ғалымдар «тасаууф» сөзі – «сафа», яғни тазалық
сөзінен шығады деген пікірді ұстанады.
Ислам дініндегі сопылық бағыттың елімізде
таралу тарихына келетін болсақ, онда сопылық
ілімнің түркі халықтары арасында таралуының
бастауын XII-XVII ғасырларға жатқызуға болады.
Түркістан, Бұқара қалалары сопылық
ілімнің түркі-, парсытілдес халықтардың арасында
таралуында зор рөл атқарды. Орталық
Азияда сопылықтың Баха ад-дин Нақшбанд
(Нақшбандия), Әбдəл-ҚадирЖейлани (Қадария),
Наджм ад-дин Кубра (Кубравия), Қожа Ахмет Ясауи
негізін қалаған тариқаттар таралған.
Түрік ғалымы, доктор М. Фуат Көпрулу өзінің
«Турк əдебиятында илк Мутасаввифлар» атты
кітабында Ахметтің əкесі Сайрамдағы Хазрет
Әлидің əулеті Ибраһим атты шейх екенін айтады.
Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз
қадірін білетін білікті адам болған. Анасының
аты – Қарашаш.
Сопылық «мистикалық» ағымның түркітілдес
тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет
Ясауидың өмірбаяны жан-жақты, толық
бізге белгілі емес. Өмірінің кейбір деректері
ғана жетіп отыр. Ол əлі ғылыми зерттеулерді,
ізденістерді қажет етеді. Ұлы бабамыздың
туған күні мен жылы белгісіз. Бірақ Әбсаттар
Дербісəлі қажының жазған деректеріне сүйенсек
Қожа Ахмет Ясауи 1093 немесе 1094 жылы
туған делінеді. Өлген жылы – 1166. Қожа Ахмет
Ясауидің қанша жыл жасап, ғұмыр кешкені əлі
де болса нақтылы емес. Бір деректе 73 жас, бірде
85 жасты айтады. Халық аңыздарын негізге ала
Достарыңызбен бөлісу: |