Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі



Дата01.03.2023
өлшемі149,26 Kb.
#70663
түріСабақ
Байланысты:
Лаура Апай Тапсырма


Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу - жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру және тілдік қорын дамыту. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сөздерді меңгеруде шешуші роль атқаратын жұмыстың бірі – сөздік жұмысы. Осы сөздік жұмысты жүргізуде, бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын ролі ерекше. Бала ойнай отырып, тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді жаттайды. Сабақ баланың ақыл – ойына күш түсірмей, ойын түрінде өткізіледі. Балалардың логикалық ақыл – ойын, эмоциялық еркін, зейінін, ынтасын дидактикалық ойындар арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп, күрделендіріп отыруға болады. Ойынның әр түріне уақыт саналы түрде бөлінуі қажет. Бұл – сабақтың тартымды, қызықты болуының шарты, әрі балалар ондай сабақты зейін қоя тез ұғып алады. Ойындар грамматикалық, фонетикалық, лексикалық, орфографиялық болады. Олардың барлығы тілдік дағдының қалыптасуына әсер етеді. Сабақта грамматикалық ойын түрлерін, дыбыстарды меңгерту мақсатында жиі қолдануға болады. Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
Қазақ тілінің фонетика саласын оқытқанда әрбір жаңа тақырыпты өткізу барысында тақырыпқа сай әр түрлі әдіс – тәсілдермен шеберлікпен грамматикалық ойындарды ойнатуға болады. Фонетика саласы бойынша жүргізуге болатын ойын түрлері өте көп. Мысалы:
а). «Адасқан әріптер» ойыны 1. р, ш, а (шар) 2. е, т, е, р, к (терек) 3. м, қ, а, л, а (қалам) 4. ө, з, к (көз) 5. м, і, л, і, б (білім) 6. о, қ, л (қол) 7. қ, с, а, б, а (сабақ)
ә). «Кім шапшаң?» ойыны 1. А әрпінен басталатын қала аттарын ойла. /Мысалы: Ақтау, Астанат. б/ 2. Б әрпінен басталатын тағам атаулары. /
Мысалы: бауырсақ, бөлке, балмұздақ т. б./
б). «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылар дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дыбыс түрлерін ажыратуға дағдыланады.
в). «Ойлан тап» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушы буындар арқылы сөзді қатесіз, анық айтуға дағдыланады.
г). «Сөзді тап» ойыны. Ойынның мақсаты, оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін жетілдіру. Қ Қ Қ Қ Қ Қ Қ Қ К К К К К К (Жауабы; қызық, қазақ, қалақ, қырық, кесек, кезек,, кебек)

++++++++++++++++++




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет