1) Пікірталас (дискуссия) немесе талкылау Эссенін мақсаты - қандай да бір маселе бойынша екі турлі көзқарасты талқылау. Эсседе осы қөзқарастар бойынша ақпараттар мен пікірлерді ұсыну керек. Мәселені өзіңіз қолдайтын ұстаным тұрғысынан ұсынасыз (тезис келтіресіз). Аргумент ретінде жекелеген абзацтарда берілген, қолдайтын жәнеқарсы келетін дәлелдерден құралған бірнеше тұжырым ұсынасыз. Бұдан кейін талқылауғақатысты ұсыныстар немесе түсін бересіз. Әдетте, ауыспалы осы шақтағы етістік формалары, қарсы аргументтерді байланыстыратын сөздер (дегенмен, алайда, қалай болғанда да, айырмашылығы, басқа тұрғыдан) қолданылады. Сондай-ақ етістіктердің модаль формасы (салыстыру, зерттеу, қарастыру), көсемше формалары (қарастыра келіп, тұжырым жасай отырып), «әдетте, мүмкін, тән» қыстырма сөздеріқолданылуы мүмкін. 2) Қойылым (экспозиция) немесе біржақты аргумент Эссенің мақсаты - мәселеге қатысты түрлі ұстанымның біреуі дұрыс екенін дәлелдеу, сендіру. Мәселені өзіңіз дәлелдейтін ұстаным тұрғысынан ұсынасыз (тезис). Әр дәлеліңіз үшін бір абзац арнап, аргумент келтіресіз. Кейін дәлелденген ұстанымынызды қайталап, ұсыныс бересіз. Мәтіннің басым бөлігі ауыспалы осы шақта жазылады. Аргументтерді байланыстыратын «сондай-ақ», «сонымен», «сонымен бірге», «бұған қоса» т.б. оралымдар қолданылады. 3) Сыни талдау Белгілі мәтін бойынша жазылады. Эссенің мақсаты - түпнұсқа мәтінде берілген идеяларды түсінгеніңізді көрсету. Мәтіннің басты мазмұндық бөліктері бойынша өз идеяларыңызды ұсыну арқылы эссе тақырыбының маңыздылығын көрсетесіз. Мәтіннің әрбір аспектісін - тақырыбы немесе маңыздылығын, мазмұндау стилін, бейнелік жүйесін жеке параграфта талдап көрсеткен дұрыс. Қорытындысында мәтіннің басты аспектілерін еске түсіресіз. Аргумент үшін мәтіннен дәйексөздер алуға болады. Байланыстырушы «сонымен», «қоса алғанда», «тағы бір мысалы», «оның үстіне» т.б. сияқты оралымдар қолданылады.