Қожа ахмет яссауи ілімі қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


отырып, Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Ясауиді



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата03.06.2022
өлшемі1,64 Mb.
#36256
1   2   3   4
отырып, Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Ясауиді
125 жыл өмір сүрді дейді.


Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы
– «Диуани Хикмет» (Хикмат жинақ). Бұл
шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып
басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул, Қазан,
Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады.
Соныңбірі 1901 жылыҚазандаТыныштықұлының
қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.
«Диуани Хикметте» негізінен төрт нəрсеге
аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат,
хақихат, мағрифат. «Шариғат» – ислам дінінің
заңдары мен əдет-ғұрыптарының жинағы, «тарихат» –
сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне
жеткізген жол, «хақихат» – құдаймен бірігу оған
жақындау, «мағрифат» – дін жолын танып, оқыпбілу. 
Ахмет Ясауидің пікірінше, «шариғатсыз»,
«тарихатсыз», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы
мүмкін емес


Қожа Ахмет Ясауи бала күнінен Пайғамбардың (с.ғ.с)
сүннетіне сай өмір сүруге тырысыпты. Сол себепті, 63
жасқа келгенде "Пайғамбарымыз 63 жасында қайтыс
болғандықтан, жер үстінде одан көп жүруден ұялғанын"
айтып, құлшылық үйінің ауласынан қабірге ұқсаған
бөлме қазып, жер астында өмірін жалғастырады. Жер
астындағы құлшылық өмірінің дәл қанша уақытқа
жалғасқаны белгісіз. Бірақ, қайтыс болған жылы 1166
жылы деп бекітілгенін ескерсек, 10 жыл жер астындағы
шілеханасында құлшылықпен оңаша өмір кешкенін және
73 жасында арғы өмірге аттанғанын білуге болады.


Ясауи хикметтері сопылық ілімнің жалаң уағызшысы
емес. Автордың болмысты діндар ретінде түйсінуі
қаншалықты терең болса, ақын ретінде сезінуі де
соншалықты шынайы. Хикметтерде баяндалатын
оқиға, суреттелетін хәл, насихатталатын ілім ең
алдымен сыршыл сезім көрігінен өткізіліп, тұнық
поэзия табиғатына тән бейнелілікпен, көркемдікпен,
шеберлікпен жеткізіледі.


«Диуани хикметке» дейінгі ежелгі түркі әдебиетінің бізге мәлім
поэзиялық туындыларында «хикмет» ұғымы кездеспейді әрі
ешқандай автор өз шығармасына қатысты «хикмет» атауын
қолданбаған. Мұның өзі сол тұста түркілерге хикмет ілімі жақсы
таныс болғанымен, оның қыр-сырын жетік меңгеріп, талғампаз
поэзия талабына сәйкестендіріп, дербес жанр дәрежесіне көтеретін,
ислами ұғымдар тұрақтанбаған түркі тілінде шеберлікпен жырлап
жеткізуге қабілетті тұлғаның тарих сахнасына шыға қоймағанын
аңғартады. Өз кезегінде бұл тарихи міндет сопылық ілімі кемел,
ақындық дарыны қуатты, дәуір талабын, қоғам сұранысын терең
сезінген, заман мен адам алдындағы жауапкершілік жүгін алғашқы
болып арқалаған отаншыл, ойшыл ақын Қожа Ахмет Ясауидің
еншісіне бұйырды.


Қорыта айтқанда, түркі әдебиетінде хикмет ілімін
алғашқы болып
поэзия тілімен өрнектеген Қожа
Ахмет
Ясауи
болып
табылады.
Ақын
шығармашылығын түркі халықтарының әдебиет

жүктеу/скачать 1,64 Mb.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет