Педагогика ғылымының даму кезеңдері, оның қазіргі кезеңдегі міндеттері
Педагогика ғылымын дамытуда үлкен үлес қосқан ірі ғалым-педагог Н. К. Крупская. Ол Ұлы Қазан төңкерісінен ке-йін А. В. Луначарский, М. II. Покровский сияқты халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлерімен бірге қызмет істей отырып, педагогика ғылымын дамытуда татымды еңбек етті. «На путях к новой школе» журналының беттерінде маңызды педагогикалық мәселелерді үнемі жариялаумен қатар, оны әлеуметтік-педагогикалық ойлардың органына айналдырды.
Н. К. Крупская еңбектері оның он томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Ол педагогика ғылымының барлық салаларына көңіл бөлді. Әсіресе, ересек адамдар арасындағы сауатсыздықты жою, мектепке дейінгі тәрбие, үйелмен тәрбиесі, политехникалық білім, балалар ұжымының рөлі, оқушылардың өзін-өзі басқарушылығы, мінез-құлық, еңбек, эстетикалық және интернационалдық тәрбие мәселелерін ерекше зерттеп, кұнды педагогикалық мұра қалдырды. Бұл Н. К. Крупская-ның 20 жылдан астам істеген қызметінің нәтижесі. Оның басты еңбектері: «Халыққа білім беру және демократия», «Семья және мектеп», «Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселе» т. б.
Н. К. Крупская эмиграцияда жүрген кезінде (Швейцария) Халыққа білім беру және демократия» (1915 ж.) деген ірі педагогикалық еңбегін жазды. Бұл кітапта оқулы өнімді еңбекпен ұштастырып жүргізу туралы демократиялық көзқарастарға талдау жасалынды, келешек қоғам мектебінің негізгі ерекшеліктері сипатталды.
Педагогикалық тақырыптарға жазылған бірсыпыра құнды еңбектер педагогика ғылымының дамуына осы әсерін тигізді. Олар: «Советская педагогика за десять лет (1917-1927)», ав-торы А. П. Пинкевич, А. Г. Қалашннковтың редакциясымен дайындалған үш томдық «Педагогикалық энциклопедия» (1927-1928); И. А. Каировтың (Москва, 1939) және П. II. Груздева-ның (Ленинград, 1940) редакциясымен жазылған педагогика оқулықтары т. б.
Ірі педагог Антон Семенович Макаренко (1888 — 1939) педагогика ғылымына үлкен үлес қосты. Жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйініп, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.
А. С. Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның 1983 — 1986 жылдары жазылып баспадан шыққан сегіз томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: «Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбиелеу жайлы лекциялар», «Тәрбие жұмысын үйымдастыру әдістемесі», «Советтік мектеп тәрбиесінің проблемалары», «Ұстаздық дастан», «Мұнара үстіндегі тулар», тағы да көптеген педагогикалық және әдеби тақырыптарға жазылған повесть, мақалалар, әңгімелер мен очерктер. Бұл еңбектерінде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен негізгі принциптерін, балалар ұжымын, оқушыларға қойылатын бірыңғай педагогикалық талаптарды зерттеп жинақтады.
Қазіргі кезеңде тұрған басты міндеттердің бірі — Макаренконың идеялары мен тәжірибесін кеңінен оқып, терең зерттеп оқу-тәрбие мекемелерінде шығармашылықпен қолдану. Бұған А.С. Макаренконың мұрасын тәрбие
жұмысында пайдалану мәселелері жөнінде 1972 жылы наурыз айында Петропавл қаласында өткен Республикалық ғылыми-практикалық конференция немесе осы жылы наурыздың 27-29 күндерінде Мәскеу қаласында болған Бүкілодақтық симпозиум дәлел бола ала-ды. Бұл симпозиумға оқулықтың авторы Ж. Коянбаев қатысты. Симпозиумге қатысқан педагогтар, Макаренконың тәрбиеленушілері мен жақын серіктері, бірсыпыра елдердің ғалымдары. Гюнтер (Германия), А.Левин (Польша), Н. Чакыров (Болгария), Во Куанг Фук (Въетнам), т. б. А. С. Макаренконың бай тәжірибесі мен тәрбие жұмысы теориясын уағыздап қана қоймай, оның еңбектерінде тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатымен ғылым негізінде қолданудың қажет екендігі туралы бірыңғай тұтас пікірлер де болды.
Симпозиумге қатысқан педагогтар, Макаренконың тәрбиеленушілері мен жақын серіктері, бірсыпыра елдердің ғалымдары. Гюнтер (Германия), А.Левин (Польша), Н. Чакыров (Болгария), Во Куанг Фук (Въетнам), т. б. А. С. Макаренконың бай тәжірибесі мен тәрбие жұмысы теориясын уағыздап қана қоймай, оның еңбектерінде тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатымен ғылым негізінде қолданудың қажет екендігі туралы бірыңғай тұтас пікірлер де болды.
А. С. Макаренконың идеялары, мысалы, Польша мектептерінде 1946 жылдан қолданыла бастады, ал Германия педагогтары А. С. Макаренконың шығармаларын 1962 жылы неміс тілінде 8 томдық етіп баспадан шығарды.
А. С. Макаренко педагогиканың үздік шыққан жаңашыл қайраткері, оның идеяларын меңгеру — педагогикалық ғылымды дамытудың маңызды факторы.
Қазіргі жағдайда педагогика ғылымының жетістіктері жан-жақты пайдаланылмайынша Сонымен жаңа өмірге сәйкес прогресшіл педагогтардың мұраларын, жастарды барлық жағынан бірден үйлесімді етіп дамыту мүмкін емес. Өйткені, жас ұрпақ халқымыздың мұраттарын сөз жүзінде біліп қоймай, оларды күнделікті істермен тығыз байланыстыра білуі қажет. Міне, осы тұрғыдан педагогика ғылым мен техниканың өскелең дәрежесіне сан тәрбие мен оқытудың ғылыми негізін жасайды.
Педагогика ғылымы философия, социология, психология ғылымдарына сүйеніп, жастарға тәрбие және білім берудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтап жетілдіреді, жалпы политехникалық және кәсіптік білім берудің практикасы мен байланыстың зерттейді, тәрбие ісінде мектептің, үйелменнің және жұртшылықтың рөлі мен бірлігін анықтайды, адамды дамытуда және қалыптастыруда енбектің рөлін жан-жақты зерттейді, озат педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді таратып, оларды оқу-тәрбие барысында шығармашылықпен пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетілдіруде «Білім беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы» (1992), Қазақстан Республикасының «Жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасы» (1992), Қазақстан Республикасының «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы» (І993), Қазақстан Республикасының «Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» (1993) педагогика ғылымының зор сүйеніші болады. Сонымен бірге көптеген мұғалімдердің де тәжірибелері педагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізуде.
Педагогика жаңа идеяларды басшылыққа алып, оқушыларды терең және баянды біліммен қаруландырудың, оларды өмірге, мамандықты сапалылықпен алуға әзірлеудің бұдан былай да тиімді тәсілдері мен әдістерін анықтап дамыта береді.
Педагогика деген сөз,яғни термин,көне грек тілінен шыққан,ол балаларды ертіп жүруші,баланы жетектеп мектепке апарушы деген сөз.Анығырақ айтатын болсақ, Педагогика термині гректің екі сөзінен: пайс- балалар және эгейн- баланы басқару,тәрбиелеу,жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика -бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады.
Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе түсуде. Сондықтан педагогика- бала тәрбиесі жайындағы ғылым , - деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы- тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика – жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие- жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап,оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика пәнін толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы: философиядағы ұғымдарға болмыс , материя , қозғалыс ; ал педагогикада – тәрбие,білім беру, оқыту жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардың бірі- тәрбие.
Тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тжірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын,атап айтсақ : отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу- тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары,баспа орвындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық,мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамдарды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс- әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
Тәрбие терминін тар мағынада Тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада Өмір тәрбиелейді деп қолданудың тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие – тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, мәселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие – педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары- мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып,жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып ерекше әді- тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды.Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Білім беру- табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білу.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И.Пестолоцци.
Білім беру- оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту- білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, біртекті процесс.
1.Оқытушы оқушыларға білім беріп ,іскерлік ,дағдыға үйретеді.
2.Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті,дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нәтижесі емес, оның білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино , радио, телхабар, т.б. ықпал жасайды.
Сонымен бірге дамның жетілуі, даму, өзін -өзі тәрбиелеу ұғымдары да педагогиканың зерттейтін мәселелері саласын толықтырады.
Жеке адамның дамуы- бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуші рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін- өзі тәрбиелеудің маңызы зор. Өзін - өзі тәрбиелеу- адамның саналы түрде ,белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет,мінез-мқұлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Негізгі педагогикалық ұғымдар- тәрбие,білім беру, оқыту біріне бірі тәуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.
2. Педагогиканың шығуы мен дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтажынан ,талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады.Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Алғашқы педагогикалық ой- пікірлер ертедегі шығыс елдерінің ( мысыр, Вавилония, Үнді,Қытай ) философиялық жүйесінде дамып,кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді.Сократ,Платон,Аристотель,Демокрит саясат,тәрбие,мемлекет,жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады.Феодалдық қоғамда орта ғасырда тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді.Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына о дүниелік өмірге дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.
15- 16 ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесі, оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт гуманизм деп аталды ( Ф. Рабле , Т. Мор, Т. Кампанелла) Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |