Қоғамдағы атқаратын функциясы мен маңызына қарай қоғамдық сананы екі топқа
бөлуге болады: біріншіден, әлемді игерудің рухани практикалық формалары,
екіншіден,
рухани – теориялық формалар. Бірінші топқа – моральды, саясатты, құқықты, екіншісіне
эстетиканы, дінді, философияны жатқызуға болады.
Қоғамдық сана қоғамдық болмысты ақиқатты бейнелей отырып, адамдардың
пратикалық іс -әрекетіне тірек, бастау болады. Соның нәтижесінде нақты саяси ілімдердің,
іс -әрекеттердің бағдарламасы мен адамгершілік, саяси мұраттар қалыптасады.
Қоғамдық сана – қоғам дамуының керемет рухани күші. Тарих көшінің кейбір
дәуірлерінде ол күрделі өзгерістерге жетелейді. Қоғамдық сананың күші оның
функцияларында көрініс береді.
Қоғамдық сана танымдық – ақпараттық рөл атқарады.
Оның негізінде қоғамдық
сананың қоғамдық болмыс мүмкіндігі жатыр. Осы білімге сүйене отырып, қоғам туралы
жан – жақты түсініктер алуға болады.
Қоғамдық сана коммуникативті – құндылық міндетін де атқарады. Сананың өрісі
психикалық өмірдегі тек қана саналы істермен ғана шектелмейді, оның құрамында
санасыздық та, немесе бейсаналық та орын алып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: