ПеТрОПАвЛ БӨГенІ, Есіл өз-нде орналас-
қан. Петропавл бөгетінен Қарғалы аралына дейін
30 км-ге созылып жатыр, енді жері 170 м-ге же-
теді. Су айдынының аум. 5 км
2
. Ең терең жері 6 м.
Бөгеннің аум. 19,2 км
2
. Пішіні Есілдің аңғарымен
сәйкес келеді және онымен бірнеше ескі арналар
байланысқан. Бөген Петропавл қ-н және оның кә-
сіпорындарын сумен қамтамасыз етеді. Су жібере-
тін құбырдың диам. 600 мм. Жағалауында жағажай
орналасқан.
ПриМуЛА (Prіmula), н а у р ы з ш е ш е к – при-
мула тұқымдасына жататын көп жылдық шөп-
тесін өсімдіктер. Қазақстанда Балқаш – Алакөл
ойысында, Жетісу (Жоңғар), Күнгей, Іле, Қырғыз
Алатауларында, Алтай тауларында, Батыс Тянь-
Шаньда, Сарыарқа тауларында кездеседі. Биік тау
басындағы мұздықтардың маңайында, жартастар-
да, шалғынды тау беткейлерінде, ормандарда бұта
арасында, өзен, көл жағалауларында өсетін 12
түрі бар. Бұлардың биікт. 15 – 30 см-дей, сабағы
тік, жапырақтары сабақ түбінде шоқтанып өседі.
Тостағанша жапырақшалары түтікшелі қоңырау тә-
різді, күлтелері ұзын, желбір қалақшалары бүтін не
екіге бөлінген. Аталығы – бесеу, өте қысқа жіпше-
лермен күлтенің түтікшесіне бекіген. Қызыл, күл-
гін, сары, т.б. түсті гүлдері шатырша гүлшоғырына
топталған. Ерте көктемде гүлдейді, аралар және
көбелектер арқылы тозаңданады. Жемісі – қорапша.
П. гүлдері әдемі болғандықтан әсемдік үшін өсірі-
леді. Тостағанша П-ның (P. macrocalya) жапырағы С
витаминіне бай және қақырық түсіретін қасиеті бар,
сондықтан емдік мақсатта қолданылады. П-ның 1
түрі – Минквиц П-сы (P. mіnkwіtzіae) қорғауға алы-
нып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
ПрОрвА МҰнАй кенІ, Маңғыстау обл-ның
Бейнеу ауд-нда, Ақтау қ-нан солт.-шығысқа қарай
200 км жерде орналасқан. Оңт. Ембі мұнай ала-
бы аумағындағы кен орны 1955 ж. ашылды. 1965
жылдан үзіліссіз мұнай өндіріліп келеді. П. м. к.
палеозойлық Оңт. Ембі көтерілімінің солт. беткейі-
нен орын алған. Бұл қатпар бойлама лықсу арқылы
солт. (төмендеген) және оңт. (көтерілген) қанаттарға
бөлінеді. Кен алаңын жалпы қалыңд. 3442 м-дей
пермь-триас, юра, бор, палеогендік, антропогендік
тау жыныстары құраған. Өндіруге тұрарлық мұнай
мен газ жоғ. және ортаңғы юралық тау жыныстар-
дың төрт (І – ІV) құнарлы горизонтында шоғырлан-
ған. Қабат, күмбез, тектоник. қалқа түрінде келген
мұнай иірімдерінен кенді су арынының күшімен
шығарылады. Мұнай коллекторы тығыз құмнан тұ-
рады. Мұнайда күкірт (0,13 – 1,87), парафин (0,95 –
2,14), күкірт қышқылды шайыр (8 – 20%) бар. Кен
суының минералдылығы жоғары, құрамы хлорлы-
кальцийлі. П. м. к. ірі кен орны, мұнайы Атырау
мұнай айыру з-тына, газы Орта Азия – Орт. газ құ-
бырына жіберіледі.
ПІСТе (Pіstacіa) – анакардиа тұқымдасына жата-
тын жаңғақ жемісті дақыл. Қазақстанның оңт-нде
таудың тасты беткейлерінде өсетін 1 түрі – к ә -
д і м г і П. (P. vera) кездеседі. Биікт. 40 – 80 см.
Жапырағы бүтін жиекті, гүлшоғыры сыпыртқы тә-
різді. Тұқымынан көбейеді: сәуір – мамыр айларын-
да гүлдеп, шілде – қыркүйекте жеміс береді. Жемі-
сі – біртұқымды, сүйекті, ұз. 1 – 2 см, ені 0,5 – 1 см.
