германия, Канада, Малайзия, Мексика, Нигерия, Россия және т.б жатады.
Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпы одақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның алған шешімдері оған кірген мүшелердің бекітуінен өтуі керек. Конфедерация өмірде сирек кездеседі. Мысалы ол 1848 жылға дейін Швейцарияда, 1778-1787 жж Солтүстік Америка штаттарында, 1981-1989 жж Сенегамбияда болды. Қазір конфедерацияға ұқсас құрылымды европалық одақ құрмақ ойы бар.
Мемлекет басқару түрі, өзіндік құрылысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет