Ойыл (30 – 70 мг/л), аммоний (5 – 30 мг/л), т б. микроэле- менттер бар. Оба жотасы



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата17.01.2017
өлшемі2 Mb.
#2106
1   2   3   4

ПеТрОПАвЛ  БӨГенІ,  Есіл  өз-нде  орналас-

қан.  Петропавл  бөгетінен  Қарғалы  аралына  дейін 

30  км-ге  созылып  жатыр,  енді  жері  170  м-ге  же-

теді. Су айдынының аум. 5 км

2

. Ең терең жері 6 м. 



Бөгеннің  аум.  19,2  км

2

.  Пішіні  Есілдің  аңғарымен 



сәйкес  келеді  және  онымен  бірнеше  ескі  арналар 

байланысқан. Бөген Петропавл қ-н және оның кә-

сіпорындарын сумен қамтамасыз етеді. Су жібере-

тін құбырдың диам. 600 мм. Жағалауында жағажай 

орналасқан. 

ПриМуЛА  (Prіmula),  н а у р ы з ш е ш е к   –  при-

мула  тұқымдасына  жататын  көп  жылдық  шөп-

тесін  өсімдіктер.  Қазақстанда  Балқаш  –  Алакөл 

ойысында,  Жетісу  (Жоңғар),  Күнгей,  Іле,  Қырғыз 

Алатауларында,  Алтай  тауларында,  Батыс  Тянь-

Шаньда, Сарыарқа тауларында кездеседі. Биік тау 

басындағы  мұздықтардың  маңайында,  жартастар-

да, шалғынды тау беткейлерінде, ормандарда бұта 

арасында,  өзен,  көл  жағалауларында  өсетін  12 

түрі  бар.  Бұлардың  биікт.  15  –  30  см-дей,  сабағы 

тік,  жапырақтары  сабақ  түбінде  шоқтанып  өседі. 

Тостағанша жапырақшалары түтікшелі қоңырау тә-

різді, күлтелері ұзын, желбір қалақшалары бүтін не 

екіге бөлінген. Аталығы – бесеу, өте қысқа жіпше-

лермен күлтенің түтікшесіне бекіген. Қызыл, күл-

гін, сары, т.б. түсті гүлдері шатырша гүлшоғырына 

топталған.  Ерте  көктемде  гүлдейді,  аралар  және 

көбелектер арқылы тозаңданады. Жемісі – қорапша. 

П. гүлдері әдемі болғандықтан әсемдік үшін өсірі-

леді. Тостағанша П-ның (P. macrocalya) жапырағы С 

витаминіне бай және қақырық түсіретін қасиеті бар, 

сондықтан  емдік  мақсатта  қолданылады.  П-ның  1 

түрі – Минквиц П-сы (P. mіnkwіtzіae) қорғауға алы-

нып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.



ПрОрвА  МҰнАй  кенІ,  Маңғыстау  обл-ның 

Бейнеу  ауд-нда,  Ақтау  қ-нан  солт.-шығысқа  қарай 

200  км  жерде  орналасқан.  Оңт.  Ембі  мұнай  ала-

бы  аумағындағы  кен  орны  1955  ж.  ашылды.  1965 

жылдан  үзіліссіз  мұнай  өндіріліп  келеді.  П.  м.  к. 

палеозойлық Оңт. Ембі көтерілімінің солт. беткейі-

нен орын алған. Бұл қатпар бойлама лықсу арқылы 

солт. (төмендеген) және оңт. (көтерілген) қанаттарға 

бөлінеді.  Кен  алаңын  жалпы  қалыңд.  3442  м-дей 

пермь-триас, юра, бор, палеогендік, антропогендік 

тау жыныстары құраған. Өндіруге тұрарлық мұнай 

мен газ жоғ. және ортаңғы юралық тау жыныстар-

дың төрт (І – ІV) құнарлы горизонтында шоғырлан-

ған. Қабат, күмбез, тектоник. қалқа түрінде келген 

мұнай  иірімдерінен  кенді  су  арынының  күшімен 

шығарылады. Мұнай коллекторы тығыз құмнан тұ-

рады. Мұнайда күкірт (0,13 – 1,87), парафин (0,95 –  

2,14), күкірт қышқылды шайыр (8 – 20%) бар. Кен 

суының минералдылығы жоғары, құрамы хлорлы-

кальцийлі.  П.  м.  к.  ірі  кен  орны,  мұнайы  Атырау 

мұнай айыру з-тына, газы Орта Азия – Орт. газ құ-

бырына жіберіледі.



ПІСТе  (Pіstacіa)  –  анакардиа  тұқымдасына  жата-

тын  жаңғақ  жемісті  дақыл.  Қазақстанның  оңт-нде 

таудың  тасты  беткейлерінде  өсетін  1  түрі  –  к ә -

д і м г і   П.  (P.  vera)  кездеседі.  Биікт.  40  –  80  см. 

Жапырағы бүтін жиекті, гүлшоғыры сыпыртқы тә-

різді. Тұқымынан көбейеді: сәуір – мамыр айларын-

да гүлдеп, шілде – қыркүйекте жеміс береді. Жемі- 

сі – біртұқымды, сүйекті, ұз. 1 – 2 см, ені 0,5 – 1 см. 

Кәдімгі П. өте сирек кездесетін өсімдік болғандық-

тан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кіта-

бына» енгізілген. Дәнінде май (68%), белок (22%-ға 

дейін), көмірсутек (7%), В витамині, А провитамині 

бар.  Тағамға  табиғи  және  қуырылған,  кептірілген 

күйінде,  кондитер  өндірісінде  май  алу  үшін  қол-

данылады.  Сүрегі  ағаш  өндірісінде  жоғары  баға-

ланады. Сөлін ағызып, сапасы жоғары қара шайыр 

алады. Жапырағында пайда болатын беріштің құра-

мында  бояғыш  заттар,  т.б.  бар.  Жабайы  ағаштары 

300 – 500 жылға дейін тіршілік етеді. 

Іле өзенінің аңғары

Пісте жемісі


515

рАйЫМБек  АудАнЫ  –  Алматы  обл-ның  оңт.-

шығыс  бөлігінде  орналасқан  әкімш.  бөлініс.  Р.  а. 

алғашында (1921 – 28) Қарқара, 1930 ж. Кеген ауд. 

болды. 1935 ж. ауданнан Ұйғыр, Нарынқол ауданда-

ры бөлініп шықты. 1962 – 66 ж. Кеген ауд. атанды, 

1966 ж. Кеген ауд-нан Нарынқол ауд. қайта бөлініп 

шықты.  1997  ж.  Нарынқол  мен  Кеген  аудандары 

біріктірілгеннен кейін қазіргі атымен аталады. Жер 

аум. 14,2 мың км

2

. Тұрғыны 76,6 мың адам, 1 км



2

-

ге шаққандағы орташа тығызд. 5,8 адамнан келеді 



(2010). Аудандағы 55 елді мекен 1 кенттік және 23 

ауылдық  округке  біріктірілген.  Аудан  орт.  –  Ке- 

ген  а.  Ірі  елді  мекендері:  Кеген,  Нарынқол,  Жала- 

ңаш, Текес, Сарыжаз, Сарыбастау, Сүмбе, Қайнар. 

Аудан  жері  облыстың  таулы  жерін  қамтыған. 

Шығыс, солт.-шығысында Қытаймен шектесер тұ-

сында  Темірліктау,  Сарытау  жоталары,  солт-нде 

Кетпен (Ұзынқара) жотасы, оңт., оңт.-шығысында, 

Солт.  Тянь-Шаньның  Теріскей  Алатауы  жотасы- 

ның  сілемдері  орналасқан.  Қазақстанның  ең  биік 

шыңы  –  Хантәңірі  (6995  м)  осы  ауданда.  Жер  бе-

дері  әр  қилы.  Негізгі  аумағы  теңіз  деңгейінен 

1700  –  3700  м  биіктікте  жатыр.  Орта  тұсы  мен 

батысының  біраз  бөлігі  жазық.  Қиыр  батысы  Іле 

Алатауының  Торайғыр,  Сөгеті,  Бұғыты,  т.б.  тау-

ларымен  шектеседі.  Жер  қойнауынан  қорғасын, 

уран,  мырыш,  тас  көмір,  құрылыс  материалдары 

табылған.  Ауданның  климаты  тым  континенттік, 

қысы  суық,  жазы  жылы.  Қаңтар  айының  орташа 

темп-расы –10 – 15ºС, шілдеде 15 – 22ºС. Жауын-

шашынның  жылдық  орташа  мөлш.  350  –  650  мм. 

Аудан  жерімен  Шілік,  Кеген,  Қарқара,  Текес,  Ба- 

йынқол,  Шалкөдесу,  Қақпақ,  Үлкенқақпақ,  т.б. 

өзендер  ағып  өтеді.  Топырақ  жамылғысы  негізі-

нен  қызыл  қоңыр,  қара  және  шалғынды-аллювий-

лі топырақты. Онда жусан, бетеге, альпі, субальпі 

шалғыны, қайың, тал, долана, шетен, шырша, арша, 

қарағай өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, аю, ба-

рыс,  арқар,  тауешкі,  марал,  елік,  жабайы  шошқа, 

суыр, сарышұнақ, қоян, борсық кездеседі. А. ш-на 

жарамды  жер  аум.  1,4  млн.  га,  оның  ішінде  68,4 

мың га егістік, 875,7 мың га жайылым, 41,1 мың га 

шабындық. Аудан аумағынан халықар. маңызы бар 

Алматы – Кеген – Нарынқол, Нарынқол – Кеген – 

Шонжы – Жаркент – Қорғас және Кеген – Көктал – 

Сарыөзек – Талдықорған автомоб. жолдары өтеді. 



рАПС – майлы әрі азықтық дақылдарға жататын бір 

жылдық  шөптесін  өсімдік.  Р.  күздік  және  жаздық 

болып  бөлінеді.  Суыққа  төзімді,  құрғақшылыққа 

төзімсіз  өсімдік.  Тұқымы  1  –  3ºС-та  өне  бастай-

ды,  жас  өркені  –3  –  5ºС-та  үсімейді.  Ылғалды  ең 

көп қажет ететін кезеңі гүлдену, дәнінің толысып, 

пісу  сәті.  Күздік  Р-қа  қарағанда  жаздық  Р.  климат 

жағдайларына төзімдірек. Айқас тозаңданады. Бар- 

лық майлы дақылдардың ішінде күздік Р. айрықша  

топырақ талғайды, ол қоректік заттары мол, қыш- 

қылдау  ортасы  бар  топырақтарда  жақсы  өнім  бе-

реді. Ал жаздық Р. ауыр саздақ және жеңіл құмдақ 

топырақтардан басқа жерлердің бәрінде өсіп, өнім 

бере алады. Р-тың дәнінде 43%-дан (жаздық) 50%-

ға (күздік) дейін май болады. Майын тағам ретінде 

және тех. мақсаттарға, сабын қайнату, тоқыма, ме-

таллургия, бояу, полиграфия, тері, т.б. өндірістерде 

пайдаланады. Р-тың 100 кг көк балаусасында 15,7 

кг мал азықтық өлшем бар және ол витаминдерге 

(А,  С)  бай,  жақсы  қорытылады.  Ауыспалы  егіс-

терде  аралық  дақыл  ретінде  себілген  Р.  малға  күз 

және көктем айларында жақсы жайылым. Жаздық 

Р. Солт. Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола об-

лыстарында,  ал  күздік  Р.  Атырау,  Жамбыл,  Оңт. 

Қазақстан облыстарында өсіріледі. Қарағанды және 

Қостанай облыстарында жаздық Р-ты дән алу үшін 

де, мал азықтық дақыл ретінде де егеді. 

рАуҒАШ  (Rheum)  –  таран  тұқымдасына  жата-

тын  көп  жылдық  шөптесін  өсімдік.  Қазақстанның 

Таулы аймақтың табиғаты

рауғаш

Рауғаш


516

биік  таулы  аудандарында  және  Ақтөбе,  Қостанай, 

Қызылорда, Павлодар облыстарының далалы, шал-

ғынды жерлерінде өсетін 10 түрі бар. Биікт. 1,5 м-

дей, көген тамыры жуан, сабақ түбіне орналасқан 

жапырақтары өте ірі болады. Гүлі ақсары, қызғылт, 

қызыл  түсті,  ұсақ,  қос  жынысты,  олар  масақ  гүл-

шоғырына  топталған.  Сәуірден  маусымға  дейін 

гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі – үш қырлы, 

қоңыр  түсті  жаңғақша.  Суыққа  төзімді  өсімдік. 

Ауа  райы  қоңыр  салқын,  жазы  жауын-шашынды 

аймақта,  құнарлы  топырақта  өседі,  8  –  10ºС-та 

көктейді. Р. тұқымынан, көшетінен және тамыр са-

бағынан бөлу арқылы өсіріледі. Жапырақ сағағын 

жеуге болады. Құрамында 2,5%-дай қант, 3,5%-дай 

органик.  қышқылдар  мен  минералды  тұздар  бар. 

Тамыры медицинада дәрі алуда, өндірісте былғары 

илеуде  және  бояу  алуда  пайдаланылады.  Р-тың  2 

түрі: алтай рауғашы мен Виттрок Р-ы – өте сирек 

кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, 

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. 

рАхМАн ҚАйнАрЫ, Р а х м а н   к ө л і ,   А р а - 

с а н   –  Шығыс  Қазақстан  обл-ның  Қатонқарағай 

ауд-ндағы  шипалы  жылы  су  көзі.  Оңт.  Алтайдың 

кішкене  тектоник.  ойысында,  айналасын  биік  тау, 

орман  қоршаған  өте  көрікті  жерде  Арасан  көлі 

жағасында  теңіз  деңгейінен  1750  м  биіктікте  ор-

наласқан. Су граниттегі терең тектоник. жарықтан 

шығады, темп-расы 35 – 42ºС. Қайнардың шипалық 

қасиеті ертеден белгілі. 1925 – 36 ж. бұл жерде ку-

рорт болған. 1960 жылдан қайта жұмыс істей баста-

ды. Р. қ-ның шипалық қасиеті оның құрамындағы 

көмір  қышқылының,  радонның  молдығында.  Суы 

тұщы,  минералд.  200  мг/л,  құрамында  гидрокар-

бонаттар,  натрий,  кальций,  т.б.  элементтер  бар.  Р. 

қ-ның суы асқазан, ревматизм, гинекол., жүйке, ты-

ныс ауруларын және әр түрлі улану мен жараларды 

емдеуде қолданылады. 

реЛикТ ШАҒАЛА (Larus relіctus), қ а р а   м о й - 

н а қ   ш а ғ а л а  – татреңділер отрядына, шағалалар 

тұқымдасына жататын құс. Дене мөлшері қарғадай, 

ақ  түсті,  тұмсығы  қошқыл,  көзінің  айналасы  ақ 

шеңбермен қоршалған. Р. ш. – жыл құсы. Қазақстан- 

ға сәуірдің басында ұшып келеді. Шоғырласып ұя 

салады. Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. 

Аналығы ұяға 1 – 4 жұмыртқа салып, оны 24 – 26 

күнде басып шығарады. Балапандар 40 – 45 күнде 

қанаттанып, ұядан ұшады. Жәндіктермен қоректе-

неді,  әсіресе  масаларды  жақсы  жейді.  Тамыздың 

басында  қыстау  үшін  Оңт.-Шығыс  Азияға  ұшып 

кетеді. Р. ш-ның тіршілігі аз зерттелген, себебі, осы 

күнге  дейін  олардың  тұрақты  ұялаған  екі  жері  – 

Барун-Торей көлі (Забайкалье) мен Алакөл (Шығыс 

Қазақстан) ғана белгілі. 1976 – 94 ж. Р. ш-ның жалғыз 

қоразы  Алматы  хайуанаттар  паркінде  ұсталды. 

1991 ж. көл шағаласымен будандастырылып алын-

ған  будан  хайуанаттар  паркінде  тіршілік  етуде.  

Р.  ш.  өте  сирек  кездесетін,  жойылып  бара  жатқан 

құс  болғандықтан  қорғауға  алынып,  Халықар. 

табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қы- 

зыл кітабына» енгізілген. 1971 ж. Р. ш-ның ұялайтын 

орны – Алакөлде «Реликт шағала» орнитол. қорық-

шасы ұйымдастырылды.

риддер-СОкОЛЬнЫй  ПОЛиМеТАЛЛ  кен 

ОрнЫ,  Шығыс  Қазақстан  обл-нда,  Өскемен  қ-

нан  солт-ке  қарай  100  км  жерде.  1784  ж.  ашыл-

ған. Кен орны қалыңд. 700 м-ден асатын күрделі 

дислокацияланған  және  күшті  метаморфтанған 

тақтатастардан тұратын Лениногор грабенінің кө-

терілген  бөлігінде  орналасқан.  Өнеркәсіптік  кен-

денуі жағынан: Лениногор (D

2

e11n) мен крюковс-



кий (D

2

e1kr) шоғырларының шекарасында жатқан 



төм. мыс-мырышты және крюковский шоғырының 

ортаңғы және жоғ. бөлігіндегі қорғасын-мырышты 

горизонтқа бөлінеді. Олар 20 км

2

 ауданды алып, 19 



кенді  шоғырларда  жинақталған.  Кенді  шоғырлар 

мыс-колчеданды,  мыс-мырышты,  полиметалды, 

баритполиметалды  болып  бөлінеді.  Минералдар 

саны 100-ге дейін жетеді. Кенді минералдану ерте 

девонның метаморфты тақтатастарымен қоса бар-

лық шоғырларда анықталған. Жоғ. горизонттарда 

сыйыстырушы  горизонттармен  үйлесімді  жатқан 

жазық  қабат  тәрізді  дене,  ол  тереңдеген  сайын 

қысылып,  штокверк  типті  кенге  ауысады.  Заттық 

құрамы жағынан кен полиметалдық, ондағы қор-

ғасын,  мырыш,  мыстың  арақатынасы  1:2,1:0,2, 

ал  мыс-мырыштыда  1:4,3:8,1  болады.  Негізгі 

өнеркәсіптік  құраушыларға  қорғасын,  мырыш, 

мыс  және  серіктестеріне  алтын,  күміс,  кадмий, 

т.б. жатады. Өндірілетін кендер «Қазмырыш» АҚ 

кәсіпорнының  маңызды  шикізат  базасы  болып 

есептеледі.

риЯн  (Rubіa)  –  риян  тұқымдасына  жататын  көп 

жылдық шөптесін өсімдіктер мен бұталар, жарты-

лай бұталар. Қазақстанда Каспий мен Арал т-дері 

маңында,  Балқаш–Алакөл  ойысында,  Қызылқұм 

мен Мойынқұмда, Іле және Күнгей Алатауларында 

өсетін  8  түрі  бар.  Жиі  кездесетіні  –  бояу  Р-ы  (R. 

tіnctorum). Оның биікт. 2 м-дей, сүректенген жуан 

тамыры  болады.  Жапырақтары  қандауыр  неме-

се  ұзынша  эллипс  тәрізді.  Сарғыш  жасыл  түсті 

ұсақ  гүлдері  сыпыртқы  гүлшоғырына  топталған. 

Маусым  –  қыркүйек  айларында  гүлдеп,  тамыз  –  

қыркүйекте  жеміс  салады.  Жемісі  алғашқы  кезде 

қызыл  қоңыр,  әбден  піскенде  қара  түсті  болады. 

Бояу  Р-ынан  қызыл  бояу  алынады.  Р-ның  2  түрі: 

бор  рияны,  Резниченко  Р-ы  –  өте  сирек  кездесе-

тін,  жылдан-жылға  таралу  аймағы  тарылып  бара 

жатқан өсімдіктер болғандықтан қорғауға алынып, 

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.



Рахман қайнары

рахман


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет