Ойлау мəдениеті Ойлау


Пікір Тақырыбы:Өнер философиясы



бет41/56
Дата19.12.2023
өлшемі289,53 Kb.
#141016
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Байланысты:
wiCpqdFATcO6hjIOVcixN80Ll3QJ3v1QnJYLIAuh

Пікір
Тақырыбы:Өнер философиясы
Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан, сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері үшін де әсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімдікті танытады. Тіпті, онымен қоймай. Өнер адам жанын да, тәнін де ауру кесел, бәлекеттерден тазартады деп білген. Осы тұста антикалық эстетиканың келесі бір категориясы катарсиске тоқталып кетейін.
Катарсис (грек. «тазарту») адам жаны мен тәнін тазарту, рухы және ағзалық сергектену дегенді білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай әсерететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис, әсіресе, музыка, поэзия мен трагедияны адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген. Ағарту дәуірінің эстетеикасын буржуазиялық революция қарсаңындағы француз энцеклопедистерінің басы - аса ірі философ-материалист Дени Дидроның (1713-1784) еңбектерінен көріп-білеміз. Оның теориялық толғамдары демократиялық сипатта болды. Дидро Буалоға керісінше, сарай аристократиясының сұлулық талғамы мен талабын аяусыз сынға алды. Ол шын суреткерге тұп-тура «сен әрбір қимыл-қарекеттегі ұлылық пен сұлулықты мәңгіге дәріптеуің керек, талайсыз-бақсыз қор болған ізгіліктің абыройын сақтауың қажет, рақат пен құрметке бөленген кеселді кескілеуің керек, мейірімсіз жуандардың зәресін ұшыруың шарт», деп, ап-ашық күрес талабын қойды; суреткер еңбегіндегі шыншылдықты уағыздады; эстетикаға реализм ұғымын енгізді; реализмнің қиялға, ойдан шығару мен көркем жинақтауға ара-қатысын белгіледі. Ал оның Сараң мен Тартюф бүкіл жербетіндегі шықберместер мен екіжүзділердің жиынтық тұлғалары екенін дәлелдеуі тіпті білгірлік пікір еді. Француз ағартушы ғалымы Д.Дидро бірсыпыра еңбектерінде театр мэселесін көтерді. Шынайылық мәселесін бірінші кезекке қойды, өз тұсындағы өмірді зерттеуді, соны бейнелеуді талап етті, типтік бейнеге қатысты алғашқы пікірді де осы Дидро айтты.Ал, неміс ағартушылық дәуірінің үлкен қайраткері Араб –мұсылман эстетикасы — мұсылман әлемі ойшылдарының орта ғасырлардағы араб тілінде жазған еңбектері арқылы қалыптасқан эстетикалық талғамдар мен талаптар жүйесі, адамзат өркениеті тарихындағы Ислам Ренессансы деп аталатын мәдени өрлеу кезеңінің жемісі.Бұл құбылыстың ілімдік негіздерін жасаушылар қатарында Шығыс перипатетикасының (қ. Перипатеттер мектебі) өкілдері (әл-Фараби, 870 — 950, ибн Сина, 980 — 1037, ибн Рушд, 1126 — 98) тұр. Олар Аристотельдің “Поэтикасына”сүйене отырып, поэтикалық тілді, оның ақиқаттығы не жалғандығына қарамастан, эмоциялық оң және теріс әсерлер туғызатын құрал ретінде қарастырды. Бұл ғұламалар көркем шығармашылықты көне грек тіліндегі “мимесис” (еліктеу) ұғымы арқылы түсіндірді. Көркем шығарма жасаушы табиғатқа еліктеу арқылы қабылдаған бейнесін қиял дүниесімен ұштастырады деп білді. Сопылық бағыт ықпалындағы ойшылдар поэтикалық құбылтулар мен жасампаздық бағытын ұстанды. Араб-мұсылман эстетикасына тән негізгі ұғымдардың бірі — адаб. Ол антик. Білімділік принципімен қоса кейінгі гуманизм идеясын да өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, адабтың эстетикалық мазмұны айқын — ол жоғары құндылықты білдіреді. Әдемілік пен әсемдік — кемел адамды тәрбиелеу мақсатымен тікелей байланысты. Бұл жоғары қасиеттер пендешілік пен пайдакүнемдіктен арылуға себін тигізеді және құштарлық арқылы мінсіз жетілуге әкеледі.Араб-мұсылман эстетикасының өкілдері формалар мен әуендер сұлулығынан ләззаталу — сол формалар мен әуендердің адам табиғатына жақындығынан деп түсіндіреді. Бұлағымның көрнекті өкілдері — ибн Хазм (994 — 1064) жәнеибн әл-Хайсам (965 — 1039). Философтар, ақындар әлем сұлулығы мен үйлесімділігі туралы жазды (әл-Фараби, ибн Сина, Омар һайям, ибн Рушд). Сұлулық кейде Пифагор рухында түсіндіріліп, ғарыштың, пластикалық формалардың, түстердің және дыбыстардың жарасымдылығы тұрғысынан қаралды. “Риясыз ағайындылар” энциклопедиясының авторлары, сопылық бағыттағы ойшылдар мен ақындар (ибн әл-Араби, 1165 — 1240, Руми, 1207 — 73) болмысқа ұқсатылып жаратылған бүкіл әсемдік пен көркем құбылыстардың ұштастырылуын эстетик. Тұрғыдан баға беру өлшеміне айналдырды. Олар зиялылық пен имандылықты біріктіре білген сұлулықты дәріптеді. Әдебиеттануда өлеңдердің мазмұн, пішіні, дәстүр мен жаңашылдық, көркемдік талғамдар мен нормалардың өзгеруі, эстетик. Таным проблемалары үлкен орыналды. Исламдағы бейнелеу өнеріне қойылған шектеулер көркем шығармашылықтың бұл саласын теориялық тұрғыдан жеткілікті зерттеуге мүмкіндік бермеді. Суретші шығармасындағы бояудың тазалығы мен қанықтығы, нәзіктік, үйлесімділік, жеңілдік — шеберлік үлгісі ретінде танылды. Махаббатты, гүлдерді, бақтарды бейнелеген әсем суреттер музыка сияқты көңіл-күйді қанаттандырып, қайғы-мұңды сейілте алады, рухани күш беріп, қажыр-қайратыңды шыңдай түседі деп ойлады. Хұснихат өнері жоғары бағаланды. Орта ғасырлардағы мұсылмандардың эстетикалық идеялары әлемдік эстетикаға үлкен ықпал етті. Лессинг (1729-1781) өз заманының білімдар адамы болды. Оның дүниетанымы дін мен теологияға қарсы тартыс үстінде қалыптасты. Ол да Дидро секілді «ақынның өнер объектісі - сарай емес» деп үзілді-кесілді байлау жасап, әдебиет пен өнерді ақсүйектер әулетінің ат төбеліндей аз ортасынан кең далаға – қалың бұқара арасына алып шығып, реализм рельсіне түсіруге күш салды.


4.Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Нысанбаев Ә.Н., Әбжанов Т.Ы. Қысқаша философия тарихы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 272 б.
2. Мұсаева Н.Р. Мүлгіген жанды рух оятар // Ақиқат, 1998 ж. – № 8. – 52–53
3. Малинин Г.В., Дунаев В.Ю. Человек и социальное государство
4. Кішібеков Д. Қазақ халқының мінез-құлқы, ойын-сауықтары, рухани тіршілігі // Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. – Алматы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет