№
|
Қадамдар
|
Әрекет алгоритмі
|
1
|
Науқастың жағдайын бағалау
|
Аллергеннің организмге түсуін тоқтату
Пациенттің жағдайының ауырлығын бағалаңыз және дәрігерді шақыруды қамтамасыз етіңіз
АҚ, ЖЖЖ, ТЖ, сатурация мониторингін қамтамасыз ету.
|
2
|
Пациентті
шокқа қарсы іс-шараларды жүргізуге дайындау
|
Пациентті жатқызып, тілін ұстау, басын бүйіріне қаратыңыз, төменгі жақсүйекті алға тартып, ауыз қуысын тазалаңыз, аяғын көтеріңіз (Тренделенбург қалпы)
|
3
|
Вена ішіне кіруді қамтамасыз ету
|
Шеткергі венаны катетерлеу.
Катетерлер №14,16
|
4
|
Пациенттің организмін оттегімен қамтамасыз ету
|
Таза ауаның келуін қамтамасыз ету. Ылғалданған оттегіні беру
|
5
|
Анафилаксиялық шокты емдеу үшін негізгі дәрілік және медициналық құралдарды дайындау
|
Шокқа қарсы іс-шараларды жүргізу үшін қажеттінің барлығын дайындау:
Шокты емдеуге арналған негізгі дәрілік заттардың тізбесі
дәрілік заттарды в/і тамшылатып енгізуге арналған жүйе, әртүрлі көлемдегі шприцтер,
ӨЖЖ аппараты (Амбу қабы) кеңірдекті интубациялауға арналған жиынтық (болған жағдайда) «небулайзер» аппараты
|
6
|
Шұғыл көмек көрсету бойынша іс-шараларды орындау
|
Дәрілік заттарды енгізуді қамтамасыз ету:
санның алдыңғы немесе бүйір бетіне 0,18% эпинефрин ерітіндісі 0,5 мл, тиімділігі болмаған жағдайда 5 минуттан кейін б/і қайта енгізу; 50 мкг 0.18% эпинефрин ерітіндісі 500 мл физ. ерітіндімен в/і тамшылатып енгізу.
инфузиялық ем жүргізу (коллоидты және кристаллоидты ерітінділерді енгізу 0,9% натрий хлоридінің изотоникалық еріт. 1-2л.
|