туралы жоғарыдағы тарауларда айтылды. Сол сияқты белгілі философ Мераб
Мамардашвили де, нәрселердің шынайы мәнін түсінуге кедергі болатындықтан, өткен шақ
ойдың дұшпаны деп тұжырымдаған еді. Тарих, деп жазады атақты француз ақыны әрі
академигі Поль Валери, бұл интеллект химиясының жа- сап шығарған ең қауіпті өнімі.
Оның қасиеттері бізге жақсы таныс. Ол армандауға мәжбүрлейді, ол халықтарды
масаттандырады, жалған еске түсірулерді тудырады, ескі жараларды қоздырады, де- малыс
кезінде оларды азапқа салады, ұлттарды ашкөз, тәкәппар,
шыдамсыз әрі өзімшіл етіп,
олардың өркөкіректігін өсіреді. Тарих барлығын да ақтап ала береді. Ол ештеңеге де
үйретпейді, өйткені оның бойында бәрі де бар, барлығының да үлгісін бере алады. Алайда
дара және әлеуметтік тәжірибені сүзгіден өткізу (ревизиялау) өткен, бастан кешкен
нәрселердегі жағымды мен жағымсызды, рационалды мен мағынасыздықты еске түсіру,
жіктеу және құндылықтық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Өткенді толығымен теріске
шығару физиологиялық және әлеуметтік- мәдени сырқат – толық амнезияға душар болу
қаупін тудырады. Танымал жазушы Шыңғыс Айтматовтың (оған дейін дәл осы сюжеттегі
тақырыпты қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтың жазғаны белгілі) романдарында есті
немесе жадыны жоғалтудың жан түршігерлік технологиясы туралы аңыз келтіріледі.
Оқырман қауымға кеңінен таныс операцияның нәтижесінде көне жужань тай- паларында
қолға түскен тұтқындардан адамның өзіндік Менінен, өзіндік санасынан, өткені мен есінен,
тарихы мен еркіндіктен жұрдай, тек иесінің жұмсауына ғана көнетін құлдық сананың иесі
– мәңгүрттер даярланады. Мәңгүрттер өзінің шығу тегі, отбасы, балалық шағы, жалпы
өзінің өздігі туралы түсініктерден, басқаша айтқанда өзіндік санадан да, азаттықтан да ада
болды. Аңыздан ту- ындайтын түйінге келер болсақ, өзінің тарихын мүлдем білмейтін,
мәдени немесе тарихи есін жоғалтқан адамда өзіндік сана да, шығармашыл еркіндік те
болмайды. Жеке адамның ғана емес, тұтастай халықтар мен мәдениеттердің, тіпті жалпы
адамзаттың тарихи жады туралы мәселе бүгінгі күні де өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Ойлауды, ойды Мартин Хайдеггер зейінмен байланыстырып, оны болмыстың жады деп
бағалайды, ал қазіргі жағдайда «үйсіздік әлемнің тағдырына айналды» дейді
«Мағына жоқ, мәні жоқ белгіміз біз, Тілден тіпті айрылдық бөтен жұртта», деп неміс
ақыны Гельдерлин айтқандай, қоғамдық өмірде кең орын алып отырған жатсыну құбылысы
да өткен тарихы мен дәстүрден ажыраған адамзатты тамыры жоқ, түгі жоқ айдалада жел
айдаған ебелекпен салыстыруға жетелейді. Қазіргі санадағы бұл сарын- ды Ленобльдің
айтатын «қазіргі адамдардың мазасыздығы» де- ген құбылысынан, Жак Мононың
адамдарды «өзіне бөтен әлемде оқшау қалып, ғаламның қиыр түкпірлерінде кезіп жүретін
тексіз кезбелер – сығандармен» салыстыруынан, Освенцимнен кейінгі «постмодерндік
ахуалдан» (Т. Адорно, Ж. Лиотар), постмодернизм өкілдері Делез бен Гваттаридің
номадологиясындағы тамырсыз, өзексіз «ризома» ұғымынан және т.б. көптеген ойлардан
осындай «ессіздіктің апофеозын» аңғаруға болады. Осындай салдарлармен сипатталатын
жатсынудың себептерін көптеген зерттеушілер қазіргі әлемдік өркениетке арқау болып
отырған батыстық мәдениетке тән индивидуализмнен,
капиталистік өндіріс тәсілінен,
дәстүрден ажыраудан, адамның табиғатқа қарсы қойылуынан, табиғатты игерудегі ғылым
мен техниканың қарыштап дамып, адамды «алып тетіктің бұрандасына айналдырып»
жіберуінен және т.б. іздейді. Табиғаттың сырын ұғып, онымен сұхбатқа келуге үндейтіндей
көрінетін ғылым, ендігі жерде «ойланбайтын ғылымға айналып» (Мартин Хайдеггер),
жаратушысы «адамның өзін ноқталап алып, алға шабуға мәжбүрлеп отыр» (Р.У. Эмерсон).
Әлеуметтік ес қоғамның жинақтаған білімі мен құндылықтарын біріктіре отырып, қашанда
болған. Ал қазіргі кезде бұл тіпті өзектілігімен көзге түсіп отыр, өйткені адамзат өзінің
тарихи дамуында да, логикалық дамуында да мәдени-технологиялық прогрестің белгілі бір
айналымынынан өтіп, дамудың жаңа кезеңінің алдын- да тұр. «Тарихтың ақыры», клондау,
нанотехнология және т.б. қызу пікірталастың өзегіне айналып отыр. Тарих – бұл уақыттық
үдеріс, ол қайтымсыз, өткен шақтан болашаққа қарай ағады. Өткен шақ, осы шақ және
болашақ әлеуметтік жадыда қорытылады. Қазіргі заман кеңістіктік-уақыттық
континуумның бір сәтінің шоғыры ретінде үздік-үздік шексіздікті білдіреді, өйткені тарих
көптеген нақты-тарихи оқшау заман- дардан тұрады. Қазіргі заман – бұл өз бойына өткен
шақты да, болашақты да енгізетін осы шақ болғандықтан, әлеуметтік жадыға деген
қызығушылық ғылымда үлкен орын алып отыр. Қазіргі әлеуметтік инженерия болашақты
болжау мен рационалды кон- струкциялау мақсатында жады туралы барлық білімді
жинақтауға ұмтылуда. Осы қажеттіліктің нәтижесінде мұражайлар, кітаптар, ескерткіштер,
техника мен технология түріндегі «жадының инду- стриясы» пайда болды. Әлеуметтік-
тарихи ақпарат пен мәдени мұра индустриясы бүгінгі күні маңызы өсе түскен туризмнің
өскелең талаптарын қанағаттандыруда. Әлеуметтік жады мәселесі өткен ғасырдың екінші
жартысы- нан бастап қызу зерттеле бастады. Ғылымда әлеуметтік жадының типологиясына
қатысты оның мынадай жіктері айқындалды: мифологиялық (Н.С. Вольский), эпикалық (
М. Блок), архетиптік (К.Г. Юнг), мәдени-антропологиялық (В.
Леви-Брюль, К. Леви-
Стросс, М. Мид), психологиялық ( В.С. Выготский, А.Н. Леонтьев) және т.б. Эстон
философы Я. Ребаненің еңбектерінің [4] нәтижесінде әлеуметтік ес ғылыми танымның
эвристикалық ұстыны ретінде қарастырыла бастаса, кейінірек В.А. Колеватовтың
жұмысында әлеуметтік жадының когнитивті қырлары ашылады. Кеңестік алып империя
ыдырағаннан кейін еуропацентристік көзқарас пен кеңестік идеологияның қысымында
қалған әлеуметтік жадыны жаңғырту мен тарихи ақтаңдақтарды ашып, тарихи ай- ғақтарды
реконструкциялау арқылы тарихи сананы лайықты қалыптастыруға деген мүдде мен
қызығушылық күрт өсе түсті. Бүгінгі күні тарихи сана мен дәстүрді қайта жаңғырту мен
оны модернизациямен үйлестіру өзекті мәселеге айналғандықтан өзіндік тарихи сананың
түпкі субстраты мен өзіндік сара жолды анықтау барысында қазақстандық зерттеушілер
ұлттық тарих пен мәдениеттің өте ертедегі қабаттарына дейін үңілуде. Еуразиялық дала мен
Орталық Азия территориясындағы негізгі этностық және лингвистикалық субстрат түрінде
көрінетін түркі дәстүрімен қатар, прототүркі және ирандық компоненттердің тарихи сана
мен дәстүрлі мәдениетке ықпалы зерттеу нысандарына айна- луда. Мифологиямен қатар,
тәңірілік, шамандық діндердің шығу тегі мен олардың мәні, сондай-ақ «мұсылман
ренессансы» деп аталатын араб-парсы-түркі өркениетінде ислам дінінің таралуы мен әсері,
Шыңғысхан шапқыншылығы мен оның идеология- сы, ресейлік империялық отаршылық
саясатпен қатар орыстың ұлы мәдениетінің тарихи санаға тигізген әсері әртүрлі ғылыми
еңбектер мен диссертацияларда сөз болды. Ал кеңестік
дәуірде тоталитарлық режим
тұсындағы коммунистік идеология мен қазіргі мәдени вестерн экспансиясының дәстүрлі
мәдениетті өзгеріске ұшыратудағы тегеуіріні соңғы онжылдықтардағы ғылыми әдебиет пен
мерзімдік басылым беттеріндегі өткір көсемсөздің рухани азығына айналды десе де
болғандай. Қазақстандық қоғамның қазіргі қалыптасқан ахуалы мен оның болашақ
дамуының рухани бағдарын анықтаудағы барлық бұрынғыдан арылып, бәрін жаңадан
бастауды дәріптейтін «батыс- тық жолға түсу» стратегиясы өзін-өзі ақтамайды. Батыс
өзінің дәстүрлі еуроорталықтық көзқарастарынан бас тартып, шығыстық рухани
құндылықтарға иек артып жатқан тұста өз-өзінен жеріген халықтар ұлттық апатқа ұшырауы
сөзсіз. Көрнекті философ Ағын Қасымжановтың сөзімен айтқанда, «мәдениеттердің ұлттық
ерекшеліктерін жонудың, оларды қандай да болмасын экзотикалық, архаикалық құбылыс
ретінде «кері итерудің», «қырқудың» түрлі үдерістерімен сипатталатын әлемдік
өркениеттің қазіргі дамуы барлық халықтар үшін, олардың тұрмысы, өмір сүру тәртібі,
қоршаған ортасы үшін біркелкі болып келетін ортақтандырылған бір «бұқаралық-
техникалық» мәдениеттің түзілуіне әкелетін үрдіс белең алып отыр. Көбіне бұл «әлемдік
өркениеттілік», қарапайым мысал үшін айтар болсақ, кинодағы Голливудтың үлгілері
сияқты, басқа «мәдениеттің» үлгілерін таңуды ғана білдіреді.
Біздің ойымызша,
жалпыадамзаттық бұл үрдіс – әрқайсысы адамгершілікке өзінше бір үлесімен үн қосқан
барлық халықтардың мәдениеттерінің бастаулары мен қойнауларынан тарихи тұрғыда келе
жатқан құбылыс. Руханилық халыққа тіршілік етуге мүмкіндік беретін, өмір сүруге деген
құқығын бекітетін өзек болып табылады. Халықтың руханилығы тарихи тұрғыда сынаққа
түседі, шығынға ұшырайды, тоқырауға түседі, бірақ ол өмір сүргендіктен, халық та өмірін
жалғастырады. Руханилық – саналылық пен бейсаналылықтың қоспасы, халық