Мысық пен тышқан Ойын кең алаңда,кең залда ойнатылады.Ойынға 10-нан 20 адамға,одан да көп ойыншы қатысуға болады.Оқушылар дөңгелене қол ұстасып тұрады.Ойынға қатысушылар өз араларынан екі адымды ортаға шығарып,оның бірін тышқан,екіншісін мысық етіп белгілейді.Тышқан шеңбер ішінде қалады, ал мысық оның сыртында,тышқанда аңдып жүреді,оны ұстауға тырысады.Ойыншылардың міндеті-мысық,тышқанды ұстаймын деген кезде ұстасқан қолдарымен оның жолын бөгеп, тышқанды ұстатпауға күш салу.Мысық қапылыста ішке кіріп кетсе,тышқанды сыртқа шығарып,мысықты ұстап қалуға тырысады.Осылайша бірін-бірі қуып жүріп мысық тышқанды ұстайды.
Ұстаған бойында тышқан рөлінде ойнаған ойыншының орнына басқа бір адамды шығарады.Ал мысық болып ойнаушы өз орнына басқа ойыншыны ұсынып топқа қосылады.Ойынды осы тәртіппен ойнай беруге болады.Мысықтың жолын бөгегенде оның киімінен ұстап немесе итеруге болмайды.Тек ұстасқан қолдарын жоғары көтеріп не төмен түсіріп отырады.
Қойшылар мен қасқыр Ойыншылар алаңның басқа жағынан тұрады,жүргізуші оған қарама-қарсы екінші жағында тұрады.Ойыншылар арасынан қасқыр мен шопан таңдалады.Жүргізуші шопанға қарап былай дейді:
Жас шопан-ау,жас шопан,
Ақылға құлақ тос шопан!
Қойыңды айда біз жаққа,
Шабандығы ғажайып,
Жеңілденер иығың,
Бар жұмысың азайып.
Сөз біткеннен кейін шопан қойын солай қарай айдайды.Ал қасқыр қойларды
ұстап,апанына тасиды.
Ойын шарты:Қойлар басқа жаққа жайылымға жүгіріп баруға ұмтылады,қасқыр жүргізушінің сөзі аяқталған соң қойларды ұстауға кіріседі.Егер қасқырдың қолы тисе,онда сол қол тиген қой
қолға түскен болып саналады.Қасқырдың қойды шабындық сызығына өтіп кеткеннен кейін ұстауға қақысы жоқ.