Ойлау мəдениеті Ойлау


Пікір 4. Жан, ақыл, парасат, рух



бет12/56
Дата19.12.2023
өлшемі289,53 Kb.
#141016
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56
Байланысты:
wiCpqdFATcO6hjIOVcixN80Ll3QJ3v1QnJYLIAuh

Пікір
4. Жан, ақыл, парасат, рух.
Ибн-Сина. Аристотель секілді Ибн Сина да рух пен дене арасында өте жақын байланыс бар екендігін айтады. Бірақ Ибн Сина Аристотельдің екі жауһар пікірін теріске шығара отырып, дуализмдік көзқарасты қолдайды. Оның рух пен дене турасындағы көзқарасы әрі қызықты, әрі терең мағынада айтылған. Ибн Сина адам рухының денеге мұқтажсыз бар болу құдіретіне ие болған жауһар екендігін анықтау үшін екі дәлел келтіреді. Біріншісі –өзімшілдік түсінігі, екіншісі ақылдың материалды емес болғанын анықтайды.
Ибн Сина бұл дәлелдерді өзінің «Китапаш - Шифа» атты еңбегінің психология тарауында анықтайды. Оның ойынша, адам жетілген болсын, бірақ оның денесі ешбір нәрсемен байланыс құра алмайды және сыртқы дүниедегі ешбір нәрсені түсіне алмайтын бір дәрежеде болсын. Және де өз денесін көре алмайтын, ешбір нәрсені сезе алмайтын дәрежеде болсын. Әрине, мұндай адам дүниедегі әрекеттердің ешқайсысын біле алмайды және өз денесінің де бар екендігін сезіне алмайды. Бірақ өзінің бар екендігін түсіне алады. Мұндай жағдайдан рух денеден азат болған бір жауһар болып табылады.
Ибн Синаның бұл дәлелі Декарттың «Ойлану қабілетінде болсам, онда мен бармын» деген пікіріне ұқсас келеді. Бірақ бұл жерде маңызды айырмашылық бар. Декарттың пікірінде мынандай бір сұрақ туады: «Менің бар болуым логикалық тұжырым ба, әлде түсіну қабілетінің тікелей нәтижесі ме? Бұл сұрақтың жауабы не болса да, декарттық «түсінік» пен «мен» екеуінің бір нәрсе болғандығын аңғарамыз. Олай болса, меннің түсінігі мен оның болмысының логикасы ретінде бір-бірімен айырылмас халде болғандығы анық.
Ал Ибн Сина болса, «меннің» болмысын түсіне алу себебі мен «менде» түсіну қабілетінің бөлек нәрсе болғанын айтады. Негізінде, Ибн Сина Декарт пен Плотиннің ойынша түсіну қабілеті тек өзін ғана ойлауы емес, сонымен қатар басқаларды да түсіне білу қабілетіне ие дейді.
Дененің бар екендігіне күдіктене отырып, бір дуализмдік түсінік қалыптастыруға тырысқан бұл дәлелді организмнің жалпы функцияларынан рухтың функциялары шыққан дәлелі деуге де болады.
Ибн Сина былай дейді: «Денелік сипаттарды ақылдық функциялардың қайнары болған бір нәрсеге жүктесем, оның бұл сипаттарды қабыл ете алмағандығын байқаймын және осы денелік болмаған болмысты рух деп есептеймін».
Бұл айтылған сөзден байқайтынымыз: жоғарыда айтылған дәлелдің жаңа бір сипатқа ие болғандығы және түсіну қабілеті жаңа бір пікірмен алмасқандығы. Бұған қарай ақылдың және рухтың сипаттар арасындағы айырмашылық бұлардың бір жауһарды иемденуіне мүмкіндік бермейді.
Рухтың бір жауһар болғандығы оның жалғыздықты талап еткендігін білдіреді. Шынында екі доктрина, яғни рухани қабілеттің шынайлығы және рухтың айырылмас табиғаты Ибн Сина тарапынан тереңірек қарастырылады. Ол бұл қабілеттің көптігін, ақыл-ой әрекеттері арасында байланыстың бар екендігін айтады. Сонымен қатар Ибн Сина адамдағы демалу және өсу функцияларының, өсімдіктер мен жануарлардың функцияларына қарағанда өзгеше екендігін айтады. Себебі адамның ақыл-ойы аталмыш функцияларды басқарады дейді.
Мұндай жағдайда рух егеменді бір жауһар болады. Ибн Синаның рухтың өлімсіздігі турасындағы дәлелдері рухтың бір жауһар болғанын және екеуі арасындағы бір мистикалық байланыс аясында денеге байланып қалмағандығын білдіреді. Денемен бірге ортаға шыққан рухта, денемен бірлесу, оны қорғау және оның қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін нақты бір жүйе бар. Ибн Синаның ойынша, рух, табиғат білімдерімен қатар метафизиканың да қарастыратын тақырыбы болып табылады. Болмыс әлемінде әрбір рух пен дене арасында оларды бір-біріне сәйкестендірген бір сыр бар. Бұл сырды түсінсек те, түсінбесек те реинкарнация (рухтың дене ауыстыруы) екендігі мүмкін емес. Негізінен бұл сыр тұлғалық меннің әрі себебі, әрі салдары болып табылады. Сондықтан Ибн Сина екі рух үшін меннің Құдайлық жалғыздықта бірлесуін теріске шығарады және өлімсіздіктің тұлғалық болуы керектігін айтады.
Шəкəрім Құдайбердіұлы. Рухтың денеге әсері қалауы бойынша жүзеге асады. Яғни рух қай уақытта дененің әрекет жасауын қаласа, дене сол уақытта әрекет жасайды.
Жан туралы әртүрлі ағымдарды және түсініктерді қазақтың ұлы ойшылы Шәкәрім де арнаулы зерттеудің объектісіне айналдырған. Ол жазған «Үш анықта» осы жан мәселесі терең зерделенген. Сол себепті жан туралы әртүрлі көзқарастарды сараптау талпыныстарын Шәкәрімсіз талдау жеткіліксіз болар. Шәкәрім жан мен тәндік бастаулардың арасындағы терең байланысты аңғара білген. Шәкәрім жанның мынадай ерекшеліктеріне басты назар аударады: 1) жан тән сияқты адамға о бастан берілген, ол таза табиғат туындысы емес, «жаратылыстың бір шыбынынан, не бір тозаңынан адам жаратыла алынбайды»; 2) жан баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда бір жола жоғалып кетпейді; 3) жанның бар екендігіне жаннан шыққан ерік, талап, ой, мақсат, сезім, білім арқылы көзіміз жетсе де, оның денелерге қосылып кетуіне (индуизмдегідей) ешбір дәлел жоқ; 4) жанның жай психикадан айырмашылығын оның адами-моральдық негіздерінен іздеу керек, ұждан-жанның тілегі, осы арқылы жанның мәңгілігі жүзеге асады. Жан мәңгілігіне сенбеу өмірде мән-мағына бар дегенге сенбеумен бара-бар. Адам өлген соң да жаны жоғалмай әлемдік рухпен қосылады деген сенім адамға үлкен сенім ұяландырады. Бұл біздің Шәкәрімді оқығанда алған тәліміміз. Ойшылдың өзі еңбегінің аяғында мынадай қорытындыға келеді: «Мен жан да бар, жын да бар, адамның өзжанының қуаты да бар деймін. Дәлелім: 1) Шақырмаған жан келіп, кейде өзі пәленшенің жаны екенін енанарлық сөз айтатыны. 2) Шақырмаған кісіге бақсылық-дуаналық, фақризм, жындылық кез болатыны. 3) Ұйқыда кезу лунатизм, магнетизм мен біреудің еркін билеу, түсі дәл келу-бұл үш түрлісі үш бөлек қуаттың иесі болуға лайық».
Жан туралы философиялық рефлексияларда «рух тек рух үшін өмір сүреді», «жанның жандылығы оның өзінде» сияқты үлгілерді жиі кездестіруге болады. Бірақ, олар көбінесе рәміздік қызметтер атқарып, адамның болмыс туралы пайымдауларынан туындайды. Осындай пайымдау мүмкін болуы үшін адам жаны мен тәнін, руханилық пен заттылықты ажыратабілуі қажет. Рухани шындықты біздің дүниемізден тек тысқары тұратын әртүрлі абстракциялар мен «транцендентті мәнділіктердің», идеалды объектілерінің жиынтығыдеп те қарастыру адами рухани әлемге жеткізе алмайды. Өйткені, бүкіл адамдық мәдени болмыс рух сәулесімен жарықтандырылған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ғабитов Т. Философия А., 2004
2.Әбжанов Т.И., Нысанбаев Ә. Қысқаша философия тарихы. А., 2009
3.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
4.Кішібеков Д.Сыдықов Ұ. Философия. А., 2002
5.Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. А.,2001 
6.Мырзалы С.Қ., Философия. А., 2010



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет