ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫ
1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде.
2. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі.
3. Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық, трагикалық-
комедиялық, асқақ-төмен.
4. Сұлулықтың құндылығы.
5. Философия және өнер.
6. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және әлеуметтік қызметтері.
Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық
тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен
шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.
Эстетика - сұлулық, өнер, талғам мәселелерін зерттейтін философияның алкен бөлімінің
бірі. Гректің "эстетикос" сөзі "сезімдік, әдемілікті қабылдау" мағынасын береді. Сондықтан
эстетика адамның сұлулықты қабылдауын және сұлулыққа қарым-қатынасын зерттейді.
"Эстетикалық" сын есімі "сұлулыққа қатысты" мағынасын білдірсе, эстет - сұлулықты бағалай
білетін адам.
Адам тек өз өмірінің мағынасын тауып қана қоймай, оны ары қарай жүзеге асыруы
керек. Адам өз өмірінің мағынасының алдында жауапты, мағынаның орындалуы
қарапайым процесс емес. Өз өмірінің мағынасын ұйымдастыруда тұлғаның мағынасы
қайталанбас болады. Тұлғаның мағынасы әрқашан қоғаммен тығыз байланыста болып
келеді, индивид өзінің бағдарында қоғамға байланысты икемделеді және керісінше, қоғам
мағынасы өз кезегінде индивидтің тіршілік етуіне негізделеді.
Адам – белсенді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған
тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін,
құндылығын айқындаушы – сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым
емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.
Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері
байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезендерінің өзінде-ақ адамдар
өнердің алғашқы нышандарын тудырып, оны өрі қарай дамытып отырған. Адамның
дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш нәрседен
тұрады:
1.
объективті шындықтағы эстет. ұғым
2.
субъективті эстет. үғым (эстет. сана)
3.
өнер (субъективті және объективті эстет. ұғымдардың бірлігі ретінде).
Эстетика дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін адамдардың
қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған жасампаздық күштері
ашылатын олардың шығарм. қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды.
Негізгі эстет. категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен пасықтық,
трагед. және комед. болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің әрбір саласында –
өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мәдениет, тұрмыста,
т.б. жағдайларда дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады.
Эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы – ішкі сезімдерді, талғамдарды,
бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды Эстетиканы объективті өмірлік процестер
мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады.
Өнер, көркем шығарм. оның маңызды жағы ретінде қарастырылады. Эстетика өнердің
мәнісі мен оның заңдылықтарын зерттей отырып, арнаулы, теор. және тарихи ғылымдармен
және өнер туралы ғылымдармен тығыз байланыста дамыды. Бірақ Эстетика– негізінен
философияның бір саласы. Ол адамның ақиқатқа эстет. қатынастарының (оның ішінде
өнердің) жалпы заңдылықтарын зерттейді, ал өнер зерттеу ғылымдары өнердің қаз-
қалпындағы ерекшелігіне назар аударады.
Философия сияқты дүниетану ғылымы бола отырып, Эстетика эстет. сана мен өнердің
қоғамдық болмысқа, адам өміріне көзқарасы туралы мәселені шешуді өз
Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар
өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта
шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі
"айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос"
— сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін
"анестезия" сезінде кездеседі.
А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген,
әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған.
Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын
зерттейтін ілім деген анықтама берген.
Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысы А.Баумгартен
эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен
байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы — адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз.
Адамзат есін білгелі өнермен бірге жасасып келеді.
Өнер — мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан болар, "өнер — мәдениет
айнасы" деген қанатты сөздің қалыптасқандығы... Өнердің шынайы мәнінің діңгегі —
сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік — адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім
тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей
байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды.
Өнердің басты мақсаты — қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру
әрі соған адамды талпындыру, құштар ету.
Өнер философиясы, өнер ілімі болып табылатын эстетика үшін де жоғарыда аталған
мақсаттар бірінші маңызды болмақ. Ендеше, эстетиканы оқытудың, яғни эстетикалық
тәрбиенің басты мақсаты — адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу,
бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді
жаңартып, өзгертіп отыру. Эстетика этикамен өнер мен өнегелілік қалай байланысты болса,
солай тығыз байланысты. Өйткені өнер адам сезіміне әсер ете отырып, оны адамгершілік,
ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөлену
барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы—ар тазалығы. Олай болса, эстетикалык
тәрбие — имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.
Эстетикалық категориялардың қалыптасу тарихы философия тарихымен тығыз
байланысты. Эстетиканың негізгі категорияларының бірі әсемдік. Оны, ең кең
түсініктемесінде, кемел үйлесімділік деп қарастыруға болады. Әсемдікті түсіндірудегі
үйлесімдік (гармониялық) деп отырғанымыз, белгілі бір тұтастықты құрастырып отырған
бөлшектердің элементтерінің сыртқы қарама қайшылық өлшеміне сай бірлігі. Әсемдік –
материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты. Эстетикалық ұғым
ретіндегі әсемдік әдемілікпен тектес. Бірақ, әдемілік объектілердің сыртқы және ішкі
қырларын бірдей қамтыса, әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік
ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан қабылдауға жатады. Әсемдік ең алдымен, тепе-
теңдік, тұтастық, үйлесімдік, ырғақтылық, мақсатқа сәйкестілік, түс пен жарықтың белгілі
бір мөлшері т.б. табиғи өлшемдерін эстетикалық түсінуде адамның сезім мүшелерімен
қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл парасаты ерекше рөл атқарады. Пішіннің сыртқы әсемдігі
оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. Ізгілік пен жылылықтан алыс әсемдік
кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс
бейнелері жатады. Әсемдікті рухани сұлулықтан алшақтатып жіберген дұрыс емес. Өмір
мен өнерді әсемдік рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып, қоғамда зор танымдық және
тәрбиелік рөл атқарады. Адам дүниені әсемдік үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамның
түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек. Адамның сұлу тұлға мұратына
ұмтылуына қай халық өмірінде болмасын үлкен көңіл бөлінген. Мысалы, Қазақтар киелі
әйел Құдай Ұмайды өте әсем, сұлу және қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашы аспанды
жарқыратқан, күн сәулесімен кемпірқосақ нұрына шомылған, қолында балаларды
қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған.
Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, кескіндеу, мүсін, би, ән,
графика, сәулет қолданбалы және декоративті өнер, цирк, көркем фотогафия, кино,
теледидар. Өнердің түрлерге бөліну принципі-шындықтың эстетикалық байлығына
сүйенетін, әлемді көркемдік игеру саласындағы адамның қоғамдық практикасы типтерінің
алуан түрлілігі. Адамзаттың әлемдік-тарихи практикасының негізінде, адамдардың еңбек
әрекеті үдерісінде дамзат рухының байлығы қалыптасты, адамның эстетикалық сезімдері,
оның әуезді құлағы, форма сұлулығын көретін көзі, сұлулықпен шабыттану қабілеттері
дамыды.
Сазгер табиғат картинасын естіп қабылдайды, ал суретші сол картинаны дыбыспен
емес, көз жанарымен қабылдайды, формалар сұлулығынан, желілер ,жарық пен көлеңке
ойынынан ләззәт алады.
Өнердің дамуы үшін оның әрқайсысы өз ерекшеліктеріне орай бөлінуімен қатар,
әрқайсысы өз қайталанбастығымен дараланатын музалардың өзара әрекеті де маңызды
ықпал етеді. Өнер түрлерінің бірігуге, қосылуға жақындығына қарамастан, олар осы
өздерінің айрықша ерекшеліктерін сақтай отырып, адамзаттың көркемдік мәдениетіне,
әлемдік эстетикалық игілікке жаңа, өзгеше үлестерін қосып отырады.
Философия статусы жеке ғылымдарға қарағанда кеңірек, яғни ауқымды, сондықтан
Батыс елдерінде философияны тіпті өнер саласына жатқызатыны мәлім. А.Шопенгауер:
«Философия ғылымының кемшіліктері оның ғылым жолымен дамуында, ал шынында
философия көркемөнердің бір түрі ғана» деген пікір айтқан болатын.Егер біз философияны
көркемөнер саласымен салыстыратын болсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп
ұқсас жақтарын ашуымызға болады. Менің ойымша философияға қанша тұлға атсалысса,
соншалықты философияның түрлері бар. Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін
қайталамайды, ол жерде өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық, сезімдік қарым-қатынасы
өзгеше болып көрініп тұрады. Шынайы философиялық шығармалар көркем өнердегі ұлы
туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой өрісінде өшпес із қалдырады,оның жан дүниесін
ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді.
Философияны өнерге жақындататын келесі мәселе Дүниенің біртұтастығын көрсету,
ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау философия саласындағы ең қиын
істің бірі. Өйткені Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай
болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде
суреттеу мүмкін емес.Ал, бірақ адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы
ешқашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суре-тін тудырады. Ол үшін
философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер жетіспеген жағдайда қиял арқылы
толықтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған
мифологиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердің бір-біріне
жақындығын, бір-біріне өтіп жатқанын айқын көрсететін нәрсе тарихтағы ұлы тұлғалардың
шығармалары. Оған Платонның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін,
Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың философиялық мазмұны көркем
сөзбен берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтың романдарында Достаевский, Толстой
сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр
жатыр.
Сонымен, философияда өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның
дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана
мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай,
өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық
құбылыс. Бірақ, қалай дегенде де, философияның әртүрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып
бөлек алуға болмайды. Философия біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқарастық білім.
Достарыңызбен бөлісу: |