Кәдімгі П. өте сирек кездесетін өсімдік болғандық-
тан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кіта-
бына» енгізілген. Дәнінде май (68%), белок (22%-ға
дейін), көмірсутек (7%), В витамині, А провитамині
бар. Тағамға табиғи және қуырылған, кептірілген
күйінде, кондитер өндірісінде май алу үшін қол-
данылады. Сүрегі ағаш өндірісінде жоғары баға-
ланады. Сөлін ағызып, сапасы жоғары қара шайыр
алады. Жапырағында пайда болатын беріштің құра-
мында бояғыш заттар, т.б. бар. Жабайы ағаштары
300 – 500 жылға дейін тіршілік етеді.
Іле өзенінің аңғары
Пісте жемісі
515
рАйЫМБек АудАнЫ – Алматы обл-ның оңт.-
шығыс бөлігінде орналасқан әкімш. бөлініс. Р. а.
алғашында (1921 – 28) Қарқара, 1930 ж. Кеген ауд.
болды. 1935 ж. ауданнан Ұйғыр, Нарынқол ауданда-
ры бөлініп шықты. 1962 – 66 ж. Кеген ауд. атанды,
1966 ж. Кеген ауд-нан Нарынқол ауд. қайта бөлініп
шықты. 1997 ж. Нарынқол мен Кеген аудандары
біріктірілгеннен кейін қазіргі атымен аталады. Жер
аум. 14,2 мың км
2
. Тұрғыны 76,6 мың адам, 1 км
2
-
ге шаққандағы орташа тығызд. 5,8 адамнан келеді
(2010). Аудандағы 55 елді мекен 1 кенттік және 23
ауылдық округке біріктірілген. Аудан орт. – Ке-
ген а. Ірі елді мекендері: Кеген, Нарынқол, Жала-
ңаш, Текес, Сарыжаз, Сарыбастау, Сүмбе, Қайнар.
Аудан жері облыстың таулы жерін қамтыған.
Шығыс, солт.-шығысында Қытаймен шектесер тұ-
сында Темірліктау, Сарытау жоталары, солт-нде
Кетпен (Ұзынқара) жотасы, оңт., оңт.-шығысында,
Солт. Тянь-Шаньның Теріскей Алатауы жотасы-
ның сілемдері орналасқан. Қазақстанның ең биік
шыңы – Хантәңірі (6995 м) осы ауданда. Жер бе-
дері әр қилы. Негізгі аумағы теңіз деңгейінен
1700 – 3700 м биіктікте жатыр. Орта тұсы мен
батысының біраз бөлігі жазық. Қиыр батысы Іле
Алатауының Торайғыр, Сөгеті, Бұғыты, т.б. тау-
ларымен шектеседі. Жер қойнауынан қорғасын,
уран, мырыш, тас көмір, құрылыс материалдары
табылған. Ауданның климаты тым континенттік,
қысы суық, жазы жылы. Қаңтар айының орташа
темп-расы –10 – 15ºС, шілдеде 15 – 22ºС. Жауын-
шашынның жылдық орташа мөлш. 350 – 650 мм.
Аудан жерімен Шілік, Кеген, Қарқара, Текес, Ба-
йынқол, Шалкөдесу, Қақпақ, Үлкенқақпақ, т.б.
өзендер ағып өтеді. Топырақ жамылғысы негізі-
нен қызыл қоңыр, қара және шалғынды-аллювий-
лі топырақты. Онда жусан, бетеге, альпі, субальпі
шалғыны, қайың, тал, долана, шетен, шырша, арша,
қарағай өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, аю, ба-
рыс, арқар, тауешкі, марал, елік, жабайы шошқа,
суыр, сарышұнақ, қоян, борсық кездеседі. А. ш-на
жарамды жер аум. 1,4 млн. га, оның ішінде 68,4
мың га егістік, 875,7 мың га жайылым, 41,1 мың га
шабындық. Аудан аумағынан халықар. маңызы бар
Алматы – Кеген – Нарынқол, Нарынқол – Кеген –
Шонжы – Жаркент – Қорғас және Кеген – Көктал –
Сарыөзек – Талдықорған автомоб. жолдары өтеді.
рАПС – майлы әрі азықтық дақылдарға жататын бір
жылдық шөптесін өсімдік. Р. күздік және жаздық
болып бөлінеді. Суыққа төзімді, құрғақшылыққа
төзімсіз өсімдік. Тұқымы 1 – 3ºС-та өне бастай-
ды, жас өркені –3 – 5ºС-та үсімейді. Ылғалды ең
көп қажет ететін кезеңі гүлдену, дәнінің толысып,
пісу сәті. Күздік Р-қа қарағанда жаздық Р. климат
жағдайларына төзімдірек. Айқас тозаңданады. Бар-
лық майлы дақылдардың ішінде күздік Р. айрықша
топырақ талғайды, ол қоректік заттары мол, қыш-
қылдау ортасы бар топырақтарда жақсы өнім бе-
реді. Ал жаздық Р. ауыр саздақ және жеңіл құмдақ
топырақтардан басқа жерлердің бәрінде өсіп, өнім
бере алады. Р-тың дәнінде 43%-дан (жаздық) 50%-
ға (күздік) дейін май болады. Майын тағам ретінде
және тех. мақсаттарға, сабын қайнату, тоқыма, ме-
таллургия, бояу, полиграфия, тері, т.б. өндірістерде
пайдаланады. Р-тың 100 кг көк балаусасында 15,7
кг мал азықтық өлшем бар және ол витаминдерге
(А, С) бай, жақсы қорытылады. Ауыспалы егіс-
терде аралық дақыл ретінде себілген Р. малға күз
және көктем айларында жақсы жайылым. Жаздық
Р. Солт. Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола об-
лыстарында, ал күздік Р. Атырау, Жамбыл, Оңт.
Қазақстан облыстарында өсіріледі. Қарағанды және
Қостанай облыстарында жаздық Р-ты дән алу үшін
де, мал азықтық дақыл ретінде де егеді.
рАуҒАШ (Rheum) – таран тұқымдасына жата-
тын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның
Таулы аймақтың табиғаты
рауғаш
Рауғаш
516
биік таулы аудандарында және Ақтөбе, Қостанай,
Қызылорда, Павлодар облыстарының далалы, шал-
ғынды жерлерінде өсетін 10 түрі бар. Биікт. 1,5 м-
дей, көген тамыры жуан, сабақ түбіне орналасқан
жапырақтары өте ірі болады. Гүлі ақсары, қызғылт,
қызыл түсті, ұсақ, қос жынысты, олар масақ гүл-
шоғырына топталған. Сәуірден маусымға дейін
гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі – үш қырлы,
қоңыр түсті жаңғақша. Суыққа төзімді өсімдік.
Ауа райы қоңыр салқын, жазы жауын-шашынды
аймақта, құнарлы топырақта өседі, 8 – 10ºС-та
көктейді. Р. тұқымынан, көшетінен және тамыр са-
бағынан бөлу арқылы өсіріледі. Жапырақ сағағын
жеуге болады. Құрамында 2,5%-дай қант, 3,5%-дай
органик. қышқылдар мен минералды тұздар бар.
Тамыры медицинада дәрі алуда, өндірісте былғары
илеуде және бояу алуда пайдаланылады. Р-тың 2
түрі: алтай рауғашы мен Виттрок Р-ы – өте сирек
кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып,
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
рАхМАн ҚАйнАрЫ, Р а х м а н к ө л і , А р а -
с а н – Шығыс Қазақстан обл-ның Қатонқарағай
ауд-ндағы шипалы жылы су көзі. Оңт. Алтайдың
кішкене тектоник. ойысында, айналасын биік тау,
орман қоршаған өте көрікті жерде Арасан көлі
жағасында теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте ор-
наласқан. Су граниттегі терең тектоник. жарықтан
шығады, темп-расы 35 – 42ºС. Қайнардың шипалық
қасиеті ертеден белгілі. 1925 – 36 ж. бұл жерде ку-
рорт болған. 1960 жылдан қайта жұмыс істей баста-
ды. Р. қ-ның шипалық қасиеті оның құрамындағы
көмір қышқылының, радонның молдығында. Суы
тұщы, минералд. 200 мг/л, құрамында гидрокар-
бонаттар, натрий, кальций, т.б. элементтер бар. Р.
қ-ның суы асқазан, ревматизм, гинекол., жүйке, ты-
ныс ауруларын және әр түрлі улану мен жараларды
емдеуде қолданылады.
реЛикТ ШАҒАЛА (Larus relіctus), қ а р а м о й -
н а қ ш а ғ а л а – татреңділер отрядына, шағалалар
тұқымдасына жататын құс. Дене мөлшері қарғадай,
ақ түсті, тұмсығы қошқыл, көзінің айналасы ақ
шеңбермен қоршалған. Р. ш. – жыл құсы. Қазақстан-
ға сәуірдің басында ұшып келеді. Шоғырласып ұя
салады. Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі.
Аналығы ұяға 1 – 4 жұмыртқа салып, оны 24 – 26
күнде басып шығарады. Балапандар 40 – 45 күнде
қанаттанып, ұядан ұшады. Жәндіктермен қоректе-
неді, әсіресе масаларды жақсы жейді. Тамыздың
басында қыстау үшін Оңт.-Шығыс Азияға ұшып
кетеді. Р. ш-ның тіршілігі аз зерттелген, себебі, осы
күнге дейін олардың тұрақты ұялаған екі жері –
Барун-Торей көлі (Забайкалье) мен Алакөл (Шығыс
Қазақстан) ғана белгілі. 1976 – 94 ж. Р. ш-ның жалғыз
қоразы Алматы хайуанаттар паркінде ұсталды.
1991 ж. көл шағаласымен будандастырылып алын-
ған будан хайуанаттар паркінде тіршілік етуде.
Р. ш. өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан
құс болғандықтан қорғауға алынып, Халықар.
табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қы-
зыл кітабына» енгізілген. 1971 ж. Р. ш-ның ұялайтын
орны – Алакөлде «Реликт шағала» орнитол. қорық-
шасы ұйымдастырылды.
риддер-СОкОЛЬнЫй ПОЛиМеТАЛЛ кен
ОрнЫ, Шығыс Қазақстан обл-нда, Өскемен қ-
нан солт-ке қарай 100 км жерде. 1784 ж. ашыл-
ған. Кен орны қалыңд. 700 м-ден асатын күрделі
дислокацияланған және күшті метаморфтанған
тақтатастардан тұратын Лениногор грабенінің кө-
терілген бөлігінде орналасқан. Өнеркәсіптік кен-
денуі жағынан: Лениногор (D
2
e11n) мен крюковс-
кий (D
2
e1kr) шоғырларының шекарасында жатқан
төм. мыс-мырышты және крюковский шоғырының
ортаңғы және жоғ. бөлігіндегі қорғасын-мырышты
горизонтқа бөлінеді. Олар 20 км
2
ауданды алып, 19
кенді шоғырларда жинақталған. Кенді шоғырлар
мыс-колчеданды, мыс-мырышты, полиметалды,
баритполиметалды болып бөлінеді. Минералдар
саны 100-ге дейін жетеді. Кенді минералдану ерте
девонның метаморфты тақтатастарымен қоса бар-
лық шоғырларда анықталған. Жоғ. горизонттарда
сыйыстырушы горизонттармен үйлесімді жатқан
жазық қабат тәрізді дене, ол тереңдеген сайын
қысылып, штокверк типті кенге ауысады. Заттық
құрамы жағынан кен полиметалдық, ондағы қор-
ғасын, мырыш, мыстың арақатынасы 1:2,1:0,2,
ал мыс-мырыштыда 1:4,3:8,1 болады. Негізгі
өнеркәсіптік құраушыларға қорғасын, мырыш,
мыс және серіктестеріне алтын, күміс, кадмий,
т.б. жатады. Өндірілетін кендер «Қазмырыш» АҚ
кәсіпорнының маңызды шикізат базасы болып
есептеледі.
риЯн (Rubіa) – риян тұқымдасына жататын көп
жылдық шөптесін өсімдіктер мен бұталар, жарты-
лай бұталар. Қазақстанда Каспий мен Арал т-дері
маңында, Балқаш–Алакөл ойысында, Қызылқұм
мен Мойынқұмда, Іле және Күнгей Алатауларында
өсетін 8 түрі бар. Жиі кездесетіні – бояу Р-ы (R.
tіnctorum). Оның биікт. 2 м-дей, сүректенген жуан
тамыры болады. Жапырақтары қандауыр неме-
се ұзынша эллипс тәрізді. Сарғыш жасыл түсті
ұсақ гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған.
Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, тамыз –
қыркүйекте жеміс салады. Жемісі алғашқы кезде
қызыл қоңыр, әбден піскенде қара түсті болады.
Бояу Р-ынан қызыл бояу алынады. Р-ның 2 түрі:
бор рияны, Резниченко Р-ы – өте сирек кездесе-
тін, жылдан-жылға таралу аймағы тарылып бара
жатқан өсімдіктер болғандықтан қорғауға алынып,
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Рахман қайнары
рахман
Достарыңызбен бөлісу: |