Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы


Фрэнсис Бэконның эмпирикалық философиясы, оның «елестер» идеясы, индуктивтік



бет12/26
Дата22.12.2022
өлшемі80,5 Kb.
#58878
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
?îæà Àõìåò ßññàóèä³? ñîôûëû? ôèëîñîôèÿñû

18. Фрэнсис Бэконның эмпирикалық философиясы, оның «елестер» идеясы, индуктивтік
әдістемесі. Фр.Бэкон (1561-1626) – философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси қайраткері (1620-1621 жж.) – Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы.Негізгі еңбектері:«Ғылымдар табысы «Жаңа Органон»
«Жаңа Атлантида». Фр.Бэконның философиялық идеясының – эпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Бірақ ақиқат білім – түпкі мақсат емес. Білім мен тәжірибенің басты мақсаты – экономиканың дамуына, жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу.Фр.Бэконның филофиялық кредосын бейнелейтін афоризмі: «Білім - күш».
Фр.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды. Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «түрлі металл түрлері балқитын болса, барлық металдар балқу касиетіне ие») деп түсіндіреді Фр.Бэкон. Фр.Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамғаның (адамзаттың) ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді. Ол себептерді Бэкон «елестер» («идолдар») деп атап, төрт түрге бөліп сипаттайды:1.Тектік елестер;2.Үңгір елестері3.Базар елестері;4.Театр елесі.
19. Антика дәуірінің натурфилософиясы. Милет және Элей мектептері.
Милет мектебінің өкілдері: Фалес, Анаксимен, Анаксимандр .Алғашқы грек философтары Иония (Кіші Азияның батысы) топырағында дүниеге келеді. Олар тарихқа “фисиологтар (physіs - табиғат, -грек сөзі, natura- табиғат, латын сөзі), яғни табиғатпен айналысатын ойшылдар ретінде кірді. • Дүние жөніндегі мифологиялық көзқарасқа қанағаттанбай, олар бүкіл Дүниені біріктіретін, соның негізінде жатқан алғашқы затты іздеді. Олардың ойынша, ол зат біріншіден сезіммен танылатын, ең кең тараған, әртүрлі қасиеттері бар зат болуы керек. Сонымен олар Дүниенің бастауын мифологиядағы Құдайлардан іздемей, табиғаттың өзінен табуға тырысады. Егер мифология Құдайлардың аяны ретінде есептелсе, Дүниеге келген ойшылдар өздерінің “даналыққа деген құштарлығын , білімге деген талпыныстарын көрсеткісі келеді. Пифагор айтқандай “Толығынан дана ол Құдай ғана, ал біз тек сол даналыққа құштармыз. Элей мектебі. Парменидтің ойынша, Дүние жөніндегі ақиқатқа бір ғана жол бар – ол: “бар нәрсе бар, ал жоқ нәрсе - жоқ, өмір сүрмейді. Олай болса, бізге жалғыз ғана жол қалады – ол Болмыс (онтология). Жоғарыдағы көрсетілген ой-пікірден келесі тұжырымдар шығады: 1. Бар нәрсе бар, болып жатыр; 2. Жоқ нәрсе жоқ, өмір сүрмейді; 3. Болмыс туылған жоқ және жоғалмайды да. Өйткені, болмыс бейболмыстан пайда бола алмайды, оның себебі бейболмыс – жоқ. 4. Болмыстың уақыты – мәнгілік, қазір, өйткені өткен шақ ол жоқ, ал болашақты алатын болсақ - ол да әлі жоқ. 5. Болмыс турақты және қозғалыссыз, өйткені қозғалысты мойындау бейболмысты мойындауға тең, ал ол - жоқ. Элей мектебінің негізін қалаушы – Парменид. Парменидтің айтуы бойынша «Болмыс бар, болмыс емес жоқ»,яғни болмысты тануға болады, ал болмыс емес (бейболмыс) танылмайды. Элеаттардың ойынша, болмыс бірегей


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет