Ми минутына 1000 сөзді қорытып, есте сақтауға қабілетті. Алайда біз 1
минутта 100-120 сөз оқып мидың осынша қабілетін шектейміз. Мидың күші
минутына 1000 сөз оқуға жете тұра 120 сөз оқып жалықтырамыз. Кітап
оқығанда ойдың бөлініп кететіні, есте сақтай алмайтынымыз содан. Ми кітап
оқудан жалықса, сізге келесіде кітап оқымас үшін түрлі сылтаулар тауып
береді.
Бұл кедергілер болмас үшін мидың қабылдау жылдамдығы мен адамның оқу
жылдамдығы тең болу қажет. Жылдам оқығанда ми өзін еркін сезінеді.
Ақпаратты өзінің жылдамдығында қабылдап, өңдей алады. Жылдам оқу
мидың еркін әрі жалықпай жұмыс жасауына септігін тигізеді.
Миды дамыту арқылы кітаптағы ақпаратты ұзақ жадыға сақтауды үйренеміз.
Келесі бөлімдерде миды жаттықтыруды, кітап оқуға ынталандыруды
үйренесіз.
Шульте кестесі
Шульте кестесі жылдам оқудың ең басты тәсілі. Біз мектепте сөздерді оқу
үшін әріптерді үйренеміз, тура сол секілді жылдам оқуды қалыптастыру үшін
шульте кестесін үйрену маңызды.
Жылдам оқуға арналған кітап, курс, семинар немесе жылдам оқуды үйрететін
ұстаздардың барлығы шульте кестесіммен жұмыс жасауға кеңес береді.
Шульте кестесі әр торында сандар ретсіз орналасқан кестеден тұрады.
Шулье кестесінің түрлері: 9, 16, 25, 36, 90, әріптік т.б түрлері бар. Шульте
кестесінің ең таралған түрі – бұл 1-ден 25-ке дейінгі кездейсоқ сандар
орналасқан 5 баған мен 5 жолдан тұратын шаршы кесте. Мұндай кесте
төменгі суретте көрсетілген:
Достарыңызбен бөлісу: