Дәріс тақырыбы



бет1/6
Дата07.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#90900
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№6 ДӘРІС


ҚР Білім және ғылым министірлігі
Еуразия гуманитарлық институты
Педагогикалық инновациялар
Дәріс тақырыбы: Инновациялық білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы. Оқытудың интерактивті технологияларын оқу-тәрбие үдісінде тиімді пайдалану.
Жоспары :
1. Инновациялық білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы.
2. Оқытудың интерактивті технологияларын оқу-тәрбие үдісінде тиімді пайдалану.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс – тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог -зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жалпы қоғам дамуы мен технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше, казіргі заманның ақпараттық технологиясын игеруге міндеттіміз. Ол үшін болашақ мұғалімдерді даярлауда төмеңдегідей жұмыстар атқарылуы тиіс: болашақ мұғалімдерді ақпаратты қоғам жайында оқып, білім алуға, өмір сүруге бейімдеу; жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми -әдістемелік базасын жазу, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалана отырып, жоғары білім беру жүйесін жаңарту;

Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған дәлгірліктер: білім сапасының төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; директивалық құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы; оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; окушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.


Оқу - тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады:
І кезең - жаңа идеяны іздеу. Ақпараттандыру жэне инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру;
ІІ кезең- жаңалықтарды ұйымдастыру. Оқу – тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу;
ІІІ кезең - жаңалықтарды енгізу. Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді пайдалану;
ІV кезең - жаңалықтарды бекіту. Оқу – тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау;
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Педагогикалық инновациялар мағынасына, мазмұнына, нәтижесіне қарай екі түрге бөлінеді: білім беру жүйесіндегі инновациялар; оқу-тәрбиелеу жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны мен құрылысына жататын инновациялар; білім беру мекемесін тұтастай ұйымдастыру әрекеті: мектеп - балабақша; мектеп - жоғары оқу орны; мектеп - оқу-тәрбие жиынтығы; білім беру жүйесіндегі ұлттық моделдің бұрынғыдан өзіндік айырмашылығы бар. Өйткені оның арнайы өрнегі 1997 ж ЮНЕСКО ұсынған білім берудің халықаралық стандарт классификациясына дәлме – дәл сәйкес келеді. Ендеше, білім берудің ұлттық моделін жүзеге асыру үшін оның мазмұндық бөлігін өзгерту жеткіліксіз. Сондықтан жаңа мемлекеттік стандартқа өтіп қана қоймай, білім беру үрдісін ұйымдастырудың әдістемелік жолдарын қайта қарастыру аса қажет. Осы мақсатқа жоғарғы оқу орны жанынан "Ізденіс" педагогикалық жаңа инновациялық технологиялар мен озық іс – тәжірибелер эксперименттік жұмыс жасағаны жөн. "Ізденіс" педагогикалық жаңа инновациялық технологиялар мен озық іс -тәжірибелер экспериментгі зертханасының негізгі мақсаттары: жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін даярлаудың сапалық деңгейін көтеру; педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру үрдісін үйлестіру; педагогика теорияеы мен практикасы бойынша жаңа инновациялық технологиялар мен озық іс -тәжірибелерді зерттеу, үйрену, насихаттау және тарату; университет - мектеп - мұғалімдер білімдерін жетілдіру институттары арасындағы жаңа үштік байланысты жандандыру. "Ізденіс" педагогикалық жаңа инновациялық технология мен озық іс- тәжірибелер экеперименттік зертханасы төмендегідей үш бағытта жұмыс істеуді көздейді:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет