Ойын іс-әрекетінің негізгі принциптері:
Мақсаты мен мазмұны оқытуға сәйкес келуі;
Технологиясы көрнекі және құрылысы қарапайым болуы;
Түсінікті болуы:
Жүйелі түрде қолдану және түрлі кезеңдерде қиындату;
Ойын іс-әрекетінің әр қилылығы;
Ойынды әдістемелік қамтамасыз ету, құралдар мен әдістемелерді тиімді үйлестіре білу;
Қатынасты, ынтымақтастықты дамыту және эмоциялық климатты қамтамасыз ету;
Ойынды ұйымдастыру мен жүргізуде оның сценарийін алдын-ала дайындау және оқушыларды белсенділікке тарту.
Ойын арқылы оқыту технологиясының концептуалды негіздері.
Арнайы пәнді оқыту әдістемесінде оқу материалын меңгеру барысында ойын әрекетіне үлкен көңіл бөлінеді. Ойын іс- әрекеті оқушылардың өздігінен білім алуында кеңінен қолданылады.
Ойын іс- әрекеті оқытудың әртүлі функцияларын іске асырады. Олар - тәрбиелік, дидактикалық, дамытушылық, әдістемелік, психологиялық.
В.В. Николинаның жүргізген зерттеулері ойын арқылы оқыту технологиясының келесі компоненттерін анықтайды:
мотивациялық;
бағдарлық;
мақсаттық;
мазмұнды-операциялық;
құндылықты-жігерлі;
бағалау;
Жоғарыда қарастырылған ойын компонттері бірнеше құрылымдық элементтерден тұрады. Зерттеушілердің көпшілігі элементтердің мынадай құрылымын белгілейді: ойын мақсаты, ережелері, ойын жағдаяттары, көріністер, ойын іс- әрекеті.
Ойын арқылы оқыту технологиясының компоненттері
Ойын технологиясының компоненті
Ойынның құрылымдық элменттері
Мотивациялық
Бағыт сілтейтін элемент, оқу жағдаяты
Бағдарлы-мақсатты
Ойын мақсаты
Мазмұнды-операциялық
Ойын ережесі, ойын әрекеті
Құндылықты-жігерлі
Бағалау
Ойын нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: |