«Ойдария» дебат клубының жұмысы бойынша жартыжылдық есебі 2021-2022 оқу жылы



Дата16.02.2023
өлшемі12,88 Kb.
#68331
Байланысты:
Ойдария


«Ойдария» дебат клубының жұмысы бойынша
жартыжылдық есебі
2021-2022 оқу жылы
2021-2022оқу жылының қыркүйек айында «Ойдария» дебат клубы мүшелерінің тізімі жаңартылды. Клуб лидеры – 8а сынып оқушысы Еменахун Ақерке тағайындалды. Жаңа оқу жылына жоспар құрылды. Жұмыс жоспар бойынша жүйелі түрде атқарылуда. Қыркүйек айында дебат клубының Лидеры мен спикерлерінің ойынысы бойынша 5-7 сыныптар арасында «Жас дебатшы» дебат ұйымы құрылып, жетекшісі ретінде 10а сынып оқушысы Майтельбаева Сабина тағайындалды. Бұл ұйым – орта буын сыныптарын шешендік өнерге баулып, болашақ дебатшыларды тәрбиелеу мақсатында құрылды. Қазан айында «Қазіргі таңда диплом қажет пе?» атты тақырыпта клуб мүшелері арасында кезекті отырыс болды. Қараша айында Дебат клуб мүшелері мен мектеп кітапханашысы «Оқуға құштар» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданының тумасы қазақ ақыны «Шаяхмет Құсайынұлымен кездесу» өткізуді ұйымдастырды. Кездесу барысында өздеріне қызықты сұрақтарын қойып, қызықтырып жүрген мәселелеріне жауап алды. Сонымен қатар қараша айында «Ойдария» дебат клубы мүшелері «Жас дебатшы» клубына «Дебат маған не үшін қажет?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, дебаттың ережелері мен оқушы өміріндегі тиімді жақтарын түсіндіріп өтті. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай желтоқсан айында «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні ме, қаралы күн бе?» атты тақырыпта «Қойшыбек орта мектебі» КММ-нің дебат клубы мүшелерімен достық дебаттық кездесу өтті. Сонымен қатар, желтоқсан айының екінші жартысында «Ерікті болу - ерлік» атты тақырыпта ой талқы өткізіп, дөңгелек үстел басында жиналып, мектепішілік Еріктілер тобын құру жайлы шешім қабылдады. Жартыжылдық қоытынды кезекті отырысы 25.12..2021ж. өткізілді. Жартыжылдықта жеткен жетістіктерімен бөлісіп, алдағы жартыжылдыққа жоспарлаған жұмыстарына кішігірім өзгерістер енгізді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет