жетледі. Яғни карандашқа ерген көз арқылы іштей оқу жүйесі
мызғымас қалыпқа түседі. Алғашқы уақытта бұл тәсіл оғаш
көрінуі
мүмкін, бірақ бейімделген сайын оқу жылдамдығы біршама артады.
2. Жаңылтпашты күнделікті оқу: жаңылтпашты күнделкіті оқу - оқу
жылдамдығын арттыруға көмектеседі. Себебі, жаңылтпаштағы сөздер бір-
біріне ұқсас болғандықтан ол сөздерді ажыратуға көз үлкен күш салады.
Жаңылпашпен жұмыс жасап үйренген көз қарапайым
кітап бетіндегі мәтінді
тезірек оқиды. Жаңылтпашты оқығанда оймен оқисыз. Сізден ешбір дауыс
шықпауы тиіс.
Жаңылтпаштың тағы бір қасиеті сөздік қорыңызды көбейтуге таптырмас
құрал.
3. Сүзгі тәсілі: Оқығалы жатқан кітабыңызға 5-6 сұрақ қойып алыңыз. Сол
сұрақтың жауабын іздеу үшін кітапты оқыңыз. Адам кітапты қарапайым
оқуға қарағанда сұрақты іздеу арқылы шапшаң оқиды. Мысалы: "Дайағашы"
кітабынан "дайағашы" сөзінің мағынасын іздедім. Кітапты алып
парақтағанда, бір қарағаннан-ақ сол бетте "Дайағашы"
сөзі бар-жоғын
түсінуге болады. Бетті парақтап көзіңізбен шапшаң іздей бастайсыз. Бұл
тәсіл сізге жылдамдық пен түсінікті қатар қалыптастырады.
4. Теріс қаратып оқу: Кітапты жоғарыдан төменге айналдырып, теріс
қаратып
оқыңыз. Алғашында бұлай оқу қиынға соғады, бірақ кейіннен миыңыз бұл
қалыпқа да үйренеді. Мәтінді қаншалықты
қиындатсаңыз соншалықты
тезірек оқитын боласыз. Кітапты теріс қаратып оқуға көз тез үйреніп алады.
Содан кейн оң қаратып оқысаңыз сөздер еркін әр тез оқыла бастайды. Бұл
тәсіл тез беймделуге, шапшаң болуға көмектеседі.
5. Көп оқу: Мәтінді мейлінше көп оқысақ жаңа сөздермен таныс боламыз.
Адамның көзі таныс емес сөздерге көп уақыт кідіріс жасайды. Ал таныс
сөздерді бір қарап, түсініп өте шығады. Көп сөзбен таныс болсақ оқу
жылдамдығымыз да 4-5 есеге артады. Көп сөзбен таныс болу үшін кітапты
көбірек оқу қажет.
6. Бұрын оқыған кітабыңды оқу: Бұрын оқып кеткен кітапты қайта оқысаңыз
еріксіз түрде жылдам оқисыз. Себебі, ондағы сөздер сіздің түпсанаңызда
сақтаулы болады. Әр сөз таныс болады. Бұрын оқыған кітапты
жиі оқып
миды жылдам оқуға машықтандыру қажет. Бұл бір жағынан жылдамдыққа
тәрбиелесе, бір жағынан есте сақтауды күшейтеді.
7. Көзбен оқу: тек
көзбен оқуды бастаңыз , әдетке айналдырыңыз . Негізі
кітапты адамның көзі емес, шүйдеде орналасқан ми бөлігі оқиды. Көз тек
ортадағы өткізгіш қызметін атқарады. Ал көз секундына 1 миллиард
ақпаратты қабылдай алатын қаблетке ие. Былайша
айтқанда, адамның көзі
минутына 1000 сөзді оңай оқи алады. Күн сайынғы жаттығулардан кейін
көзбен оқудың жылдамдық пен түсінікке пайдалы екенін байқайсыз .
Дауыстап оқығанға қарағанда көзбен оқығанда 10 есе жылдам оқи бастайсыз.
8. Маңызды сөздерді іздеу. Кез келген мәтінді «және», «да», «де», «мұнымен
қатар», «сонымен» секілді шылаулар мен қыстырма сөздерді оқымай кету
арқылы мәтін көлемін қысқарта аласыз. Оқу барысында тек «маңызды»
сөздерді ғана көруге тырысыңыз. Олар зат есім, етістік, сын есім болуы
мүмкін.
9. Алғашқы мақсатыңыз. Әр жаңа жолдың алғашқы сөйлеміне
ерекше мән
беріңіз. Шындығында жақсы жазушы барлық ойын жаңа жолдың алғашқы
сөйлемінде жазып, қалғанын сол сөйлемдегі мағынаны дамытуға арнайды.
Басқаша айтқанда, азат жолды толық түсіну үшін, алғашқы сөйлеміне мән
берсеңіз болды.
11. Бағыттаушыларға қараңыз. «Бұдан өзге», «мұнымен қатар» сынды
қыстырма сөздер екі мақсатта қолданылады. Біріншіден, осыған дейінгі
ойды нақтылай түсу үшін, екіншіден, қосымша мәлімет беру үшін. Ал
«осыған сәйкес», «сондықтан» сөздері нәтижені білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: