Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет28/33
Дата16.10.2023
өлшемі0,68 Mb.
#116322
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі-emirsaba.org

Поппер Карл Раймунд (1902-1994 жж.) ағылшын философы, логик, социолог ХХ ғ.
ірі ойшылы. Ол тарихта қандай да болса заңдылықтың барын, бірыңғай адамзат тарихының
барын жоққа шығарады. Адамзат тарихын қарастырғанда, оның саяси өкіметтің тарихы
екенін есте ұстау керек деді. Ал саяси өкіметтің тарихы - дүниежүзілік тарих
болмағандықтан, жалпы тарих және нақты тарих ретінде өмір сүрмейді. Ол дүниедегі бар
көптеген тарихтың біреуі ғана болады. Оны таңдау, Поппердің пікірінше, дін немесе поэзия
тарихынан айырмашылығы – мына жағдайларға байланысты.
1. Билік біздің бәрімізге, ал поэзия кейбіреуімізге ғана ықпал жасайды.
2. Адамдар билікті құдайындай көреді (әулие тұтады, құдай деп таңдау
қорқыныштан туады).


3. Адамдар билік басындағыларды әулие тұтса, бұл оларға ұнайды және олардың бар


әрекеттері іске асып отырады. Сонымен қатар, көптеген ғалымдар адамзат тарихын
патшалардың, генералдар мен диктаторлардың ыңғайына қарай жазады. К. Поппер
әлеуметтік философияда қоғамның дамуын зерттейтін тарихи әдіске қарсы болды. Өзінің
әлеуметтік-философиялық тұжырымдамасын «Ашық қоғам және оның жаулары» деген
еңбегінде баяндайды (1945). Ол қоғамды екіге бөледі: ашық және жабық қоғам. Ашық 
қоғам: – демократиялық жолмен дамитын қоғам; экономикада, саясатта, мәдениетте
әлеуметтік дамыған құрылымы бар және құқықтық мемлекет, оның плюралистік сипаты
жоғары қоғамды – азаматтық дейміз. Ашық қоғам мүшелері сыни-рационалдық ойлауды
алға қояды. Осыдан қоғамдағы мінез-құлықты, әлеуметтік дамуды саналы түрде басқару
және мемлекеттік институттарды демократиялық принциптерге сай қалыптастыру
мүмкіндігі туады. Жабық қоғам деп – капитализмге дейінгі және социалистік қоғамды
атайды. Олардың жұмыс істеу тәсілі тоталитаризм, жеке адамнан ұжымның басымдылығы,
догматизм және әлеуметтік демагогия.
Поппер «әлеуметтік технология», әлеуметтік инженерлік (өнер) терминдерін енгізді.
Ол тарих барысын жобалау мүмкін емес деп санады. «Ашық қоғам» концепциясын
негіздеді және тотальдық жүйенің қауіпті екенін көрсеткенімен идеалистік көзқарастан
арыла алмайды. Ал американдық ғалым Э. Фромм, қоғам дамуының неофрейдистік
теориясын немесе антропологиялық моделін жасады.
Э. Фромм З. Фрейдтің ізбасары ретінде оның психоанализмін реформалау арқылы,
акцентті ішкі психологиялық процестен әлеуметтік, кісіаралық қатынастарға көшірді.
Адамның полярлық бастамалары арасындағы күресті - өмірді сүю мен өлімге ұмтылуын, ол
әлеуметтік сипаттың негізіне салады. Э. Фромм үшін қоғамдық өмірдің идеалы адамның
еркін және бақытты өмір сүруі. Оларсыз прогресс туралы ойлардың еш мәні жоқ.
Ол «Бостандықтан қашу» деген еңбегінде нарық қоғамындағы бостандықтың өсуін
және адамдардың сол бостандықты пайдалана алмауын талдайды. Осының негізінде
өмірден «қашудың» механизмін көрсетеді: тұлғалар арасындағы байланыстың, симбиоздық
(садизм және мазохизм), автоматтандырылған ұқсастық конформизмнің өсуі, т. б.
Фроммның тоталитарлық мемлекеттің пайда болуын, адамдардың жауапкершіліктен және
ынталанудан бас тартуын, өз тағдырын патерналистік өкіметке жүктей салуын психикалық
ұмтылыс деп түсіндірді. Ол бұл жолды жалғыздықтан арылудың қияли әдісі деді. Оның
«Адам өзіне-өзі үшін» деген еңбегі ерекше «өмір сүру өнері» ретінде этиканы және адам
мінезі типологиясын, «жемісті немесе жемісті емес» тағдырларды талдауға арналған. Оның
негізгі еңбектері: «Бостандықтан қашу» (1941), «Маркстің адам концепциясы» (1961),
«Психоанализ кризисі» (1973), «Адам өзіне-өзі үшін».
Технологиялық
детерменизм
теориясы
соңғы
кезде
«экологиялық
антииндустриялизм» деп аталады. Бұл бағыттың негізгі бір теоретигі американдық
публицист, футуролог және социолог А. Тоффлер (1928 ж.) – өзінің атақты «Үшінші
толқын» еңбегінде біртұтас қоғам теориясынан шығып, қазіргі капитализмнің кризисін
«индустриялық қоғамның сөнуімен», оның жаңа өркениетке өтуімен түсіндіруге тырысады.
Ол қазіргі индустриализмге қарсы шығады, бірақ өзінің қоғамдық даму концепциясында
көптеген индустриялық теориялардағыдай техника мен технологияның даму деңгейі
жатыр.
Негізгі еңбектері: «Үшінші толқын», «Шок будущего».
Белл Дэниел (1919) американ социологі. 60-шы жылдары постиндустриялдық қоғам
концепциясын ұсынды, онда ғылым мен техника прогресінің нәтижесінде капитализмнің
жаңа әлеуметтік индустриалдық қоғамнан бөлек, оның қайшылықтарынан арылған жүйеге
өтетінін негіздеді. Ол батыс мәдениеті күйреуінің «дінорталық» версиясын ұсынды, одан
діни жаңғыру арқылы ғана құтылуға болатынын айтты. Негізгі еңбектері: «Идеологияның
соңы» (1960), «Келе жатқан постиндустриялық қоғам» (1973).
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болған Франкфурт мектебі өкілінің бірі
Маркузе, өзі қызметінің елеулі кезеңін марксизм философиясына көңіл аудару мен оны


тексеруден бастады. Ол қоғам дамуындағы: жаттану, әлеуметтік психолгия, ғылыми-


техникалық революция секілді күрделі мәселелерді қоюымен танымал болды.
Маркузе, марксизмнің кейбір идеяларын, экзистенциализм мен психоанализмін
қосуға бағытталған «жаңа сезімталдық» рухында «қоғамның сыни теориясын» негіздеді.
Техногендық өркениет пен бұқаралық мәдениеттің жемісі ретінде «бірөлшемді адам»
концепциясын ұсынды. Адамның келбетін бұзатын және тұлғаны жатсынуға алып келетін
жүйе ретінде капитализм мен социализмнен «бас тарту» керек екенін көрсетті. Өндірісті
автоматтантандыру мен өнімнің өсуі, материалдық игіліктің тез көбеюі, тұтынудың
жоғарғы деңгейіне жеткізеді, адамның революциялық ұмтылысын басады. Саяси
партиялардың, қозғалыстардың қажеттігі өздігінен сөнеді. Біртиптілік адамда жаттандық
сезім тумайды, оның өмірі пендешілік қажеттіліктерге, ұмтылыстар мен құштарлықтарға
толы, олар тек тұтынуға бағытталған. Мұндай «бір өлшемдік адам» «бір өлшемдік
қоғамда» туып, осыдан бірөлшемдік ғылым, мәдениет, философия пайда болды.
Мәдени-тарихи тип немесе тарихи қайталану концепциясы, бағытының негізгі
өкілдері: О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин. Олар Дж. Виконың іліміне сүйенеді. Ол
бойынша әрбір халық дами отырып, үш кезеңнен (құдайлық, ерлік және адамдық) өтеді.
Бұл адам өмірінің кезеңдеріне ұқсас: балалық, жастық және ересектік. Бұдан кейін даму
процесі тоқтайды да, кері жүру басталады, жаңа қайталануға жол береді. Шпенглер,
Тойнби, Сорокин концепцияларында Вико идеясы жеке қоғамдардың тарихы, оларды
қайталанбас мәдениеттер тұрғысынан нақтыланады.
Қоғам өздігінен дамитын жүйе ретінде, осы замандағы әлеуметтік рухани және
ғылыми техникалық прогрестің арақатынасының көріну дәрежесі және дүниежүзілік
тарихи дамудың бірлігі мен ерекшеліктерінің негізінде қалыптасады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет