Қожа Ахмет Яссауи Жоспар Кіріспе Қожа Ахмет Яссауи ислам дінін дәріптеуші Негізгі бөлім Қожа Ахмет Яссауи өмірі «Диуани Хикмет»



бет3/3
Дата22.05.2022
өлшемі26,33 Kb.
#35268
1   2   3
Байланысты:
Қожа Ахмет Яссауи сөж (2)

Қорытынды
Қожа Ахмет Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшылы
Қожа Ахмет Яссауидың «Диуани хикмет» жинағы көптеген ғасырлар бойы халқымыздың рухани әлемінде шешуші мәнге ие болып келді. Бұл еңбек иісі түркілердің ұлттық дүниетанымындағы түбегейлі өзгерістерге негіз болып, оның ислами аяда қайта қалыптасуына игі ықпал етті. Әсіресе, қазақ халқының ұлттық менталитетінің қалыптасуына тигізген бұл еңбектің әсері орасан зор.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет Яссауидің хикметтері («Даналық сөздері») оның бір бөлігі болып кіруге тиіс», – деген пікірінің жайдан-жай айтылмағаны анық.
Рухани ілімнің төрінде құл Қожа Ахмет Яссауи, оның әр ілімі мен Яссауи көрсеткен тура жолы тұр. Бүгінгі таңда Яссауи мұрасын зерттеу қолға алынды, ғылыми еңбектер жарық көрді, диссертациялар қорғалды. Дегенмен Яссауи мұрасын зерттеуде әлі де тыңғылықты зерттеуді қажет ететін салалар жеткілікті. Мәселен, Яссауидің хикметтері мен сара жолы ғылыми тұрғыдан тұтас сарапталып біткен жоқ. Жоғарғы оқу орындарында Қожа Ахмет Яссауи – тарихта болған ғұлама адам ретінде ғана айтылады. Яссауидің әр ілімі, хикметтеріндегі құдайға ғашықтық, ақыл-өсиеті, әулиелік болмысы ашықталмай, құрғақ, жалаң сөз түрінде бірсыдырғы қарастырылады. Әр ілімнің адам баласын ізгілікке, екі дүниенің бақытына жеткізетініне, тар кеудені кеңітетінін, тас жүректі жібітетіндігін Яссауидің Диуани хикметіне терең бойлау, қайта-қайта оқу арқылы ғана бойымызға сіңері анық. Бұл ойымызды нақтылау үшін Шәкәрім атамызға жүгінсек:
Қайта-қайта оқысаң, бір дұғаны
Сөніп қалған жүректе жанады шоқ
Қожа Ахмет Яссауи сынды Ұлы тұлғаның түркі халықтары тарихы мен мәдениетіндегі орны қандай, неге оның есімі түркі халықтарының жадынан ерекше орын алады деген сұраққа әлі ешкім мардымды жауап бере алған жоқ. Ол заңды да. Өйткені, Қожа Ахмет дәуірінен кейінгі 800 жыл халық жадындағы көптеген мәліметтерді шайып кетті. Ал, жазба деректер болса, жоққа тән. Тек, «Диуани Хикмет» қана көңілге медеу. Соңғы жылдардағы ізденістер нәтижесінде Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикметтен» өзге де шығармалары болғандығы белгілі болып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
2.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
3.Кенжетай Д. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы. – Алматы, 2008

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет