Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаттары, міндеттері және теориялық негіздері


Ойын іс-әрекетінің негізгі принциптері



бет2/4
Дата07.01.2022
өлшемі27,07 Kb.
#19344
1   2   3   4
Ойын іс-әрекетінің негізгі принциптері:

  • Мақсаты мен мазмұны оқытуға сәйкес келуі;

  • Технологиясы көрнекі және құрылысы қарапайым болуы;

  • Түсінікті болуы:

  • Жүйелі түрде қолдану және түрлі кезеңдерде қиындату;

  • Ойын іс-әрекетінің әр қилылығы;

  • Ойынды әдістемелік қамтамасыз ету, құралдар мен әдістемелерді тиімді үйлестіре білу;

  • Қатынасты, ынтымақтастықты дамыту және эмоциялық климатты қамтамасыз ету;

  • Ойынды ұйымдастыру мен жүргізуде оның сценарийін алдын-ала дайындау және оқушыларды белсенділікке тарту.

Ойын арқылы оқыту технологиясының концептуалды негіздері.

Арнайы пәнді оқыту әдістемесінде оқу материалын меңгеру барысында ойын әрекетіне үлкен көңіл бөлінеді. Ойын іс- әрекеті оқушылардың өздігінен білім алуында кеңінен қолданылады.

Ойын іс- әрекеті оқытудың әртүлі функцияларын іске асырады. Олар - тәрбиелік, дидактикалық, дамытушылық, әдістемелік, психологиялық.

В.В. Николинаның жүргізген зерттеулері ойын арқылы оқыту технологиясының келесі компоненттерін анықтайды:



  • мотивациялық;

  • бағдарлық;

  • мақсаттық;

  • мазмұнды-операциялық;

  • құндылықты-жігерлі;

  • бағалау;

Жоғарыда қарастырылған ойын компонттері бірнеше құрылымдық элементтерден тұрады. Зерттеушілердің көпшілігі элементтердің мынадай құрылымын белгілейді: ойын мақсаты, ережелері, ойын жағдаяттары, көріністер, ойын іс- әрекеті.

Ойын арқылы оқыту технологиясының компоненттері



Ойын технологиясының компоненті

Ойынның құрылымдық элменттері

Мотивациялық

Бағыт сілтейтін элемент, оқу жағдаяты

Бағдарлы-мақсатты

Ойын мақсаты

Мазмұнды-операциялық

Ойын ережесі, ойын әрекеті

Құндылықты-жігерлі

Бағалау


Ойын нәтижесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет