Жергілікті жерде картасыз бағдарлану Картаны бағдарлау – горизонталь тегістік жағдайын ондағы бағыттар жергілікті жердегі тиісті бағыттарға параллель болатындай ету. Мұндай жағдайда карта жақтауының жоғарғы ҰсолтүстікҚ жағы – солтүстікке, ал төменгі жағы – оңтүстікке, оң жағы – шығысқа, сол жағы – батысқа бағытталады. Картаның бағдарлануы жуықтап, көзбен не сызғыш не компастың көмегімен дәл орындалуы мүмкін.
Жуықтап бағдарлану үшін белгілі тұру нүктесінен картада бейнеленген қоршаған жақын бағдарларға ойша жүргізілген бағыттар жергілікті жердегі осы заттардағы бағыттармен шамамен сәйкес келетіндей етіп картаны бұрса жеткілікті.
Картаны шамамен горизонт жағына қараған бағытпенбағдарлайды. Алдын ала горизонт жағын анықтайды. Алдын ала горизонт жағын анықтайды, сосын картаның жоғарғы жақтауы-солтүстікке, ал оң жағын, төменгі және солтүстігі –шығысқа, оңтүстікке және батысқа қарайтындай етіп бұрады.
Картаны жергілікті жер сызығы, бағдар мен компас бағыты бойынша неғұрлым толық бағдарлауға болады.
Аспандағы жарық, жергілікті жер заттары белгілерімен, компас көмегімен көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері. Жабық жерлерде қозғалыс бағыты компас бойынша бағдар жасалып, ұсталынады. Сондықтан да қозғалыс маршрутын зерделеп, таңдағанда азимут бойынша қозғалу үшін міндетті түрде мәліметтер дайындалады. Ормандағы қозғалыс кезінде бағдар ретінде тоғай жолдарын, алаңқайларды, орман жолдарын, өзендерді және т. б. пайдалануға болады.
Түнгі қозғалыста бағдарлар жол бойындағы бір-біріне жақын қашықтықтағы нысандардан таңдап алынады. Бағдар ретінде мүмкіндігінше көрнекті және қараңғыда тану оңай болатындай заттарды, мысалы, биіктікте орналасқан заттар, көпірлер, ұшы көрінетін биіктіктерді пайдалану қажет.
Жолдан тыс қозғалыс жасау маршрут картада жолдың әрбір бұрылысы жақсы танылатын жергілікті жер бағдарларымен көрсетілетіндей етіп белгіленеді. Маршрут бағыты мүмкіндігінше жергілікті заттардың (орлар, байланыс желілері, т. б.) түзу сызықты бағыттарымен сәйкес келуі керек. Бір бағдардан келесі бағдарға қозғалу кезінде, жолдағы қозғалысқа қарағанда, карта бойынша жиі бағдарланып, оны жергілікті жермен сәйкестендіріп отырған жөн.