ОҚКЕ «Анафилаксиялық шок кезінде медициналық көмек көрсету (ауруханаға дейінгі)» (Тарату үшін)
Станциядағы жабдықтау
1. Емтихан тапсырушыға арналған тапсырмасы бар парақ.
2. Толық бойлы манекенмен кушетка.
3. Тонометр, фонендоскоп, штативтер, в/і құюға арналған жүйелер, шприцтер, небулайзер.
4. Жедел шұғыл көмек кезеңінде көрсетілетін дәрі-дәрмекпен емдеу
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (қолдану ықтималдығы 100%):
• эпинефрин 0,18%-1,0 мл, ампула
• норэпинефрин 0,2% - 1,0, ампула
• преднизолон 30 мг, ампула
• дексаметазон 4 мг – 1,0 мл, ампула
• гидрокортизон 2,5% - 2 мл, ампула
• натрий хлориді 0,9% - 400 мл, құты
• дофамин 4% - 5,0 мл, ампула
• клемастин 0,1% - 2,0 мл, ампула
• дифенгидрамин 1% -1,0 мл, ампула
• хлоропирамин 2% - 1,0 мл, ампула
Қосымша дәрілік заттардың тізбесі (қолдану ықтималдығының 100% - дан кем):
• калий хлориді + кальций хлориді+Натрий хлориді, 400 мл, құты
• натрий ацетаты + натрий хлориді+Калий хлориді, 400 мл, құты
• декстроза 5% – 500 мл, құты
• аминофиллин 2,4% - 5,0мл, ампула
• сальбутамол 2,5 мг/2,5 мл ампула
• фуросемид 20 мг – 2,0 мл, ампула
№ 1 клиникалық жағдаяттық тапсырма
Дәрігер- косметолог 36 жастағы әйелге инвазивті емшара тағайындады. Препаратты бетке тері ішіне енгізу нәтижесінде тыныс алудың қиындауы, жедел әлсіздік, суық, жабысқақ тер, кеудедегі қысылу сезімі, қорқыныш пайда болды. Жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды.
Объективті: жағдайы ауыр, бағдарсыз, тежелген. Тері жамылғысы цианозды, бозғылт, ұстағанда суық. Пульсі жіп тәрізді, минутына 120. Экспираторлық ентігу. Жүрек үндері баяу, АҚ 70/40 мм с.б. Бет терісі ісінген, қызарған. Анафилаксиялық шок диагнозы қойылған.
Тапсырмалар:
Шұғыл көмек көрсетіңіз.
№ 2 клиникалық жағдаяттық тапсырма
Пневмониямен ауыратын 39 жастағы ер адам терапевт - дәрігерден ем алды. Анамнезден: пациентте новокаин мен пенициллиндерге анықталған дәрілік аллергия бар. Лидокаинмен сұйылтылған цефтриаксонды бұлшықет ішіне енгізу (алдын-ала сынамасыз) нәтижесінде пациентте қорқыныш, тыныс алудың қиындауы , жедел әлсіздік, суық, жабысқақ тер, кеудеде қысылу сезімі пайда болды. Жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды.
Объективті: жағдайы ауыр, бағдарсыз, тежелген. Тері жамылғысы цианозды, айқын бозарған, суық жабысқақ тер. Пульсі жіп тәрізді, минутына 123. Экспираторлық ентігу. Жүрек тондары баяу, АҚ 80/50 мм с.б. Кеудесінің артында ауырлық сезімі, тыныс алудың қиындауы. Анафилаксиялық шок диагнозы қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: |