Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері.
Еліміздің тұрақтылығын сақтауға адамдар арасындағы қарым-қатынастардың формалары мен түрлерінің оң нәтижесін көрсетуде білім саласының ролі ерекше. Ғылым мен техниканың дамыған заманында құндылықтарымызды жоғалтып алуымыз да ғажап емес. Осы тұрғыда қалыптасып келе жатқан тұлғаның коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру ерекше өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешу бүгінгі таңда педагогика ғылымы мен практикасының нақты мәселесіне айналып отыр. Жаңартылған білім бағдарламасына көшуіміз, баланың ең жақсы қасиеттерін дамыту, жан-жақты және толыққанды тұлғаны қалыптастыру осының айғағы. Оқытудың жолдары,құралдары мен әдістері де бір - бірімен сәйкестеніп, ұштасып жатуы керек. Оқыту әдістерінің бірі ретінде дидактикалық ойындарды бастауыш сынып балаларының коммуникативтік құзіреттілігін дамытуда пайдалану ұтымды көрініс табады. Оқушыларға эмоционалды түрде әсер ету ақыл ой әрекетін белсендіреді, оқу процесін тартымды әрі қызықты етеді.
Бала айналасындағы адамдармен қаншалықты оңай тіл табысса, оқу, еңбек, тағдыры мен өмірі соншалықты оң жолмен шешіледі. Дәлірек айтқанда, бастауыш сынып оқушыларына айналасындағы адамдармен байланыс орнату үшін сөйлесуге, жауапкершілікпен қарау және оны дұрыс ұйымдастыру дағдысы мен тәртіптілік қабілеті қалыптасады.
Адамдармен қарым қатынас орнату үшін өз сөзіне жауапкершілікпен қарау және оны дұрыс ұйымдастыру дағдысы 6-10 жас кезеңінде қалыптасады.
Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психологиялық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, сүйек жүйесі қалыптасу сатысында болады, мидың жарты шарының функциялары дамиды. Баланың бойы 115 сантиметрден 134 сантиметрге дейін өседі, салмағы 30-35 кг шамасында болады. Бұл жастағы балалардың іс-әрекеті – оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі дамиды. Н.К.Крупская және А.С.Макаренко 7-12 жастағы балалар,нақты айтқанда, бастауыш сынып балалары үшін ұжымдық ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуы бойынша ойын балаларды еріктілікке, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды, ол жолдастық сезімге, ұжым мүддесі үшін әрекет жасауға тәрбиелейді. Яғни, бастауыш сынып оқушылары осы даму кезеңінде құзыреттілік қабілеттерін дамыту мен педагогикалық шығармашалықты ұштастыра білу керек. Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттері мен істерін көре алмаушылық, түрлі болымсыз себептерді сылтау етіп үй тапсырмасын орындаудан қашушылық т.б Балалардың мұндай теріс қылықтарына жол бермеу үшін білім саласында дұрыс ұйымдастырылған оқу технологияларын пайдалану, әдістерін дұрыс таңдау педагогтар үшін үлкен мәселе.
Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігшн дамытудағы жолдарын қарастырайық.
Коммуникативтік құзыреттілікті дамытудағы мәселелер:
«Құзыреттілік» терминін XX ғасыр ортасында американдық ғалым Н.Хомский енгізген болатын. Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесіне қатысты нәрсе. Оқыту үдерісіндегі құзыреттілікке ғалымдар әртүрлі анықтама берген. Құзіреттілік ұғымы екі тұрғыдар сипатталады. Біріншіден, нақты білімдері мен дағдылары арқылы кейбір міндеттерді шешуге атсалыса алатын немесе мәселені өз бетінше шеше алатын жеке тұлға мұмкіншіліктері. Екіншіден, танымдық және тәжірибелік іс- әрекеттердің теориялық тәсілдерін меңгерту дәрежесімен анықталған жеке тұлғаның білімдік деңгейі.
«Құзыреттілік» ұғымы көрші мемлекеттермен қоса біздің жерлес ғалымдарымызды да бей-жай қалдырмады. Н.Кузмина, А.Маркова, К.Махмурян бойынша Құзыреттілік - білім, білім ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеттері.
Ш.Таубаева; Құзыреттілік - ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жапы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті.
К.Құдайбергенова; «Құзыреттілік» ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында, тұлғаның субектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде енгізіліп отырған ұғым екендігін атап көрсетті.
Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens», белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандайда бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады деген мағынаны білдіреді.
Ал коммуникативтік құзіреттілік- педагогикалық қарым қатынастың негізгі факторы. Коммуникативтік құзіреттілік-бірқатар маңызды міндеттерді шешумен қатар өнімді, өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұсынатын өзге ұлт өкілдерімен қарым қатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге асыруға және жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Педагог тек ойлау үрдісін басқаруды емес, сонымен бірге оқушының қарым-қатынас үрдісіндегі коммуникативтік құзіреттілігін дамытудың тиімді жолдарын қарастырған жөн.
Е.Н.Маслякованың ойынша коммуникативтік құзіреттілікті дамыту барысында
-өзін ауызша және жазбаша көрсете білу, диалог құру, сауалнама, өтініш, түйіндеме, хат жазу, құттықтау
-өз сыныбын, мектебін, елін көрсете білу, диалог құру.
-айналадағы және алыстағы адамдармен және оқиғалармен қарым- қатынас жасаудың өзіндік тәсілдері, ауызша сөйлеу, сұрақ қоя білу
- сөйлеу әрекетінің әртүрлі түрлерін меңгеру (маналог, диалог, оқу,жазу) лингвистикалық және тілдік дағдылар
- топтағы бірлескен іс әрекеттердің өзіндік тәсілдері, қарым қатынас жағдайында әрекет ету әдістері, ымыраға келу және тіл табысу.
- көпмәдениетті, көпұлтты және позетивті қарым қатынас дағдыларына ие болу. (13.142)
Коммуникативті құзыреттілік, яғни басқа адамдармен вербальді және вербальді емес (мимика, дене қимылы) өзара әрекеттесуге дайын болу адамға өмірдің барлық жағдайында қажет болатын ең маңызды қасиет.
Коммуникативтік құзіреттілік осы уақытқа дейін аса бағаланбағаны анық. Бағаланса да дәл осылай коммуникативтік құзіреттілікті дамыту жолында мәселелер туындайды деп ойламас та едік. Қарым қатынас әрекетінің сәтті болуы үшін әңгімелесушілерге ортақ тілдік құрал ғана емес, сонымен қатар жалпы білімнің де болуы қажет.
В.М.Филотовтың айтуынша Адамдар коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін төмендегідей әрекетті меңгеруі керек
- дұрыс шешім қабылдай білу
- жеке жауапкершіліктің болуы
-басқа адамдарға өз шешімін қабылдауына мүмкіндік беру
-басқаның шешімін қабылдауға дайын болу
- әлеуметтік, жеке, физикалық ұйымдастырушылықты байқауға дайын болу
- ойдың дербестігі, өзіндік ерекшелігі
- өзін – өзі бақылау
Оқыту әдісі дегеніміз оқытушы мен білім алушылардың ретке келтірілген өзара байланысты іс-әрекеттерінің оқу үдерісіндегі білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерді шешуге бағытталатын іс әрекет түрі. ( 2,118-бет) Ал бастауыш санып балаларымен ортақ әрекет жасаудың ең тиімді жолы –дидактикалық ойындар ұйымдастыру. Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді дамыту бастауыш сынып оқушыларында дидактикалық ойындар арқылы қол жеткізу мүмкіндігі жоғары деп ойлаймын. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырудың «мықты» тұстары:
- танымдық белсенділікті арттыруы;
- оқу материалдарын білім алушылар шығармашылық жолмен меңгеруі;
- теорияның практикамен байланысы;
- көңілдің ортақ іске жұмылуы;
- проблеманы шешу кезінде ойлай қызметінің күшейуі;
- топта жұмыс істеу іскерліктерін қалыптастыру
Дидактикалық ойын ұйымдастырудың негізгі шарттарына тоқталайық:
ойынға қатысушылардың өзіне тиесілі рөлдерін өз еріктерімен таңдауы;
ойынға қатысушылардың ортақ шешім қабылдаулары үшін диалогтік қарым-қатынасқа түсулері;
ойынға мүмкін болар жағдайларға байланысты суырып салмалық
Пайдаланылған әдебиеттер
Ниязбекова К.С Құзыреттілік-шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздерінің бірі.
Тұрғынбаева Б.А Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту; теория және тәжітибе. Алматы, 2005
Құдайбергенова.К Құзырлылық- тұлға дамуының сапалық критерийі. Алматы, 2008
Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002.