глюкокортикостероидтарды енгізу: 60 - 90 мг (120 мг дейін) преднизолон ерітіндісін вена ішіне енгізу,
немесе дексаметазон 8-32 мг, немесе
гидрокортизон 200мг б/і немесе в/і баяу.
7
|
Бронхоспазм кезінде бронхолитикалық терапияны жүргізу
|
Натрий хлоридінің 2,5 мл изотоникалық еріт-де 2,5 мг сальбутамол ерітіндісін ингаляциялау арқылы (небулайзер арқылы) енгізу.
|
8
|
Десенсибилизациялаушы ем жүргізу
|
Гемодинамика тұрақтанғаннан кейін антигистаминді (десенсибилизациялайтын) дәрілік заттарды енгізу:
препараттардың бірі болған кезде: хлоропирамин ерітіндісі 2% - 1-2 мл,
немесе дифенгидраминді 1%- 1 мл б/і немесе в/і енгізу
|
9
|
Реанимациялық іс-шараларды жүргізу (қажет болған жағдайда)
|
Реанимациялық
іс-шаралар жүргізу (жүректің жабық массажы, жасанды тыныс алу, интубация).
|
10
|
Аяқтау
|
Реанимация бөліміне жатқызу
|
Коммуникативтік дағдылар (тарату үшін)
Жабдықтау:
Стандартталған пациент
Инвазивтік араласулар жүргізу үшін пациенттің жазбаша келісімі
Жағдаяттық тапсырма: 45 жастағы пациент стационарға, гастроэнтерология бөлімшесіне түсті. Тексеру кезінде фельдшер пациент туралы келесі мәліметтерді алды: ішек босаған кезде тікішектен аз мөлшерде қан шығады Дәрігер пациенттің ауруының себебін анықтау үшін колоноскопияны тағайындайды.
Тапсырма: Сіз фельдшерсіз және пациентке зерттеуден бұрын дайындықты түсіндіріп, келісімін алуыңыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |