Кураторлар туралы ереже



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі77,62 Kb.
#9411

КУРАТОРЛАР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Университеттегі академиялық топтар тәрбие жұмыстарының орталығы

болып табылады. Студенттік академиялық топтардың жұмысының нәтижелі

болуының   қажетті   шарты     -   оның   тәжірибелі  куратор,   тәрбиеші     және

ұйымдастырушы     педагогтармен   үнемі   тығыз   байланыста   болуы.   Оқу

тобының кураторы – студенттің  ерекше рухани кеңесшісі.  Ол студенттердің

жоғары   оқу   орнындағы   оқыту   әдістерін   меңгеруіне   көмектесуі   керек,

тәлімгер   өзінің   әрекетін   студенттердің   рухани   –   адамгершілік   қасиеттерін,

Отанына   деген   сүйіспеншілігін,   өзі   таңдаған   мамандығына   құрметпен

қарауын тәрбиелеуі қажет.

Куратор  факультет   деканы,   кафедра   меңгерушілерінің   ұсынысымен

және университет ректорының бұйрығымен тағайындалады.

Кураторлық   қызмет   пен   оның   міндетін   орындау   –   оқытушының

қызметтік борышы.                                      

Куратор

 жұмысы   жоғарғы   оқу   орны   оқытушысы   қызмет



нәтижелілігінің   маңызды   көрсеткіші   болып   табылады   және   оны

аттестациялау мен қайта сайлауда   есепке алынады.  Кураторлық  міндеттен

босату   үшін   оның   себептері   көрсетіліп,   университет   ректорының

бұйрығымен шешім қабылданады.

Факультет   кафедралары,   (педагогика   және   психология,   философия

және   мәдениеттану,   саясаттану   және   әлеуметтану,   дене   тәрбиесі

кафедралары) кураторға жан-жақты әдіскерлік көмек көрсетіп отыруы қажет.

Кураторлар  өз   қызметі   жайында   кафедра   мәжілістерінде   есеп   беріп

отырады.

Кураторлардың мақсаты мен міндеті

1.  Кураторлардың   басты   мақсаты   жастардың   тұлғалық   дамуының

үйлесімділігін   қалыптастыру,   студенттерді   азаматтық   белсенділікке

тәрбиелеу,  білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында

білім   алу  траекториясының   таңдамалығы   негізінде   өзін-өзі   қалыптастыру

және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту.

2. Кураторлардың негізгі міндеті оқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастыру,

өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді университеттің қоғамдық

және шығармашылық өміріне біртіндеп тарту, оқу траекториясын  таңдауға

(жеке оқу жоспарын құрастыру) ықпал ету және білім алу кезеңі барысында

білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.

Кураторлардың қызметі (қызметтік міндеттері)


Куратор тәрбие жұмысын жүзеге асыру барысында төмендегідей қызметтерді

атқарады:

1. Топ белсенділерін (активін) қалыптастыруға және студенттік топ пен топ

белсенділері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың орнауына; топтық

ұйымшылдыққа,   ынтымақтастыққа,   қоғамдық   ұйымдар   және   факультет

әкімшілігі, топ арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге ықпал етеді.

2. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, студенттік топтың оқу жылындағы

мақсаттары   мен   міндеттерін   анықтайды.   Топ   белсенділерімен   бірлесе

отырып,   университеттің   оқу-тәрбие   жұмысының   жоспарына   сәйкес   тәрбие

жұмысының үзіліссіздігін және сабақтастығын, мақсатын сақтай отырып оқу

жылының жоспарын қалыптастырады.

3. Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің

қызметін үйлестіреді және университет, факультет әкімшілігі және студенттік

топ   арасында   байланыс   орнатушы   негізгі   тұлға   болып   табылады.   Ол

студенттердің   университет   пен   қоғам   өміріне   қатысуын   жандандыру   үшін

қоғамдық ұйымдармен ұдайы байланыста болады.

4.   Топ   студенттеріне   оқу-тәрбие   үдерісіне   қатысты   ректордың,   деканның

бұйрықтары мен өкімдері туралы  ақпарат береді.  Студенттерді  ішкі тәртіп

ережелерімен,   университет   Жарғысымен   және   ұйымдастырушылық

құрылымдарымен таныстырады. Университетте және факультетте өткізілетін

байқаулар,  конференциялар,  жарыстар,  олимпиадалар   туралы   хабар  береді.

Университеттегі  және факультеттегі  топтар мен студенттердің жұмысының

үздік тәжірибесін насихаттайды.

5.Факультет   әкімшілігіне,   қоғамдық   ұйымдарға   студенттердің   мүдделері,

талаптары, ұсыныстары туралы ақпар береді.

6.  Қажет   болған   жағдайда   студент   жастардың   әлеуметтік-психологиялық

мәселелері   негізінде   студенттерге   психологиялық   қолдау   және   көмек

көрсетілуін ұйымдастырады.

7.  Студенттердің   өмірі   мен   тұрмыс   жағдайларын   және   олардың

мұқтаждықтарын зерттеп, жекелеген студенттердің  тұрмыстық жағдайларын

жақсарту   мақсатында   көмек   ұйымдастыру   (оларды     студенттер

жатақханасына орналастыру, т.б.), студенттердің ата-аналарымен байланыста

(мүмкіндігіне қарай  кездесіп тұрады)  болады. 

8. Азаматтық, адамгершілік, эстетикалық, кәсіби және мәдени, спорттық және

көпшілік   жұмыстары   бөлімдері   бойынша   өткізілетін   нақты   іс-шараларды

анықтайды.

9.   Жастардың   патриотизмін   арттыра   отырып,   студенттердің   азаматтық

белсенділігінің қалыптасуына ықпал етеді, болашақ мамандардың азаматтық,

құқықтық және кәсіби ой-пікірінің қалыптасуына қатысады.

10.   Жастардың   салауатты   өмір   салтын   қадағалауына   ықпал   етеді,

ішімдік,темекі шегу, нашақорлықтың алдын алу бағытындағы іс-шараларды

ұйымдастырады.



11.   Құқық   бұзушылықтың   және   студенттік   ортадағы   деструктивтік   саяси

құбылыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді.

12.   Студенттердің   университеттің,   факультеттің   және   кафедраның

байқауларына,

 

олимпиадаларына,



 

ғылыми


 

семинарларына,

конференцияларына   және   қоғамдық   ұйымдардың   басқа   да   іс-шараларына

қатысуын жандандыруға ықпал етеді.

13. Студенттік өзін-өзі басқару, студенттер құрылыс жасағының қозғалысына,

клубтарға, қоғамдық бірлестіктер  және ұйымдардың  жұмысына қатысуына

ықпал етеді.

14. Бос уақытты тиімді өткізу формалары мен әдістері туралы студенттерге

ақпарат таратылуын ұйымдастырады.

15.   Студенттердің   өздері   таңдаған   мамандықтарына   қызығушылықтарын

арттыруға  ықпал   ететін  тақырыптық  іс-шаралар  ұйымдастыруға   қатысады,

сондай-ақ   жалпы білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер және т.б.

оқушылар арасында профориентациялық жұмыстарды жүргізеді.

16. Өзі жетекшілік ететін топ студенттерінің ата-аналарымен тығыз байланыс

орнатып, студенттердің тәртібін және үлгерімін бақылайды.

17.  Студенттердің   өзіндік   жұмыстарын   ұйымдастырады.   Үлгірімі   мен

тәжірибе   жинақтауына   бақылау   жасап,   студенттердің   сабаққа   қатысудағы

енжарлықтары мен нашар үлгірімдерінің себептерін анықтайды. 

18.  Ректормен кездесуге, университеттің, факультеттің жалпы жиналысына,

Кураторлар   кеңесінің   жұмыс   жоспары   бойынша   әдістемелік   дәрістер   мен

семинарларға ұдайы қатысады.

Куратор келесідей құжаттарды жүргізуі тиіс:

- тәрбие жұмысының жоспары;

- есептер: ағымдағы ақпарат (ай сайын), тоқсандық және жылдық.

Куратор академиялық кеңес беруді жүзеге асыра отырып, келесідей

қызметтерді орындайды:

1. Білім алушыларды білім беру үдерісін ұйымдастырудың тәртібімен, типтік

және оқу жұмыс жоспарымен, элективті пәндер каталогымен, міндетті және

таңдау   пәндері   тізімін   құрастырудың   талаптарымен,   курстың

пререквизиттерімен және постреквизиттерімен таныстырады.

2.   Оқытудың   кредиттік   технологиясын   жүзеге   асыру   және   оның   қызмет

етуінің негізін түсіндіреді.

3.   Оқу   үдерісін   ұйымдастыру   бойынша   барлық   қажетті   ақпараттық

материалдарды   дайындауға   қатысады,   студентке   жеке   оқу   жоспарын

құрастыруға және түзетуге ықпал етеді және көмек көрсетеді.

4. Студенттің білім алу барысының барлық кезеңінде ұйымдастырушылық-

әдістемелік және кеңес беру жұмыстарын өткізеді.



5.   Студенттерге   жеке   оқу   траекториясын   қалыптастыру   және   білім   беру

бағдарламаларын меңгеру барысында көмек көрсетеді.

6.   Студенттердің   болашақ   мансабы   туралы   мәселелерін   шешуге,   ғылыми

зерттеу бағытын   анықтауға,  ғылыми жетекші  таңдауға,  бітіру жұмысының

тақырыбын   анықтауға,   кәсіби   практикадан   өту   мекемесін   таңдауға   көмек

көрсетеді.

7.   Студенттердің   үлгерімін   қадағалайды,   өз   факультетінің   оқу   процесін

тіркеуші офис әдіскерлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

8.   Студенттерді   қолданыстағы   нормативтік   құқықтық   бөлу   және   болашақ

мамандарды жұмысқа орналастырудың (жеке өзі және арнайы мамандардың

көмегімен) ережелерімен таныстырады.

