Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз


Пәні «Қалыпты физиология»



бет2/3
Дата21.04.2023
өлшемі142,52 Kb.
#85317
1   2   3
4. Пәні «Қалыпты физиология»:
Ауырсыну анализаторының өткізгіш және орталық бөлімдерін сипаттаңыз.
Өткізгіш бөлімі. Бірінші нейронның дендриті бойынша рецепторлардан ауырсынуды жүргізу. Аксондар артқы мүйіздегі нейрондарға (екінші нейрон) жұлын миына түседі. одан орталық жүйке жүйесіне қозуды екі жолмен жүреді: спецификалық (лемнистік) және спецификалық емес (экстралемнистік). Спецификалық: спиноталамикалық тракт құрамында аксондар таламустың ерекше ядросына түседі (атап айтқанда, вентробазальды ядросқа). Бұл нейрондардың өсінділері ми қыртысына жетеді. Спецификалық емес жол жұлын нейронынан басталады және коллатеральды жолдар арқылы мидың түрлі құрылымдарына барады. Соңғы екі жол спиноталамикалық жолға қосылады. Осы трактілер бойынша қозу таламустың спецификалық емес ядросына және сол жерден үлкен жарты шардағы қыртыстың барлық бөлімдеріне түседі.
Орталық (қыртыстық) бөлімі. Спицификалық жол үлкен ми қыртысының соматосенсорлық аймағында аяқталады. екі соматосенсорлық аймақ бар. Бастапқы проекциялық аймақ артқы орталық қыртыс облысында орналасқан. Бұл жерде ноцицептивті әсерлерді талдау, өткір, дәл локализацияланған ауырсыну сезімінің қалыптасуы жүреді. Сильвий тыртығының тереңдігінде орналасқан екінші проекциялық аймақ ауырсыну әсері кезінде сезіну және әрекет ету бағдарламасын жасауға қатысады.


5. Пән «Биологиялық химия»:
Науқастағы осы аурудың симптомдарының асқынуы мен алиментарлық дисбаланстың (ет пен алкогольді тұтыну) биохимиялық байланысын, түсіндіріңіз.
Науқас соңғы үш күн бойы құрамында пурин негіздері көп ет өнімдерін қабылдаған. Ал науқас ішімдік көп ішуінен ағзада несеп қышқылы шығарылуы шектеліп және оның ағзада пайда болу жылдамдығын артқан. Осының бәрі науқаста подагра ауруының туындауына себеп болған. Подагра - организмде зат алмасу процесінің бұзылуынан қанда несеп қышқылының артуы мен оның тұздарының буындарда, дене мүшелерінің басқа тіндерінде жиналуынан пайда болатын созылмалы ауру.


6. Пәні «Патологиялық физиология»:
Науқас табанының плюснефалангтық буынының зақымдануын дамытуда диетадағы қателіктің (ет және алкогольдың жоғары көлемін пайдалану) рөлі қандай?
Науқаста диетадағы қателіктің рөлі өте маңызды, себебі диета кезінде ет өнімдерін, балық және алкоголь қабылдамау керек ( қатаң түрде ).Ет және балық өнімдерінің құрамында белок және пуриндар бар, олардың организмге түспеуін қадағалау керек. Себебі науқастың қанының құрамында несеп қышқылы мөлшері жоғары, ал пуриндардың катаболизмы несеп қышқылы мөлшерін жоғарлатады яғни ураттардың жиналуын жылдамдайды. Алкоголь бүйрек қызметіндегі фильтрацияны бұзады, содан несеп қышқылының шығарылуы төмендеп ол жинала береді, содан ол көбінесе жұмсақ тіндерге көптеп кристалл немесе тұз ретінде жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет