Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Материя  Онтология-болмыс туралы ілім



Pdf көрінісі
бет9/35
Дата22.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#142567
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Материя 
Онтология-болмыс туралы ілім 
Материализм онтологиясы 
Идеализм онтологиясы 


Материя мәңгі, шексіз, жасанды емес кеңістік пен уақытта үнемі 
қозғалыста болады. (Спиноза – материя, өзі-өзінің себебі.) Бұл қасиеттерінің бәрі 
материядан ажырамас бірлікте – атрибуттар. Олардан басқа тағы, модустар бар – 
материяның жеке түрлерінің әртүрлі күйлері мен құрылымдық даму деңгейлері (жылу 
өтімділігі, электрөтімділігі, тектілік т.б.). 
4. Қозғалыс, кеңістік және уақыт. 
Қозғалыс өзін кеңістік пен уақыт формасында айқындайды. Оларды қозғалыстың 
көріну формалары немесе сыртқы өлшемі деуге болады.
Қозғалысты біз кеңістік пен уақыттың арақатынасы арқылы өлшей аламыз. Кеңістік – 
қозғалыстың әр сәттегі құрылымы, оның құрамды бөліктері мен формаларының 
арақатынасы немесе қозғалыстың әр сәттегі сыртқы нәтижесі. 
Кант сынға дейінгі кезеңде университетте физика, математика, антропологиядан дәріс 
оқып, материалистік көзқараста болған. Ол аспан денелері, күн жүйесі табиғи жолмен
материяның даму нәтижесінде пайда болғандығы туралы ғылыми гипотеза айтқан. 
Кеңістікте ұсақ бөлшектер топталып, буылдар тұмандық жасайды. Олар қоюланып, өзіне 
тарту және кері итеру күш әсерінен шырайналу қозғалысына түседі. Өз кіндігінде айналып 
тұрған буылдар тұманнан плететалар пайда болған. Канттың табиғи – ғылыми дәлелдерге 
негізделген бұл Космогониялық теориясы ғылыми ой дамуындағы үлкен ірі жетістік болды.
Қозғалыс ешқандай сыртқы күштің әсерінсіз материяның өзіндік қасиетінен болады. 
Әлемдегі жүйелер біріннің құрамына бірі еніп шексіз кете береді. Бәрі өзара байланыста 
болады. 
Сансыз көп түрлі заттардың, құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысы 
нәтижесінде болмыстың біртұтастығы, тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Сонымен бәрі де 
дүниеде, бірдеңеге ұмтылып, өзгеріп болмыссыздыққа өтеді. 
Қозғалыс дегеніміз – кез-келген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгеріс. 
Материя өзін тек қозғалыс арқылы білдіріп, біздің санамызға, түйсік сезімдерімізге әсер ете 
алады. 
Қозғалыс - материяның өмір сүру тәсілі, сондықтан олда материя сияқты мәңгі, 
жасанды емес және жойылмайды, сыртқы себептер арқылы тумайды, тек бір формадан 
басқасына ауысып отырады.
Бұдан шығатын қорытынды – материя қозғалыс, кеңістік, уақыт формаларының 
бәріне қатысты. Материалдық дүние шексіз, яғни қозғалыстың формалары да сансыз көп. 
Ф.Энгельс Х1Х ғасырда жасаған қозғалыс формаларының классификациясы қазіргі кезде 
ғылыми жаңалықтармен толықтырылуда, бірақ негізін сақтады деуге болады. Материя 
қозғалысының негізгі 5 түрлі формалары бар:
1. Механикалық.
2. Физикалық.
3. Химиялық.
4. Биологиялық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет