Байланысты: Қожаберген Сабира Инклюзивті білім беру СРС СРСП 2
6 апта (СРС . СРСП)
Тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған балалардың әлеуметтік даму ерекшеліктері. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытуды ұйымдастыру. Ғылыми эссе Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері «Тірекқозғалыс аппаратының бұзылуы» (ТҚАБ) ұғымы жинақтамалық сипатқа ие және өзінің құрамына органикалық орталықты немесе шеткері пайда болған қимыл-қозғалыстық бұзылуды қамтиды.
Тірек-қозалыс аппараты бұзылған балаларды келесі санаттарға бөледі: - балалардың сал ауруы (БСА); - қалпына келген немесе қалдықты кезеңдегі полиомиелиттің салдарынан;
- миопатиямен;
- туа біткен және жүре пайда болған ақыл-ой кемістігінің және тірекқозалыс аппаратының бұзылуымен. ТҚАБ балалардың қимыл әрекетінің бұзылуынан басқа интеллектуалды даму кемістігі де байқалуы мүмкін: балалардың 40-50%-ында психикалық дамуының тежелуі болса, барлық балалардың 10%-ға жуығында – түрлі сатыдағы ақыл-ой кемістігі байқалады. Бұл кемістіктер мидың зақымданумен түсіндіріледі, сонымен қатар қозғалыс белсенділігінің шектелуі және дамудың қосымша бұзылуларының нәтижесінде пайда болатын депривацияның (қорқыныш) салдары болып табылады. Психикалық дамудың тежелуі ойлау қызметі қалыптасуының артта қалуында, түрлі психикалық функциялардың біркелкі дамымауында, астениялық (ағза әлсіздігі) жағдайлардың айқын байқалуында көрініс табады.
ТҚАБ балалардың арасында саны ең көп топты БСА ауыратындар құрайды. Бұндай балалар қимыл-қозғалыс саласы және танымдық әрекеті кемістіктері байланыстарының нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайларын қажет етеді.
БСА барысында әдетте, қимыл-қозғалыстың бұзылуы тілдік кемістікпен және жекелеген психикалық функциялардың қалыптасуының тежелуімен сәйкестікте болады. қимыл-қозғалыс және басқа да функциялардың жетіспеушілік деңгейінің айқын байқалуы арасында сәйкестіктің болмайтындығын да атап өту қажет. Даму құрылымы бұзылуының көптүрлілігінің байқалуы, бұл балаларға білім беруді стандарттандыруды қиындықтар тудыратыны сөзсіз.
БСА кезінде болатын қимыл-қозғалыстық бұзылулар қол мен аяқтың зақымдануынан байқалады (бұлшық ет тонусының зақымдануы, патологиялық рефлекстер, қимыл-қозғалыстың күштеу арқылы болуы, тепетеңдіктің, кординацияның, шағын моториканың қалыптаспаушылығы). Қимыл-қозғалыс бұзылуының ауыртпалығы әр түрлі болады: кейбір балалар тік күйде отыра және тұра алмайды, тек арнайы арбада ғана қозғала алады, көптеген балалардың жүріс мәнері өгеше болады, көпшілігі ортопедиялық арнайы құрылдар – балдақтар, таяқтар және т.б. пайдаланады, сал ауруымен ауыратын балалардың аз ғана бөлігі қосымша құрылғылардың көмегінсіз қозғалу мүмкіндігіне ие. Оң жақ аяқ-қолдары зақымданған ауру балалар, ісәрекетті сол қолымен істеуге мәжбүр, бұл жағдай олардың өзіне-өзі қызмет ету және жазу дағдыларын меңгерулерінде қиындық тудырады. Барлық дерлік балаларда саусақтардың сезімталдығы дамымаған.
БСА ауыратын балалардың көпшілігінде сөйлеу дағдыларының кемшілігі байқалады, соның ішінде жиі кездесетін жағдай – тіл күрмелудің (дизартрия) түрлі формалары. Тіл күрмелудің байқалуы әр түрлі: жеңіл (өшірілген) түрінен мүлдем түсініксіз сөйлеуге дейін болуы мүмкін. Ең күрделі жағдайларда анартрия (сөйлей алмау) байқалуы мүскін.
Дыбыстарды айтудың бұзылуы көптеген жағдайда жалпы сөйлеу тілінің дамымауының (ЖСТД) әсерінен қиындайды.
Тілдік кемістіктің болуы көптеген жағдайда сөйлесу ықыласын төмендетеді және сөйлесу байланысында қиындықтар тудырады.
Балалардың 20-25%-да көру кемістігі бар: қитарланған және шашыранды қылилылық, нистагм, көру кеңістігінің шектелуі.
БСА танымдық процестердің қалыптасуы жекелеген психикалық функциялардың тоқтап қалуымен және біркелкі дамымауымен сипатталады. Көптеген балаларда қабылдаудың дамуында, сонымен қатар кеңістіктік және уақыттық елестетудің қалыптасуында қиындықтар байқалады.
Барлық балаларда дерлік астения (ағза әлсіздігі) байқалады: жұмысқа қабілеттіліктің төмендігі, барлық психикалық процестердің қалпына келмеуі, қабылдаудың бәсеңдігі, зейін аударудың қиындығы, есте сақтау көлемінің аз болуы.
Бұндай балалардың көпшілігінде жоғары психикалық функциялардың даму әлеуетінің бар екендігін атап өту қажет, алайда дене бітімінде кемшіліктері (қимыл-қозғалыс, есту, көру фукцияларының бұзылуы), сөйлеу қиындықтары, астениялық көріністің және білім қорының шектеулілігі, әлеуметтік-мәдени депривацияның салдары бұл мүмкіндіктерді жасырып тұрады.
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытудың арнайы жағдайлары.
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды МЖБС сәйкес жалпы білім берумен, сонымен қатар олардың дене бітімі дамуындағы, танымдық және тілдік әрекеттеріндегі ауытқуларды жеңуді қамтамасыз ету оқытудың негізгі міндеттері болып табылады.
Тірек- қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда үйде оқыту ұйымдастырылуы мүмкін. Тірек-қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:
- бастауыш білім беру деңгейінде – 0 (даярлық), 1-4 сыныптар;
- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;
- жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар. Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сөйлеу және қимыл-қозғалыстың бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен, түзету-сауықтыру шараларын өткізудің қажеттігімен байланысты болып отыр.
Оқу әрекетін нормаға сәйкестендіру және оқытудағы қиындықтарды жеңу барысында арнайы сыныптың оқушысы, оқытудың кез келген сатысында кәдімгі сыныпқа ауыстырылуы мүмкін. Қимыл-қозғалыстың бұзылуымен қатар интеллектуалдық ауытқуы байқалатын бала ақыл-есі кем оқушыларға арналған арнайы сыныптарда оқытылады.
Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету. Тірек-қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында оқыту түзету компонентін қамтитын арнайы Үлгілік оқу жоспарларына, сонымен қатар жалпы білім берудің бағдарламалары мен оқулықтарына жүзеге сәйкес асырылады. Негізгі мектепте оқыту мерзімінің 1 жылға ұлғайтылуына байланысты жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұны балалардың ерекшелігін ескере отырып жаңаша бөлістіріледі және бейімделеді.
Оқу процесінде оқушылардың қимыл-қозғалыстық және сөйлеу ерекшеліктерін ескеретін арнайы әзірленген дидактикалық материалдарды, АКТ және басқа да материалдарды қолдану қажет.
Оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру Барлық оқу пәндерінде оқытудың түзетушілік бағыттылығы жүзеге асырылады, сонымен қатар дене, танымдық және сөйлеу әрекеті дамуындағы ауытқуларды жеңу мақсатын алға қояды. Оқу процесін ұйымдастыру арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдануды, бағдарламаның жекелеген бөлімдері мен тақырыптарын зерделеуге мүмкіндік беретін пропедевтикалық (алдын ала) оқытудың арнайы сабақтарын кіргізуді, сонымен бірге дамудағы ауытқуды түзету бойынша жекелеген және топтық арнайы сабақтар өткізуді қарастырады. Бұндай сабақтарда алынған білімдер мен дағдылар жалпы білім беретін пән сабақтарында бекітіледі.
Тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған балаларды оқыту емдеуқалпына келтіру жұмыстары аясында жүзеге асырылады, бұл жұмыстардың құрамына: қимыл-қозғалыстың бұзылуын медициналық түзету, жүйкепсихикалық ауытқуды дәрі-дәрмектік емдеу, соматикалық аурулардың алдын алу кіреді. Емдеу іс-шараларын бала дәрігерлері (педиатрлар), психоневрологтар, ортопедтар, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) дәрігерлері, физиотерапевтер, орта және кіші медициналық қызметкерлер жүзеге асырады.
Мектеп оқушысының қимыл-қозғалыстық, сөйлеу және жалпы дамуындағы кемшіліктерді жеңу үшін келесі курстар бойынша арнайы оқу жоспарымен қарастырылған жекелеген және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады:
1) массаж, шипалы балшық-сумен емдеу, дәрі-дәрмекпен емдеу аясында ұйымдастырылатын ЕДШ (балалардың қимыл-қозғалысы бұзылуы басымдылығының орнын толтыру мақсатында жекелеген және топтық). Әр оқушыға арналған түзету жұмыстарының жоспарын ЕДШ әдіскері мен дәрігер бірлесе отырып оқу жылына құрастырады. ЕДШ нұсқаушысы әр оқушыға арналған есеп карточкасын жүргізеді, оның ішіне баланың қимылқозғалысы туралы мәліметтер, жұмыстың жалпы жоспары, кезеңді жаттығу кешендері, әр сабақтың өткізілуі және оның нәтижелері жазылады. Әр тоқсанның аяғында түзету жұмысының қорытындысы шығарылады және қол жеткен нәтижелерді ескере отырып жоспарға толықтырулар енгізіледі. Сабақтар ЕДШ бөлмесінде немесе арнайы жабдықталған гимнастика залында өткізіледі. Алынған нәтижелер дене шынықтыру, технология және сабақтан тыс жалпы дене шынықтыру шараларында бекітіледі;
2) сөйлеу кемістігі бар балалар үшін ұйымдастырылатын логопедиялық сабақтар, ең күрделі бұзылулар барысында компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы жүргізіледі. Логопед баланың мектепте оқыған барлық кезеңінде оның тілінің дамуын бақылап отырады. Ол оқушының мұғалімдерімен және ата-аналарымен тығыз байланыста болады. Логопедиялық сабақтарды өткізу уақытына арналып логопед және психоневролог дәрігердің бірлесіп әзірлеген ортопедиялық тәртіпті қатаң сақтау, логопедтік жұмыстың ерекшелігі болып табылады. Логопед баланың партада дұрыс отыруына, оның аяқ-қолдары жағдайының дұрыс болуна үнемі назар аударуы тиіс. Қажет емес потологиялық қимыл-қозғалыс реакцияларының пайда болуы барысында логопед селқос-белсенді араласу арқылы оларды жеңіп шығуға жағдай жасайды. Түзету логопедиялық сабақтарын өткізу барысында барлық талдама жүйесіне (есту, көру, кинестетикалық) кең тірек қажет. Логопедиялық сабақтарды және ЕДШ сабақтарын күннін бірінші де, екінші жартысында да өткізуге болады;
3) сабақтарда оқу бағдарламасын меңгеруде ауырлық көретін оқушылардың психикалық функцияларының бұзылуын түзетуге арналған жеке және топтық сабақтар. Бұл сабақтар жалпы дамытушылық, сонымен бірге пәнге бағытталған сипатқа ие. Сабақтардың мақсаты – оқушылардың жалпы даму деңгейін көтеру; бұрынғы дамыту мен оқытудағы кемшіліктердің орнын толтыру; жеткіліксіз меңгерілген оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру бойынша жеке жұмыстар жүргізу; танымдық қабілетінің дамуындағы ауытқуларды түзету; жаңа оқу материалын қабылдауға арналған мақсаттыбағытталған дайындық.
Оқушының осы немесе басқа топта болуының ұзақтығы айрықша қиыншылықты түзету және тапсырманы сыныппен бірге орындауға дайын болу деңгейімен анықталады. Сондықтан да топтардың құрамы жылжымалы болуы тиіс: бір балаларды сыныппен жұмыс істеу үшін шығару, ал басқаларын жұмыстарды түзетуге арналған топтардың құрамына қосу қажет. Осылайша, оқу жылы барысында бір оқушы түрлі топтардың құрамына кіре алады.
Өмірлік іс-әрекеттің арнайы ортасы.
Мектепке кіру баспалдақтан басталады, бұл тірек-қозалысаппараты бұзылған, бір жерден келесі жерге бару үшін арнайы арба, балдақ, таяқ және басқа да құралдарды қолданатын балалар үшін қатаң немесе алынбайтын кедергі болып табылады. Пандус неғұрлым жазық және жайпақ болуы тиіс, яғни оқушы арбамен өз бетінше көтеріле және түсе алуы тиіс. Пандустың ені – 90 см. кем емес, пандустың ең қажетті ерекшелігі оның екі жағынан орнатылатын қоршағыш бүйірі және тұтқалары болып табылады.
Есіктер пандусқа қарама-қарсы жаққа қарай ашылуы немесе кіре беріс қоңыраумен жабдықталуы тиіс. Есік ойығының ені 80 – 85 см. кем болмауы тиіс. Арбамен келген оқушы жоғары қабаттарға көтеріле алуы үшін, лифт қарастырылуы немесе баспалдақтарда арнайы көтергіш құрылғылар орнатылуы қажет.
Киім шешетін бөлмеде өтетін орындардан шеткері жерде арнайы орын бөліп, оны тұтқалармен, орындықтармен, сөмкелерді және киімдерді ілуге немесе қоюға арналған сөрелермен және ілгіштермен жабдықтау немесе арнайы бөлме бөлу қажет.
Мүгедектер, сонымен бірге арбалы-мүгедектер үшін арнайы дәретхана кабинкасын қарастырған жөн, есіктің ені 900 мм. кем болмауы тиіс, кабинада унитаздың бір жағында арбаны орналастыруға және арбадан унитазға ауысып отыруға болатын бос аудан қарастырылуы тиіс. Кабина тұтқалармен, штангалармен және т.б. арнайы құралдармен жабдықталуы тиіс.
Сынып бөлмесіне кіретін есік табалдырықсыз болуы тиіс. Арбадағы бала үшін оқушы орнының ең кем мөлшері (мүгедек арбасының бұрылу есебімен) – 1500 – 1500 мм. Мүгедек арбасын, балдағын, таяғын және т.б. сақтау үшін (егер оқушы арбадан орындыққа ауысып отыратын болса) партаның жанында қосымша кеңістіктің болуын қарастыру қажет. Тақтаның алдында оқушы арбамен немесе балдақпен еркін қозғала алуы үшін, тақтаның жанындағы өту орны бос болғаны дұрыс. Сынып тақтасы төменірек ілінуі тиіс.