Бірінші курстың куратор міндетті:

1.   Студенттерді   сабақ   басталған   соң   бір   айдың   ішінде   университеттің,

факультеттің   Жарғысымен   және   құрылымымен,   ішкі   тәртіп   ережелерімен

таныстыруы   және   аталған   міндеттерді   студенттердің   орындауын   құжатпен

рәсімдеуі тиіс.

2.   Жоғары   оқу   орнындағы   оқу   үдерісінің   ұйымдастырылу   ерекшелігін

көрсетуге,   студенттерді   оқытудың   кредиттік   технологиясының

ерекшеліктерімен,   рейтингпен   және   емтиханның   қорытынды   балдарымен

таныстыруы тиіс (әсіресе студенттерді компьютерлік тестілеу барысында).

3. Екінші курста өткізілетін аралық мемлекеттік бақылау туралы және оның

мазмұнымен, өткізілуімен таныстыруы тиіс.

4. Студенттерді өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және орындау (жеке өзі

және   арнайы   мамандарды   тарту   арқылы),   еңбек   және   демалыс   тәртібі,

интеллектуалдық еңбекті орындау ережелерімен таныстыруы тиіс.

5. Студенттерді университеттің жастар қоғамдық ұйымдарының қызметімен

және   олардың   қоғамдық   белсенділігін   қалыптастырудағы   рөлімен,

студенттердің  әлеуметтік қорғалуымен (жеке өзі және арнайы мамандарды

тарту арқылы) таныстырылуы тиіс.

6.   Университеттің,   факультеттің,   кафедраның   тарихымен,   факультеттің,

кафедраның   міндетімен   және   болашағымен,   кафедраның   жетекші

оқытушыларымен, үздік студенттерімен таныстыруы тиіс.

7.  Студенттерге   жоғары   оқу   орнына,   университеттің   өміріне   бейімделуіне,

қоғамдық қызметтерге атсалысуға көмек көрсетуі тиіс.

Куратордың құқығы

1.   Университеттегі   және   факультеттегі   тәрбие   жұмысының   жоспарын,

студенттердің   мүдделері   мен   қызығушылықтарын   ескере   отырып,   оқу

тобындағы тәрбие жұмысының міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асырудың

әдістері мен құралдарын, формасын өз бетінше таңдауға;


2.   Университеттің   және   факультеттің   барлық   әкімшілік   және   қоғамдық

ұйымдарына   студенттердің   тұрмыстық-мәдени   жағдайын,   тәрбие,   ғылыми-

зерттеу және оқу жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар беруге;

3. Алдын ала оқытушылармен келісе отырып, топта өткізілетін дәрістерге,

семинарларға, практикалық және басқа да сабақтарға қатысуға;

4. Барлық пәндер бойынша ағымдық, аралық және қорытынды бақылау өткізу

тәртібінің қадағалануын тексеруге;

5.   Топ   студенттерінің   ата-аналарымен   және   туыстарымен   байланыс   жасау

үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға;

6.   Топтағы   және   жекелеген   студенттерге   қатысты   барлық   мәселелерді

талқылауға қатысуға;

7.   Əрбір   студент   туралы   электронды   базаға   енгізілетін   ақпараттың   дұрыс

толтырылуын қадағалауға;

8. Кафедралардан элективті пәндер саны және олардың сипаттамасы туралы

толық ақпараттың өз уақытында берілуін талап етуге;

9.   Студенттерді   мадақтауға,   жатақханаға   орналастыруға   және   шығаруға

ұсыныс жасауға;

10. Əлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген студенттерге көмек беру үшін

деканат пен кәсіподақ ұйымына ұсыныс жасауға;

11. Студенттерді оқу, педагогикалық және өндірістік тәжірибе жинақтау үшін

мекемелермен байланыс жасауға;

12.   Оқу   тобында   оқу-тәрбие   процесінің   бір   қалыпты   жүргізіліуне   кедергі

жасайтын студенттерге жан-жақты әсер етуге;

13. Өзінің практикалық жұмысында университет мұражайлары мен ғылыми-

зерттеу   лабораторияларымен   тығыз   байланыс   жасап,   әлеуметтік,

педаогикалық және басқа да зерттеулер тәжірибелерін қолдануға;

14. Студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуға, олардың

қызметін жақсарту бойынша  ұсыныстар енгізуге,  топ студенттерін  аталған

органдар жұмысына барынша белсенді тартуға, студенттік өзін-өзі басқару

органдарына сайлау үшін студенттер кандидатурасын ұсынуға құқы бар.



Кураторлардың жауапкершілігі

Куратор   факультет   деканы   бекіткен,     деканның   оқу   жұмысы   және

тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен келісілген, оқу тобындағы оқу-

тәрбие жұмысы бағдарламасының орындалуына жауап береді.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет