Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет30/33
Дата16.10.2023
өлшемі0,68 Mb.
#116322
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі-emirsaba.org

Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты
қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және
футурологиялық
тұжырымдама; өндірістің жоғары
деңгейімен
және ақпарат пен
ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам.
Ашық қоғам — мемлекеттің ішкі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени
жүйелерінің деңгейін білдіретін ұғым; Карл Поппердің «еркін қоғам» концепциясы, мұнда
білімнің барлық түрлері және кез-келген әлеуметтік саясат ашық сыналады. Ол оны
фальсификациялық және сыни рационалистік эпистемологиямен сәйкестене алатын
жалғыз қоғам түрі ретінде қарастырады; бір қабаттан екінші қабатқа өту ресми түрде
шектелмейтін қоғам.
[1]

“Ашық” және “жабық” қоғам деген ұғымдарды кезінде ағылшын философы Карл


Поппер енгізген.
Постиндустриалды қоғам — қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам
теориясының негізін қалаған Д.БеллД.РисманА.ТоффлерЗ.БжезинскийДж.Гэлбрейт,
т.б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары ғылыми
айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие
болды. Оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай
таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс
құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы, т.б. 70 — 80-жылдары
постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың
әлеуметке (социумға) ықпалын сипаттауға тиіс футурологиялық және социологиялық
теория ретінде дамыды. Америкалық социолог Д.Белл постиндустриалды қоғамды
анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті: 1) өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын
теориялық білімнің орталықтандырылуы; 2) экономиялық, инженерлік, әлеуметтік
мәселелерді шешу үшін жаңа интеллектуалдық технологияның пайда болуы; 3) білім,
ақпарат таратушы әлеуметтік топтың қалыптасуы; 4) билік қатынастарының өзгеруі:
индустриалдыққа
дейінгі
қоғамда
— аристократия,
индустриалдық
қоғамда
— демократия, постиндустриалды қоғамда — меритократия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет