Ойдамын. Жылдам оқу дегеніміз не?


Миды не үшін жаттықтыру қажет?



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата21.11.2022
өлшемі449,47 Kb.
#51482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Жылдам оқу кітабы

Миды не үшін жаттықтыру қажет? 
Кітаптағы ақпаратты көз арқылы қабылдап, өңдейтін, есте сақтайтын ми. 
Біздің осы күнге дейін оқыған кітаптарымыз ми бөліктерінде сақтаулы 
болады. Өмірде шешім қабылдағанда, сөйлеу барысында, ойланғанда осыған 
дейін оқыған ақпараттарымыз өз үлесін тигізеді. 
Ғалымдар адам миы дүниеге келгеннен 1 жасқа дейін қарқынды дамитынын 
айтқан. 1-7 жас аралығында ми әлсін-әлсін дамиды.Сол уақытта мидың 
барлық функциясы іске қосылады. Сол себепті баланы мектепке 7 жастан 
бастап қабылдайды.
7 жастан әрі қарай адам миын өзі дамытып, жаттықтырып отыруы қажет 
болады. Миды жаттықтырудың ең басты құралы кітап оқу.
Ми тұрақты жаттықтырып тұруды қажет ететін ағза. 
Кітаптағы ақпаратпен жұмыс жасауға мидың 2 бөлігі қатысады. Мидың 
шүйде бөлігі ақпаратты қабылдап, өңдейді. Самай бөлігі сол ақпаратты есте 
сақтайды. 


Ми минутына 1000 сөзді қорытып, есте сақтауға қабілетті. Алайда біз 1 
минутта 100-120 сөз оқып мидың осынша қабілетін шектейміз. Мидың күші 
минутына 1000 сөз оқуға жете тұра 120 сөз оқып жалықтырамыз. Кітап 
оқығанда ойдың бөлініп кететіні, есте сақтай алмайтынымыз содан. Ми кітап 
оқудан жалықса, сізге келесіде кітап оқымас үшін түрлі сылтаулар тауып 
береді. 
Бұл кедергілер болмас үшін мидың қабылдау жылдамдығы мен адамның оқу 
жылдамдығы тең болу қажет. Жылдам оқығанда ми өзін еркін сезінеді. 
Ақпаратты өзінің жылдамдығында қабылдап, өңдей алады. Жылдам оқу 
мидың еркін әрі жалықпай жұмыс жасауына септігін тигізеді.
Миды дамыту арқылы кітаптағы ақпаратты ұзақ жадыға сақтауды үйренеміз. 
Келесі бөлімдерде миды жаттықтыруды, кітап оқуға ынталандыруды 
үйренесіз.
Шульте кестесі
 
Шульте кестесі жылдам оқудың ең басты тәсілі. Біз мектепте сөздерді оқу 
үшін әріптерді үйренеміз, тура сол секілді жылдам оқуды қалыптастыру үшін 
шульте кестесін үйрену маңызды.
Жылдам оқуға арналған кітап, курс, семинар немесе жылдам оқуды үйрететін 
ұстаздардың барлығы шульте кестесіммен жұмыс жасауға кеңес береді.
Шульте кестесі әр торында сандар ретсіз орналасқан кестеден тұрады. 
Шулье кестесінің түрлері: 9, 16, 25, 36, 90, әріптік т.б түрлері бар. Шульте 
кестесінің ең таралған түрі – бұл 1-ден 25-ке дейінгі кездейсоқ сандар 
орналасқан 5 баған мен 5 жолдан тұратын шаршы кесте. Мұндай кесте 
төменгі суретте көрсетілген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет