Тігінен оқу
Вертикальді оқу әдісін меңгергеннен кейін сізде
тігінен оқу деңгейі пайда
болады. Тігінен оқу – мәтіннің әр жолына 1 рет тоқтау. Кітаптың бір бетінде
42 жол болса, 42 рет кідіріс жасау.
Сіз алғашында әр сөзге жеке-жеке
кідіріс жасайтынсыз, тігінен оқу арқылы
түгел жолға 1 мәрте кідіресіз.
Кітап бетін бірден тігінен оқуға тырысудың қажеті жоқ.
Жаттығуды тар мәтінмен, мысалы, өлең жолдарымен бастаған жөн.
Орындалу шарты: өлеңдер кітабын алыңыз (Қадыр Мырза Әлидің өлеңдерін
алуға кеңес беремін.)
Оқуды бастаңыз, көзді тек
жолдың ортасына бағыттап,
бүкіл жолды көзіңіздің көру аймағы арқылы қамтуға тырысыңыз. Мәтіннің
ортасын қаламмен жүргізуге болады. Егер жаттығу қиын болып көрінсе,
қысқа буынды өлеңдерді алыңыз.
Жаттығудың орындалу үлгісі төменде:
Жүрек пен жүйке егессін,
Жыр көңіл сонда толғайды.
Жынды деп жынды емессің,
Демеуге және болмайды.
Тебісіп ырғақ миың да,
Төгесің сырды отырып.
Адам
деп айту қиын да,
Алла деп айту өтірік!
Серпінді ой ішті кернейді,
Соғысқа кеткен көп сеңдей.
Құдайды көзің көрмейді,
Көреген бірақ жоқ сендей.
Қас
қағым уақыт ішінде
Ұғасың бәрін дана боп.
Қас қағым уақыт ішінде
Шығасың және бала боп.
Жатасың сосын бой жазып,
Ақынға бір сәт саналмай.
Тамаша
жырды мен жазып
Тастадым деуге сене алмай!
Тігінен оқу тәсілін өлең жолдарынан бастаған жөн. Өлеңдермен тұрақты
жаттығып нәтиже шығарып, кейін кітап бетімен жұмыс жасауды үйреніңіз.
Достарыңызбен бөлісу: