Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет1/7
Дата18.10.2023
өлшемі117 Kb.
#118897
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
TDVQHPXLXUZT18102023080125


Ф-ОБ-001/36

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ


ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ


ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ КАФЕДРАСЫ


«Бекітемін»
Спорт және өнер факультетінің деканы
п.ғ.к., доцент ___________ Абусейтов Б.З.
«01» қыркүйек 2023 ж.


5В010400-БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ
«ӘСКЕРГЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАРДЫҢ ДАЛАЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫ»


ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Түркістан 2023


КІРІСПЕ
Казақстан Республикасы Мемлекеттік білім беру стандартының бағдарламасына сәйкес зерттелген әр бір курста, оқу жоспарын қоса алғанда, аудиториялық жұмыс уақытын, сонымен қатар білімгердің өзіндік жұмысының белгілі көлемін қарастырады.
Мысалы, егер кредиттік технология бойынша барлық «әскерге дейінгі жастардың далалық жағдайдағы дайындығы» пәнін зерттеу 90 сағатта қарастырылса, ал жоғары оқу орнындағы күндізгі бөлім білімгерлерінің аудиториялық жұмысы 30 сағатта қарастырылса, онда бұл пәндердің аудиториядан тыс сағаттар саны, яғни білімгердің оқытушымен өзіндік жұмысына орта есеппен 30 сағат, ал білімгердің өзіндік жұмысына 30 сағат қажет дегенді білдіреді.
Жоғары білімді мамандардың күрделі тапсырмаларының бірін орындау білімгердің өздігінен білім алу әдісін дамыту және кейін кәсіпкерлік қызметті табысты қолдану үшін өз бетімен білімді игеру мүмкіншілігі болып табылады.
БӨЖ екі мағынада түсіндірілуі мүмкін.
Біріншіден, білімгердің бір нәрсені игеріп алуы немесе басқа материалды қандай да бір проблемаларды, тапсырмаларды олардың қайда болғанына қарамастан (аудиторияда, үйде немесе кітапханада) шешуіндегі ой шығармашылығының процессі сияқты. Өйткені білімгер лекцияда тек қана тындап қоймайды, ол конспектілейді, талдау жасайды, салыстырып отырады, лектор хабарлап отырған мәліметтерді бағалайды, яғни білім беру процессінің белсенді қатысушысы болып табылады.
Екіншіден, жеке үй тапсырмасын шешуде, бақылау жұмысы, курстық, дипломдық, рефераттарды жазу түрінде ми ойлау қызметтерінің нәтижелері, яғни БӨЖ аудиторияда алынған білімнің тереңдеуі және қосымшалануы үшін үйде немесе кітапханада жалғасуы болып табылады.
БӨЖ жоспарланған (оқу жоспарында қарастырылған) және жоспарланбаған болып бөлінуі мүмкін.
Жоспарланғанға:
• курстық жұмыстың, рефераттың және бақылау жұмысының жазылуы;
• семинарлық сабақтарға, емтихандарға және сынақтарға дайындалу.
БӨЖ жоспарланбаған түрі:
• рецензиялардың дайындалуы, үй, бақылау жұмыстарының орындалуы;
• тапсырмалардың ауызша және жазбаша орындалуы, нақты жағдайды талдап, мұғаліммен бетпе-бет сөйлесу арқылы белгілі бір тақырып бойынша әдеби деректерді білу;
• семинар жоқ пәндер бойынша коллоквиумдар жүргізу;
• оқылған әдебиеттер базасында негізгі проблемалар бойынша пікір талас жүргізу;
• кино немесе телефильмдер көру;
• шаруашылық субъектілердің өндірістеріне (жиналыстарға қатысу, тәжірибені үйрену, құжаттарды және олардың жұмысын ұйымдастыру, өндірістік іс-әрекет) бару;
• жарияланған және жарияланбаған (жергілікті) заңды және басқада тәжірибелерді үйрену және қорытындылау;
• әдебиеттер тізімін (библиография) дайындау және белгілі бір нақты тақырып бойынша статистикалық деректерді талдау және т.б. жұмыс түрі.
Бұл атқарылатын барлық жұмыстардың түрі арнайы аудиториялық сабақтарда бос уақытта өткізіледі. БӨЖ-дің жалпы көлемі МББС-ның бекітілуінде көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет