Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет4/7
Дата18.10.2023
өлшемі117 Kb.
#118897
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
5.ӘДЕБИЕТПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ
Уақыт пен күштің жоқ болған жағдайда оқылғаннан көп нәрсені ұғып қалу үшін жемісті оқып, кең тарған әдіс-тәсілдерді қолдау керек. Жемісті оку қажет көздерді іздеп, өзіндік жүзеге асыруды өзіне қосады. Қажетті әдебиетті іздеу кітапханадағы жүйелік каталогтардан бастаған дұрыс. Әдетте оларда іздеген қажетті әдебиеттер жөнінде толық мағлұматтар болады. Сондықтан сәйкес көздермен қамтамасыз ететін кітапханашыларға әсіресе реферат, журналдармен айналысатындарға жолыққан жөн.
Жаңа әдебиеттердің кітапханалық көрсеткішінен журналдарға жарық көріп жатқан мақалалар туралы әр апта сайын «Журналдық мақалалардың шежіресінен» білуге болады. Білімнің әр түрі бойынша жеке анықтау әдебиеттері кітапханада көп кездеседі. Бір жағдайда әдебиетті оқығанда оны жалпылама оқып, содан кейін жекелеген жұмыстар, мақалаларға көшкен дұрыс. Бұл көбінесе студенттің оқып жатқан тақырыбына дайындығы және соған байланысты әдебиеттерге қатысты. Кітаппен жұмыс жасағанда жалпылама танысқан дұрыс. Кітаптың шықан жылына ғана емес оны жазған және баспада басқанына да көңіл аудару керек. Мұнан кейін кітаптың қысқаша мазмұнын оқып, бұл кітаптың мақсатын қандай мақсатта ол қолданылып жатқанын білу керек. Содан соң кітаптың негізгі мазмұнын ашатын кіріспеге назар аудару керек.
Ғылыми әдебиеттерді оқу барысында мәтін қатарына көзді жүгірту жеткіліксіз. Мұндай оку терең болмайды. Оқу механикалық жұмыс емес, шаруашылық еңбек екенін естен шығармау керек оқудың мәні мынада: оқығанды меңгеру, автордың идеясына өз көзқарасыңды білдіру болып табылады. Арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу оқылғандардың санымен емес қосымша ойлағандағы есте сақтау қабілетінің сапасымен анықталады.


6.ОҚЫҒАНДАРДЫ ЖАЗУ
Сол немесе басқа ойды жазғанда біз оны қайта өңдейміз, ал бұл бізге оны есте сақтауымызды қамтамасыз етеді. Оқылған материалдарды есте сақтау мен жақсы меңгеру үшін мотор түрінде есте сақтау қолданылады. Мұндай жолмен, бір оқып біліміңді нығайту аз. Оқу әдебиеттерімен және ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау нақты әдебиеттерді, яғни оқығандарды жазуды талап етеді. Әлбетте, әрбір адамда оқу барысында өзіндік жазу жүйесі қалыптасқан. Алайда, бірнеше жалпылама қағидаларды қолдану ешкімге зиянды емес. Бірінші, жазудың қандай турлері болатынынан бастайық.
Негізгі жазу түрлеріне: жоспар және конспектілер, көшірме, тезистер жатады. Көшірме – бұл текстің маңызды жерлеріне, жекелеген жерлеріне арналған. Көбінесе мұнда нақты дәлелді материалдар қолданылады. Көшірме әдеби көздердің ішінен тек керегін таңдауды, сол тақырып немесе басқа сұрақтар төңірегінде қажетті мәліметтер алуды ғана емес, сонымен қатар есте сақтауды жеңілдетеді. Әсіресе олар барлық материалдарды жинап, бір жүйеге келтіруде қолайлы сондай-ақ жұмыстың мақсатына байланысты олар автордың түсінігінің қысқашасы немесе мақала түрінде де болады. Көшірмелерді карточкаларға жасауға болады, бірақ бұл ескірген технология. Ең жақсысы мәліметтер базасын басқару жүйесі деп аталатын арнайы бағдарламасы бар компьютерді қолданған дұрыс (мұндай бағдарлама әйгілі Microsoft Office пакетіне кіреді). Бірақ мәліметтер базасына карточкаларды енгізу білімгердің жұмысын жеңілдетеді. Карточкаларға автордың инициалын, фамилиясын, кітаптың аты (мақаланың), баспахананың шыққан жылын, беттерін, сонымен қатар көшірмеге қатысты сұрақтарды көрсету керек. Дұрыс жасалған көшірме білімгердің жиналған және жүйеленген материалдарды қолданып, семинарға дайындалуына көмектеседі.
Жазудың басқа кең таралған түрі жоспар жазылған туындылар кестесі болып табылады. Шынында да оны қарап шығып, кітапты оқымай ақ оның мазмұнын білуге болады. Бірақ оқу барысында оқушымен құрылған жоспар, мазмұнына қарағанда кітаптың мазмұнын толық береді.
Жазудың бір түрі ретінде жоспар келесідей болады:
• ол қысқа, әрі құруда көп уақытты талап етпейді
• оқу барысында құрылады
• материал көздеріне қатысты көрініс береді
• көздердің мазмұнын ашып, оқығанды есте сақтауға көмектеседі
• ұйымға өзін басқаруға көмектеседі.
Жақсы құрылған жоспар барысында және материалдармен жақсы жұмыс жасағанда конспект және тезис секілді көшірмелер қолданылады. Жоспар құрғанда көшірменін басқа түрі тезис – бұл оқырманмен құрылған қысқаша мақалаларға, кітаптарға, аудио және видео материалдарға негізгі түсініктемелер. Және егер жоспар тек көздердегі сұрақтарды қарастырса, ал тезисте оқылатын көздердің мазмұнын ашатын жалпылама кілттік жағдайлар принципін қосады. Олардың құрылымы оқығандардың мазмұнын түсінуге өзіндік ойды тұжырымдауға көмектеседі. Тезисті құрған уақытта оқылып жатқан кітаптың, мақалалардың мәселелері қысқаша тәртіп бойынша жазылады. Сонымен қатар әрбір тезис жаңы қатардан жазылады. Өзіндік құрылым бойынша тезистер қарапайым бола алады және күрделі бола алады.
Сол немесе баска тезистің түрін таңдау жұмыстың мақсатымен жүргізіледі, сонымен қатар нақты жағдайлармен түсіндіріледі. Тезистерге қарағанда конспекттер өзімен бірге қандай да бір жазбаша, аудио немесе видео көздердің қысқаша мазмұнын көрсетеді. Конспектпен шығармашылық жұмыс жасағанда «өзіне сұрақ түсіндіру» кезеңі өтеді. Конспектілеу оқығанға қатысты тәрбиелейді, есті дамытады, өзінше өмір сүру, стилін құруға көмектеседі. Конспектілеуде материал тереңірек игеріледі және бір жүйеге жинақталады. Конспект қиын құрылымды болып өзіне барлық жоғарыда аталған жазуларды қосады. Мысалы, рационалды конспектілеуде лекциялар жазудың екі негізгі түрін қолданады: дәрістің жоспарын қойып лектордың негізгі тезисін жазып немесе онымен дәлелденетін жағдайлар, мысалдар. Жазбаша көздерді конспектілегенде көбінесе жоспардың комбинациясы, тезистер мен көшірмелер қолданылады. Есте сақтайтын бір жәйт конспектің сапасы жазылған беттер сонымен емес, өзіне қажетті негізгілерді жазумен сипатталады. Сондықтан конспект жасалған материалдарды міндетті түрде толық оқу қажет және оқу барысында өзіне белгілеу керек: неге көп көңіл аудару керек, не бойынша ойлану керек. Сонымен қатар белгілегенде міндетті түрде конспект ретінде жасалған жұмыстың беттерін көрсету қажет. Бұл сіздің барлық конспект жазудағы жұмысыңызды жеңілдетеді. (дәптердің шетіне оқу барысында туындаған ойларды да жазу дұрыс).
Конспектке қойылатын басты талаптар мыналар:
• ол қысқа болуы керек, бірақ сонымен қатар маңызды, негізгі жақтарды міндетті түрде қосуы қажет және дәлелдер мен мысалдарды да. Әйтпесе конспектті қысқа уақыт аралығында да түсіну қиын болады.
• конспект өз сөзімен жазылады (ерекшелікті мақалдар құрайды)
• онда материал жүйелі түрде, логикалық ретпен жазылады. Бұл үшін негізгілері баска шрифтпен немесе түспен ерекшеленеді.
Дәптердің шетіне сөзбен немесе белгімен, мысалы: ! – маңызды, ? – даулы, - қайшы, тәртіп бойынша әрбір адамда бірнеше тәжрибеден кейін өзіндік белгілеу жүйесі қалыптасады.
Жақсы құрылған конспект сізге келесі бақылауға дайындалуға, сынаққа немесе емтиханға дайындалуға көмек болады. (АҚШ-та көптеген ЖОО-да конспекттеу білімгердің жоспар және бақылау түрі болып табылады, және оның конспект бойынша жұмысы бағаланса, яғни қанағаттандырылмаса, ол емтиханға кіргізілмейді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет