Жаттығудың дұрыс орындалуы
Жаттығуды жасағанда мына ережелер есте болсын:
• Шульте кестесін А4 қағазға шығарып алып пайдаланыңыз;
• Шульте кестесін тек телефон арқылы жұмыс жасау нәтиже бермейді;
• Шульте кестесі мен көздің арақашықтығы 30-35 сантиметр болу керек;
• Бір дайындалғанда 10-20 минут ішінде бірнеше кестемен жұмыс жасау
қажет болады;
• Шульте кестесімен жаттыққан соң міндетті түрде кітап оқу керек;
• Ең жақсы көрсеткіш: 1 санға 1 секунд уақыт арнағаныңыз. Сәйкесінше
25 саны бар шультені 25 секундта тапсаңыз, бұл жақсы көрсеткіш;
Сізді күтетін нәтиже:
Кестемен тұрақты жұмыс жасасаңыз көзіңіздің көру аймағы кеңейеді. Көздің
көру аймағы кеңейуі үшін кем дегенде 3-4 апта кестемен тұрақты
жаттығуыңыз қажет. Сонда кітаптан 5-6 сөзді бір уақытта көресіз.
Егер 25 саны бар шультені еркін тауып жатсаңыз, 36 саны бар, 90 саны бар
шультелермен жаттығыңыз. Сәйкесінше көзіңіздің көру аймағы одан сайын
кеңейеді. 7-10 сөзді көретін боласыз.
Достарыңызбен бөлісу: