Ожсб қазақ тілі 4 сынып


Ол күнді күзетеді, күн оны



бет2/2
Дата18.01.2023
өлшемі29,21 Kb.
#61828
1   2
Ол күнді күзетеді, күн оны түзетеді.

    1. Есімдік

    2. Шылау

    3. Зат есім

    4. Үстеу

  1. Тәуелдеулі зат есімді белгіле

    1. Шелекті

    2. Көргенде

    3. Әлиді

    4. Әкемді

  2. Келер шақтағы жіктелген етістік

    1. Оқисың

    2. Келе жатыр

    3. Жүзді

    4. Бардың

  3. Сөйлемдегі қаратпа сөз: Атыңды тұсап жіберуді ұмытпа, балам.

    1. Балам

    2. Ұмытпа

    3. Жіберуді

    4. Тұсап

  4. Ф дыбысы қандай дыбыс?

    1. Үнді дауыссыз

    2. Қатаң дауыссыз

    3. Ұяң дауыссыз

    4. Жуан дауысты

  5. «Екі көзі төрт болды» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы

    1. Жылау

    2. Ойлану

    3. Қорқу

    4. Қуану

  6. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздер қатары

    1. Өнерпаз, оқушылар

    2. Балапан, дәріхана

    3. Айнагүл, сәнқой

    4. Аспаз, дүкен


ОЖСБ Қазақ тілі 4 сынып
2 нұсқа

  1. Хабарлы сөйлем

    1. Сөйлеушінің көңіл күйін білдіру мақсатында айтылатын сөйлем

    2. Хабарлау, баяндау мақсатында айтылатын сөйлем

    3. Жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем

    4. Бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылатын сөйлем

  2. Өзі тіркескен сөзге күшейту, анықтау мағыналарын үстейтін шылаулар.

    1. Да (де), та (те)

    2. Қой (ғой), қана (ғана), -ақ

    3. Ма (ме), ба (бе), па (пе)

    4. Үшін, туралы, шейін

  3. Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер қалай аталады?

    1. Сөз құрамы

    2. Антоним

    3. Синоним

    4. Омоним

  4. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатары

    1. К, қ, п, т, с, ш, щ

    2. Һ, ө, й, ф, я

    3. Р, л, м, н, ң

    4. Н, к, л, м, б, қ, в

  5. Жұмбақтағы сан есімдер саны:

Он екі үйрек, бір сұңқар,
Жағалап ұшып сымпылдап. Отыз қызғыш төрт құзбен,
Айнала жүріп сұңқылдап.

    1. 5

    2. 3

    3. 4

    4. 2

  1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

    1. 3

    2. 4

    3. 2

    4. 5

  2. Зат есімнің жіктік жалғаулары

    1. -сың, -сің

    2. -мын, -ден

    3. -дар, -тер

    4. -ға, -ге

  3. Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер қатары

    1. Көре-көре, сап-сары

    2. Жап-жасыл, жап-жаңа

    3. Кіп-кішкентай, көзбе-көз

    4. Жеп-жеңіл, ұсақ-ұсақ

  4. Бейнелеуіш сөздер

    1. Табиғаттағы түрлі құбылыстардың бейнесін елестетуден пайда болған сөздер

    2. Зат есім, сан есім, сын есімдердің орнына жұмсалатын сөздер

    3. Екі не одан да көп өзден құралатын сөздер

    4. Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін білдіретін сөздер

  5. Қыстырма сөзі бар сөйлем

    1. Анам киім-кешектерді жинастырып жатыр

    2. Біз Сарыағашқа келдік

    1. Шүу, жануар, шүу!

    2. Осының бәрін, әрине, жалғыз істей алмайсың

  1. Жіктік жалғауының II жағында тұрған сөздер қатары

    1. Ұстазсыз, спортшы

    2. Домбырашы, күйшімін

    3. Ұшқышсың, ұстазсыз

    4. Оқушымын, баламын

  2. Дұрыс тасымалданбаған сөздер қатары

    1. Жаңашыл-дық, жауын-гер

    2. Жаңа-шылдық, жауын-гер

    3. Жа-ңашылдық, жа-уынгер

    4. Жаңаш-ылдық, жау-ынгер

  3. Жіктеу есімдігінің дұрыс септелген қатары:

    1. Сен, сенің, сенімен, сенде, сенен, саған, сені

    2. Сен, сенің, сені, саған, сенде, сенен, сенімен

    3. Сен, саған, сені, сенен, сенің, сенімен сенде

    4. Сен, сенің, саған, сені, сенде, сенен, сенімен

  4. Тұрақты сөз тіркесі

A) Үшінші пәтер

    1. Бетінде меңі бар

    2. Бетінің оты шығу

    3. Анасымен келу

  1. 1-жақта жіктелген етістікті тап.

    1. Мәпелейсің, мені анам.

    2. Ғылым таппай мақтанба.

    3. Найзағай ойнады.

    4. Мен хабарладым.


ОЖСБ Қазақ тілі 4 сынып
3 нұсқа

  1. Берілген сөйлемдегі бастауыш: Құсбегі құстарды торға қамады.

    1. Қамады

    2. Торға

    3. Құстарды

    4. Құсбегі

  2. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есім болатын сөз тіркесі

    1. Жақсылап көрді

    2. Байтақ ел

    3. Қызарып батты

    4. Үшке келді

  3. Әуесқойлардың сөзіндегі жұрнақ

    1. -дың

    2. -ды

    3. -лар

    4. -қой

  4. Зат есімді белгіле

А) Жеткізді

    1. Жақсы

    2. Жылқы

    3. Жетпіс

  1. Табыс септігінде тұрған тұрлаусыз мүше: Баласы әкесін вокзалдан күтіп алды.

    1. Әкесін

    2. Вокзалдан

    3. Күтіп алды

    4. Баласы

  2. Хат жазу сөйлеудің қай түріне жатады?

    1. Ауызша

    2. Жазбаша, ауызша

    3. Жазбаша

    4. Ауызша, сөйлем құрастыру

  3. Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөз табы

    1. Сан есім

    2. Үстеу

    3. Етістік

    4. Есімдік

  4. Жайылма сөйлем

    1. Ауыл ақсақалдары

    2. Аңызақ жел соғып тұр

    3. Көктем шықты

    4. Жылқылардың үйірі

  5. Сан есімі бар сөйлемді тап

    1. Анадайда ала қанат тоқылдақтың тоқылы естіледі

    2. Біз ауылға дейін үш сағат жүрдік

    3. Жазғытұры қалмайды қыстың сызы

    4. Күнделікті ұйқыға уақытында жат

  6. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемді тап.

    1. Біз екеуміз бір ауылда тұрамыз.

    2. Бақта ақ, қызыл, сары гүлдер қаптап өсіп тұр.

    3. Немересі әжесіне шай құйды.

    4. Дәулет ертегіні қызыға тыңдады.

  7. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

    1. Тұрлаусыз мүше

    2. Бастауыш

    3. Пысықтауыш

    4. Баяндауыш

  8. Мәтін түрін анықта

Итбалық
Теңізде итбалықтың он шақты түрі тіршілік етеді. Оның бір түрі Каспий теңізін мекендейтін Каспий итбалығы.
Каспий итбалығы – нағыз су жануары. Олар көбею және түлеу кезінде судан шығады да, басқа кезде суда демалады және ұйықтайды.
Итбалық үш жүз елу метр тереңдікке дейін сүңгиді, су астында он минутқа дейін бола алады.
Итбалық еті, майы, терісі үшін көп ауланады. Қазіргі уақытта итбалықты аулауға тыйым салынған.

    1. Пайымдау

    2. Әңгімелеу

    1. Шығарма

    2. Сипаттау

  1. Сен еріктілер тобының мүшесісің. Сөйлемдегі жіктеліп тұрған сөз

    1. Мүшесісің

    2. Сен

    3. Тобының

    4. Еріктілір

  2. Қысқарған сөздер

    1. Бірнеше сөздің тіркесінен тұратын атаулардың қысқартылып айтылуы

    2. Екі не одан да көп түбірден, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер

    3. Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған сөздер

    4. Екі не одан да көп түбірден құрылған сөздер

  3. Өткен шақта тұрған етістік

    1. Армандады

    2. Жылайды

    3. Келеді

    4. Құйып тұр

ОЖСБ Қазақ тілі 4 сынып
4 нұсқа

  1. Қуанышы қойнына сыймады тұрақты сөз тіркесінің мағынасы

    1. Жылау

    2. Ойлану

    3. Қатты қуану

    4. Армандау

  2. Қосарлама қос сөз

    1. Асқазан

    2. Қайта-қайта

    3. ҚазҰПУ

    4. Құрал-жабдық

  3. Жіктеу есімдігінің дұрыс септелген қатары:

    1. Сен, сенің, сені, саған, сенде, сенен, сенімен

    2. Сен, сенің, саған, сені, сенде, сенен, сенімен

    3. Сен, саған, сені, сенен, сенің, сенімен сенде

    4. Сен, сенің, сенімен, сенде, сенен, саған, сені

  4. Сөйлеміндегі тұрақты тіркестің мағынасы: Бұзауларды жамыратып алғаны үшін әкесі Алмастың екі аяғын бір етікке тықты.

    1. Тыным таппады

    2. Әбден сабады

    3. Қысымға алды

    4. Әлек болды

  5. Зат есімдер қатарын көрсет

    1. Отырды, секірді, қызыл

    2. Отыз бес, алпыс, жүз

    3. Жұмсақ, қатты, жасыл

    4. Ата, қалам, асық, гүлдер

  1. -ақ шылауының жазылу емлесі

A) Сөзден бөлек жазылады

    1. Сөзбен бірге жазылады

    2. Үтір арқылы жазылады

    3. Дефис арқылы жазылады

  1. У дыбысы дауыссыз болып тұрған қатар:

    1. Айтушы, була

    2. Қауын, тергеуші

    3. Сапыру,бу

    4. Жабу, себу

  2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

A) Баяндауыш, бастауыш

    1. Толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш

    2. Бастауыш, анықтауыш, етістік

    3. Толықтауыш, пысықтауыш, зат есім

  1. Мен қолымдағы кітабымды досыма бердім. Сөйлемдегі мен сөзі қай сөз табына жатады?

    1. Жалғау

    2. Есімдік

    3. Зат есім

    4. Шылау

  2. Қанша? неше? сұрағына жауап беретін сан есім

    1. Күрделі

    2. Есептік

    3. Реттік

    4. Дара

  3. Сөз тіркесі болатын нұсқа

    1. Бірқазан

    2. Аспан көк

    3. Үздік оқушы

    4. Биік-биік

  4. Бейнелеуіш сөздер

    1. Екі не одан да көп өзден құралатын сөздер

    2. Зат есім, сан есім, сын есімдердің орнына жұмсалатын сөздер

    3. Табиғаттағы түрлі құбылыстардың бейнесін елестетуден пайда болған сөздер

    4. Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін білдіретін сөздер

  5. Хат жазу сөйлеудің қай түріне жатады?

    1. Жазбаша, ауызша

    2. Ауызша, сөйлем құрастыру

    3. Жазбаша

    4. Ауызша

  6. Сөйлемдегі етістік: Аяужан мектепке ерте келді.

    1. Мектепке

    2. Ерте

    3. Аяужан

    4. Келді

  7. Өткен шақ етістіктерін белгіле

A) Келе жатыр, үйреніп отыр

    1. Келіпті, үйрендім

    2. Келемін, үйренемін

    3. Келді, үйренеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет