Қожабек қанат мұратұлы қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу



бет16/18
Дата14.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#107090
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
treatise175770 (1)

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын басқаруды құқықтық реттеудің мәселелеріне жүргізілген зерттеу, денсаулықты қорғау аясында қабылданған нормативтік актілер базасының қалыптасуына қарамастан еліміздің денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқару жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуін реттейтін заңнаманы жетілдіру, осы саладағы басқару қызметінің тиімділігін көтеру, жария биліктің деңгейлері арасындағы өкілеттіліктердің ара-жігін ашу әлі де өзекті күйінде қалып отыр деген тұжырым жасауға итермелейді.


Денсаулық сақтау жүйесінің маңыздылығы құқықтық, әлеуметтік, экономикалық және адамгершілік позициялармен сипатталады. Мәселен, денсаулық сақтау саласының құқықтық маңыздылығы ҚР Конституциясының, заңдарының және ҚР бекіткен халықаралық құқық нормаларының жоғарылығы қағидасымен сипатталса, әлеуметтік сипаты халықтың денсаулығын қорғау саласындағы әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етумен, ал экономикалық сипаты қоғамдық ұдайы өндірістегі өндірістік күштерге әсерімен анықталса, адамгершілік сипаты пациент пен оның құқықтарын ең жоғарғы құндылық ретінде танудан көрінеді.
Денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқаруда елімізде атқарылып жатқан елеулі оң істерге қарамастан, шешімін таппаған мәселелер жеткілікті: қаржылық ресурстарды игерудегі олқылықтар (бұрын қаржы жетіспеушілігі негізгі мәселе болса, қазір бар қаржыны игере алмаудың мәселесі туындап отыр); азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы құқықтық, ұйымдық тұрғыдан қамтамасыз етілмеген нақтылы және ретті мемлекеттік саясаттың жүргізілмеуі; нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі; осы саладағы жария және жеке субъектілермен құқық нормаларын жиі бұзушылық.
Бүгінгі таңда Қазақстан Респуликасының денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқаруда мемлекеттік органдардың жұмысын тиімді үйлестіруге, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге, денсаулық сақтау заңнмасының жүйелі түрде орындалмауына, бөлініп жатқан орасан зор қаржылардың дұрыс игерілмеуіне байланысты мәселелердің туындап отырғаны жасырын емес.
Сондықтан бұл мәселелерді шешу үшін төмендегідей ұсыныстар айтамыз:

  1. Азаматтардың денсаулығын қорғау мемлекеттің конституциялық міндеті және маңызды функциясы деуге болады. Мемлекеттік құрылымдар, ведомствалар және ұйымдар денсаулықты қорғау және аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларға ұйымдастыршылық және әдістемелік тұрғыда барынша көңіл бөлетін сала, денсаулық сақтау саласы болуы тиіс, өйткені ол өмір сүруді қамтамасыз етуші жүйе, осы мағынада денсаулық сақтауды елдің ұлттық қауіпсіздігінің маңызды факторы деп қарастыруға болады. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелер кешені осы саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың қозғаушы күші болуы тиіс. Алайда бүгінгі денсаулық сақтау саясатын мемлекеттік басқару жүйесі өз функцияларын толығымен іске асыра алмай отыр. Оның негізгі себептерінің бірі біртұтас басқару жүйесінің болмауында, ал бұл өз кезегінде бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне зардаптарын тигізуде. Сондықтан денсаулық сақтау саласындағы, тіпті жалпымемлекеттік саясаттың маңызды міндеті мемлекеттік органдардың позицияларын нақтылау қажет, өйткені азаматтардың денсаулығын қорғау аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың тиімділігі денсаулық сақтау саласын тиімді мемлекеттік басқаруға тікелей байланысты.

  2. Мемлекеттің денсаулық сақтау саласын басқару қызметі қоғамның нақтылы әлеуметтік жағдайларына қарай жүзеге асырылуы және мақсаты анық болуы тиіс. Өкінішті жағдай елімізде әр денсаулық сақтау саласының министрі ауысқан кезде, жаңа келген министр өз реформасын жүргізуге кіріседі, оның зардаптарын бүгінгі күнде көріп отырғандығымыз жасырын емес. Бұл жерде мәселе, әр министрмен бірге келетін мақсатта емес, осы саланың нақтылы ахуалы мен алдыға қойған мақсатында болуы тиіс. Өйткені, мақсат ең негізігі бастау, бұған осы құрылымның құрылуынан бастап, оның міндеттерін әзірлеу мен қызметінің түпкі нәтижелеріне дейінгі басқару жүйесінің қызметі түгел бағынады. Сондықтан әлі толықтай бір жүйеге түспеген еліміздің денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік басқарудың мақсаты айқын болуы тиіс.

  3. Денсаулық сақтау саласында қабылданатын нормативтік-құқықтық актілер дер кезінде қабылданып, қолданылуы анық, құқықтық тұрғыда сауатты және Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын бұзбауы, Конституция қағидаларына қайшы келмеуі тиіс. Қазіргі таңда еліміздің денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы белгілі бір деңгейде қалыптасты және ол азаматтардың құқықтарының кеңеюі мен қорғалуын қамтамасыз ету, осы саладағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, мемлекеттің әлеуметтік функциясын одан әрі жүзеге асыру бағытында даму үстінде. Себебі денсаулық сақтау саласындағы заңнама денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты жұмыс істеуінің құқықтық бастауы болып табылады, ол денсаулық сақтау саласын ғана емес, әлеуметтік саланы реттеудің негізгі механизмі рөлін атқарады. Сондықтан денсаулық сақтау саласының заңнамасын жетілдіру арқылы салада қалыптасып отырған дағдарыстан шыға аламыз. Сондай-ақ, денсаулық сақтау заңнамасының жалпы құқық жүйесіндегі орнын анықтау қажет. Денсаулық сақтау заңнмасының пәндік және мақсаттық ерекшелігі, оның жалпы заңнама жүйесіндегі оқшаулылығы оның жаңа заңнама саласы ретінде қалыптасушы сала (денсаулық сақтау немесе медициналық) ретінде тану қажет деген тұжырымға алып келеді.

  4. Үшінші тұжырымның негізінде, заңнама базасы қалыптасқан саланың өзіндік реттеу пәні бар деуге болады. Ол - денсаулық сақтау құқығы саласы. Денсаулық сақтау құқығының пәні медициналық көмек көрсету мен санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды жүргізуге байланысты туындайтын ұйымдастырушылық, мүліктік, жеке қатынастарды қамтитын кешенді сипаттағы денсаулық сақтау қатынастары болып табылады.

  5. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің берген түсініктемесіне сәйкес: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, деген Республика Конституциясы 14-бабының 1-тармағы адамдардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігін, осы құқықтарды мемлекеттің тең қорғауын және әркімнің заң алдында жауапкершілігі бірдей екендігін белгілейді. Заң алдында тең болу адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға мүмкіндік беретін нақтылы шарттар мен жағдаяттардың нақ осы заңдарда анықталатынын білдіреді» [8]. Алайда, денсаулық сақтау саласында азаматтар тең құқыққа ие болғанымен, осы құқықтарды жүзеге асыруда әрқашан тең мүмкіндіктерге ие бола алмайды. Нарықтық қатынастардың жағдайларына байланысты азаматтардың медициналық көмекпен қамтамасыз етілуінде де алшақтықтар ұлғая түсуде. Сондықтан мемлекетпен ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілді көлемін ұлғайту немесе кеміту әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған азаматтардың құқықтарына нұсқан келтірмеуі тиіс. Осыған орай, біздің ойымызша тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізімі Үкімет қаулысымен емес, арнайы заңмен бекітілуі қажет;

  6. Лицензиялау мен аккредиттеу институтының енгізілуі денсаулық сақтау саласындағы жаңа басқару технологияларын қалыптастырудың алғышарттары болып табылады. Ал лицензиялаудан өте алмаған емдеу мекемелері өз міндетін атқара алатын деңгейдегі өзге медициналық мекеме ретінде қайта құрылуы немесе тиімді медициналық құрылымға өзгеруі тиіс. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы медициналық қызметті лицензиялау мен аккредиттеудің төмендегідей проблемаларын атап көрсетуге болады:

  • медициналық қызметті лицензиялау мен аккредитеттудің құқықтық базасының жетілмегендігі (медициналық қызметті лицензиялауды реттейтін арнайы заңның болмауы);

  • мемлекеттік медициналық көмек көрсетуші мемлекеттік мекемелердің лицензиямен ғана шектеліп, барлығының аккердиттеуден өтпегендігі;

  • біріңғай медициналық-экономикалық стандарттардың болмауы;

  • лицензиялау мен аккредиттеудің әдістемелері мен технологияларының жетілмегендігі;

  1. Мемлекет пен жекеменшіктің экономикадағы барлық қарым-қатынасын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қатарына жатқызуға болмайды, тек, бизнестің мемлекеттің тапсырмасымен және қолдауымен, бұрын мемлекеттің өзіне ғана тиесілі болған фукцияларды, нарықтық алғышарттардың мемлекеттің дәстүрлі қызмет ететін салаларына енуі негізінде атқаруы болып табылады. Демек, денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ-і бизнестің түрі ретінде қарастырмай, бұл қызметті мемлекеттің әлеуметтік функциясының жүзеге асырылу нысаны ретінде қарастыру қажет. Сондықтан МЖӘ-ге мемлекет тарапынан салықтық, кедендік және өзге де преференциялар түрінде қолдау ұсынылуы қажет;

  2. Медициналық сақтандыруды міндетті сақтандыру жолымен денсаулық сақтау жүйесіне енгізуге мемлекет қана емес қоғам мүдделі болды деуге болады. Сондықтан бұл сала азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қоғау мақсатында мемлекетпен қатаң түрде реттелінуі тиіс.

  3. Еліміздің денсаулық сақтау саласындағы адами ресустарды басқарудағы кадрлық саясаттың негізгі мақсаттары төмендегідей болуы қажет деп ойлаймыз: елдің денсаулық сақтау саласы кадрларының әлеуетін ұтымды жоспарлау, даярлау және бөлу негізінде басқару; денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейіндегі медициналық мамандармен қамтамасыз етудегі теңсіздікті жою; мамандардың саны мен құрылымын ағымдағы қажеттіліктер мен мүмкіндіктерге қарай оңтайландыру; дәрігерлер мен орта медициналық буын мамандарының санындағы ара-қатынасты сәйкестендіру; медициналық қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың механизмдерін жетілдіру.

Алайда, ескеретін жәйт қысқа мерзім ішінде жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу оңай шаруа емес. Елімізде мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіру процесі әлі де жалғасуда, орталық атқару органдары мен жергілікті басқару органдарының өкілеттіліктерінің ара-жігін ажырату жүргізіуде, жергілікті органдарға қаржылық ресурстармен қатар қосымша өкілеттіліктер беру көзlелуде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіліп, мемлекетпен кепілдік берілген медициналық көмектің көлемі сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылмақшы. Осы өзгерістердің денсаулық сақтау саласына да әсерін тигізбей қоймайтындығы даусыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет