Мінез-құлық және эмоционалдық бұзылыстары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек. Гипербелсенді және зейін жетіспеушілігі бар балаларға көмек. Баяндама Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – мінез-құлқы әлеуметтік «нормадан» ауытқыған балалар мен жасөспірімдер мәселесі болып отыр. Соңғы уақыттардағы статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, таксикомания, адам өлтіру және т.б. сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде.
Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды әлеуметтендіруге байланысты Отандық ғалымдардың еңбектері аса құнды болып табылады. Соның ішінде Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қ.Қалиевтің, Ж.Ы.Намазбаеваның, Т.Қ.Бөлеевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады
Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды және де қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамауды ғылымда девиация (латынның «deviatio» тыңдамау, ауытқу деген мағынаны береді) деп атайды.
Осыған байланысты әдебиеттерде кездесетін «қиын бала», «девиантты мінез-құлық», «ауытқыған мінез-құлық» ұғымдары синонимдес болып табылады.
Девиантты мінез-құлық дегеніміз – әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық. Кей жағдайларда «асоциалдық» немесе «антидисциплиналық» деп те аталып жатады.
Девиантты мінез-құлық немесе мінез-құлық ауытқушылығының көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан және еңбектен теріс бұрылу, үйден кету, алкоголизм, шылымқұмарлық, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид және т.б. жатады.
Мінез-құлық ауытқушылығы мына факторларға байланысты туындайды деген тұжырым жасалды. Олар: