Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


БӨЖ-ДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МАҚСАТЫ



бет2/7
Дата18.10.2023
өлшемі117 Kb.
#118897
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
1.БӨЖ-ДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МАҚСАТЫ
Білімгердің өзіндік жұмысы жоғары оқу орындарында ең маңызды элемент болып табылады. Бұл ұстаздың оқытудың танымдылық қызметіне тек бағыттап және ұйымдастырып қана отыруымен байланысты. Оның тиімділігі өзінің соңғы күшіне байланысты. Сондықтан білімді өз бетімен іздеу жоғары оқу орындарында білім алудың ерекшеленген көрінісі. Жоғары сынып оқытуларының барлық процестерінің мағынасы бойынша білімгерлерді арнайы ұйымдастыру жұмыстарына ұқсайды.
Өз бетімен дайындалудың жөн-жобасын ұйымдастыру университеттің біліммен жеке кәсіпкерлік сипатындағы бір негіз сияқты дербестіктің дамуы үшін шешуші рөлге ие және студент үшін қамтамасыз етілген тәсілді орындайды:
• пән бойынша игерілген білімнің беріктігі және саналылығы;
• өз бетімен білім алудың әдістемелері және мүмкіншілікті игеруі;
• білімді өз бетімен толықтырудың қажеттілігінің дамуы.
Өздігінен дайындалу ойлау еңбегінің жоғары мәдениетінің құрылуына, әдістерді игеруі және өзіндік жұмысқа дайындалу, парасатпен жұмсай білу және өз уақытын бөле білу, жинақтау және табысты білім алу үшін қажеттіліктерді игеру және профессионалды түрде ақпараттарды жариялауға себепші болады. Ол білімгердің ұйымдастыру қабілетін, тәртіптілігін, жігерлігін, еркіндік сияқты қасиетін дамытады; операцияларды (таңдау, синтездеу салыстыру, игеру және т.б.) және ойлау мүмкіншілігін қалыптастырады. Өз бетімен ойлауды үйренеді, өзінің өзіндік жұмысының стилін құруға мүмкіншілік береді, білімгердің танымдық әдістеріне жеке игеруіне сәйкес.
Білімгердің өзіндік жұмысы – бұл білімгердің тәжірибелік жұмысына дайындалудың ең тиімді әдістерінің бірі.
Білімгердің өзіндік жұмысының мақсаты – оқу барысында қосымша білім алу болып табылады.
Рефератты, баяндамаларды, тестік түрдегі тапсырмаларды және курстық, есептерді, курстық жұмысты, кроссвордтарды және т.б. білімгердің өзіндік жұмысының түрлеріне жатқызуға болады. Бұларды дайындау барысында студент алдын-ала қажетті әдебиеттерді жинастырады, қажетті жерлерін жазып алады, өзінің ой пікірін ойлайды, өзінің жұмысына жоспар құрады - мұның барлығы білімгердің өзіндік жұмысының даму әдістері болып табылады. Мұндай дайындықтар ойлаудың дамуына, талдау жасай білу мүмкіншілігіне алып келеді, ол білімгердің талдау жасай білумен жарақтануы - бұл білімгердің курстық жұмыс немесе диплом жазған кезінде өте қажетті. Мұның барлығы білімгердің өзіндік жұмысы сияқты сабаққа дайындалудың бір формасы ретінде қызмет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет