Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Жол бойымен қозғалыс жасау кезінде



бет3/6
Дата11.12.2023
өлшемі90,5 Kb.
#137311
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БӘДТ

Жол бойымен қозғалыс жасау кезінде алдын ала картамен жақсылап зерделеп алып, қозғалыс маршрутын: жол сипатын, жол бойындағы құрылыстарды, көкжиек тұсына қатысты жалпы бағыт жолын, өтуге қиын учаскелердің орналасуын және оларды айналып өтуге болатын жолдарды, жол айрығы мен жол қиылыстарын есте сақтау керек. Содан соң картада қозғалыс дұрыстығын бақылау үшін қажетті маршрут бойынша негізгі бағдарлар таңдап алынып, іріктеледі. Бүкіл маршруттардың ұзындығы мен таңдалып алынған бағдарлар арасындағы қашықтықтар өлшенеді және жазылып алынады.
Қозғалыс уақыты картада бағдарланған болуы тиіс. Бұл бағдардан келесі бағдарға жылжи отырып, картаны жергілікті жермен жүйелі түрде салыстырып отыру керек. Жүріп өткен қашықтық пен бағдарлар бойынша қозғалыс дұрыстығын бақылау – кез келген нүктеде таңдалып алынған бағдарлар қатынасындағы маршрутта өз тұрған жерінде және қозғалыстың соңғы пунктін айқын білу үшін қажет. Әсіресе бағдарлану дұрыстығына күмән туғызатын жерлерде қорғану кезінде мұқият болған абзал.
Өзінің тұрған жері туралы баяндау.
Бағдарлардың сызбасы (схема ориентиров) – бағдарлар ретінде тағайындалған жергілікті жер заттары бейнеленген жауынгерлік құжат. Бағдарлар оңнан солға және шеп бойынша - өзінен қарсылас жағына қарай көрсетіледі және нөмірленеді. Жоғары бастық анықтаған бағдарлар нөмірі өзгертілмейді. Әрбір бағдарға өз атаулары беріледі және оған дейінгі қашықтық көрсетіледі. Бағдарлардың сызбасы бөлімшелерге тапсырмалар беруді, өзара әрекеттестікті ұйымдастыруды, нысананы көрсетуді, атыс жүргізуді жеңілдетеді.
Карта бойынша коордитат нүктесін анықтау. Масштаб көмегімен берілген нүктеде ол орналасқан квадраттың көлденең жағының сол жақтағы (батыстағы) тік және төменгі (оңтүстіктегі) нүктесіне дейінгі қашықтық метрмен (перпендикуляр бойынша) өлшенеді. Х мәні экватордан квадраттың оңтүстік жағына дейінгі тұтас шақырымдық мән мен сол жақтан нүктеге дейінгі өлшенген қашықтықтық қосындысынан тұрады, ал у мәні – тік сызықтың сандық мәні мен сол сызықтың нүктеге дейінгі метр санынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет