Қожаберген Сабира мфпко-301 тобы Инклюзивті білім беру пәні



бет1/8
Дата22.12.2023
өлшемі53,3 Kb.
#142720
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қожаберген Сабира Инклюзивті білім беру СРС СРСП 2


Қожаберген Сабира
МФПКО-301 тобы
Инклюзивті білім беру пәні
5 апта ( СРС, СРСП)

Зияты зақымдалған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.
Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар (оқудағы қиындықтар). Оқуда қиындықтары бар балалардың оқу әрекетінің ерекшеліктері.
Ғылыми эссе
Ақыл-ой кемтарлығы деген – кең мағынадағы ұғым, ол түрлі науқастар мен жағдайларды біріктіреді. Арнайы педагогика нақты психикалық дамуы тежелген және зиятында ауытқуы бар балаларға арнайы білім беру мәселесін қарастырады.
«Психикалық дамуы тежелген балалар» деген терминді Т. Е. Сухарева өз зерттеуінің нәтижесінде ұсынған. Психикалық дамуы тежелу баланың жатыріштегі және ерте жастағы соматикалық аурулардың және тағы басқа патогенді фактордың әсерінен пайда болды. Психикалық дамуы тежелген балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеулер үлкен жетістіктерге мол нәтижелерге қол жеткізген. Психикалық дамуы тежелген балалар арнайы оқыту жағдайларын қажет етеді;
Психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы ерекшеліктері:
Қалыпты дамыған балаларға қарағанда психикалық дамуы тежелген балалардың жұмыс қабілетінің көлемі төмен;
Ауызша сөйлеуіндегі кемістіктер:
а) ызың және ысқырық дыбыстардың бұзылуы;
ә) фонематикалық естудің және фонематикалық қабылдаудың жетіспеушілігі;
б) анализаторлардың жұмысының жетіспеушілігі, кемшілігі;
в) сөздік қорының шектелуі;
г) байланыстыра-логикалық сөйлеудің бұзылуы.
Жазбаша сөйлеуінде психикалық дамуы тежелген балалар ерекше қателер жібереді. Себептерін ерекше топқа бөлуге болады:
а) Фонематикалық естудің жетіспеушілігі;
ә) Дыбысты талдаудың дамымауы;
б) Лексикалық- грамматикалық сөйлеудің толық дамымауы.
Ерте жастағы ауытқуы бар балалар отбасында немесе денсаулық сақтау аумағындағы бөбекжайларда тәрбиеленеді. Ал түзетушілік көмек ерте жастан көмек көрсету кабинеттерінде, оңалту орталықтарында және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде қамтамасыз етіледі.Жанұясындағы тәрбиеленетін балалармен түзету жұмыстары ата-анасының белсенді қатысуын талап етеді.
«Психикалық дамуы тежелу» ұғымы баланың психикалық дамуындағы артта қалушылықтың психологиялық-педагогикалық сипаты болып табылады. Мұны көптеген зерттеушілер ми қызметінің зақымдануы салдарынан және туа біткен кемшіліктерден деген тоқтамға келді.
Осы ақау-кемістік салдарынан жүйке жүйесінің жеткіліксіз дамуы байқалады. Сөйтіп, бүкіл функциялары тежеліп дамиды. Кейбір психикалық қызметтердің баяу дамығанымен, оның пісіп жетілетін жақтары болады. Осындай топтағы балалар үшін әр түрлі психикалық жақтарының жеткіліксіз бірыңғай дамымай тепе-тең дамымаған сипатқа тән.
Психикалық дамуы тежелген балаларға тән белсенділік – ынта қызметінің бұзылуы. Ұмытшақтық, оның ішінде тапсырманы ұмытып кету баланың психикалық жағынан түскен салмақты білдіреді. Бұдан басқа көптеген балалар үшін назар мен зейіннің аз болуы қабылдау үрдісіне зиянын тигізеді.
Осындай кемшіліктер баланың ұғымының қалыптасуын тежейді. Психикалық дамуы тежелген балалардың ақауындағы ерекшеліктер нақты заттардың белгісіне деген ұғымдардың, зейіндерінің жеткіліксіздігі. Мұндай жағдайда соған сәйкес келетін түзету жұмысы болмаған жағдайда ойлау операциясының жеткіліксіздігіне әкеліп соқтырады.
Л. И. Переслени деректері бойынша сенсорлық қабылдау жылдамдығы зейін деңгейіне байланысты. Зейіннің төмендеуі қабылдау жылдамдығын тежейді.
Мектеп жасына дейінгілердің зейіні кейбір мақсаттың әсерінен туындауы мүмкін. Олар күрделі емес болып табылады. Күрделі зейінді дамыту белсенді тілді меңгеру мен қабылдауды ретке келтіруді қалыптастыруға арқау болады. Сондықтан мектеп жасына дейінгілердің өзін-өзі ретке келтіру қабілетін жетілдіріп, танымдық қызмет белсенділігінде міндетті түрде:
1) ойлау, қабылдау, еске сақтау, танымдық қабілеттерін түгелдей дерлік дамыту;
2) санасын ретке келтіру қабілетіне жаттықтыру(бір заттан екінші затқа көшуге машықтандыру).
Біздің елімізде және шетелде өткізілген бірқатар арнайы зерттеулер бірқалыпты дамымаған балаларға қарағанда психикалық дамуы тежелген балалардың көру сезімділігінің бұзылуы едәуір жоғары екенін көрсетті. Бұл көру, қозғалыс, есту қабілетіне тікелей қатысты. Сондықтан психикалық дамуы тежелген балалардың қабылдау деңгейінің төмен екеніне ешқандай күмән жоқ. Бұл балалардың қоршаған білімінің жеткіліксіздігін, шектеулігін білдіреді.
Балалардың қабылдауындағы кемшіліктердің бірі – сезім аппаратына түсетін күштің болуы. Егер балалардың зейіні мен қабылдау қабілеттерін дамыту бойынша түзету жұмысын арнайы ұйымдастырылған жеке дара сабақтарын өткізу ұсынылса, жаттығулар мен ойын бағдарламаларын пайдаланып, психикалық дамуы тежелген оқушылардың сабақтың бас кезінде жоғары даму деңгейі қалыптасып, мектептегі бағдарламаны табысты меңгеруге септігін тигізеді. Зерттеулерді талдағанда, қолданған ойын мен жаттығулар күрделі зейіні мен зейін деңгейі едәуір артқанын көрсетті.
Психологиялық зерттеу процесінде баланың нашар жағымен қатар интеллектісіне де үлкен көңіл бөлу керек. Психологиялық зерттеушілердің педагогикалық құжаттары міндетті түрде болуы керек.
— балаға мінездеме;
— жұмыс дәптері;
— суреттер.
Психологиялық зерттеу барысында баланың мінезінің ерекшеліктерінің және оның жұмысқа деген қабілетін есепке алу қажет. Ең алдымен, баламен қарым-қатынас жасау үшін онымен әңгімелесу қажет.
Педагогикалық зерттеуден психологиялық зерттеу ұсынылады. Педагогикалық зерттеудің мақсаты: бала түсінген білім көлемін анықтау, түсіну процесіндегі қиындықтарды анықтау болып табылады. Зерттеу алдында педагог педагогикалық құжаттарды өңдеп, зерттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет