Өкпе тромбоэмболиясы


ӨАТЭ электрокардиографиялық диагностикасы



бет3/7
Дата19.02.2023
өлшемі337,9 Kb.
#69171
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЖТД Нурай ӨСОА

ӨАТЭ электрокардиографиялық диагностикасы:

  • · P-pulmonale (оң жақ жүрекшенің жүктемесі);
  • · Жүрекшенің электрлік осінің оңға айналымы ( Мак-Джина-Уайт синдромы- I стандартты əкетудегі терең S тісшесі, III əкетудегі Q тісшесі мен Т тісшесінің болмауы );
  • · Өтпелі аймақтың солға ығысуы;
  • · Оң жақ жүрекшенің жүктемесі; · Гис шоғырының оң тармағының жедел дамыған толық блокадасы;
  • · Инфаркт тəрізді өзгерістер – II III aVF əкетулерінде ST тісшесінің элевациясы немесе V1-4 əкетуде ST тісшелерінің жоғары тұруы (миокард инфарктынан айырмашылығы ӨАТЭ реципрокты өзгерістер тəн емес);
  • · Оң жақ (V1-3) кеуде əкетуіндегі Т тісшесінің инверсиясы; · 20% жағдайда ӨАТЭ ЭКГ-да өзгерістер тудырмайды;

ӨАТЭ, жүректік жəне бронхиальды демікпенің дифференциальды диагностикасы

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

  • 1. Өмірге маңызды ағзалар қызметін жəне жалпы жағдайын бағалау: есі, тынысы (минутына 20 артық тахипноэ) жəне қан айналымы
  • 2. Науқас қалпы: отыруға немесе жоғарылап отырғанда ұмтылдырмай, жиі көлденең орналастыру.
  • 3. жедел өкпе-жүрек жəне өкпелік гипертензия белгілерінің анықтамасы: мойын веналарының ісінуі мен пульсациясы; жүрек шекарасының оңға кеңеюі; тыныс алғанда күшейетін эпигастральды пульсация; өкпе артериясында II тонның акценті мен екі еселенуі; бауырдың ұлғаюы.

4. Пульсті зерттеу, жүректің жиырылу жиілігін жəне артериялды қан қысымды өлшеу: тахикардия, аритмия, гипотония болуы мүмкін.

  • 4. Пульсті зерттеу, жүректің жиырылу жиілігін жəне артериялды қан қысымды өлшеу: тахикардия, аритмия, гипотония болуы мүмкін.
  • 5. Өкпе аускультациясы: əлсіреген тыныс немесе оқшауланған аймақтарда ұсақ көпіршікті сырылдар, кейде құрғақ сырылдар болуы мүмкін.
  • 6. біріккен симптомдардың болуын анықтау: кеудеде ауыру сезімі, жөтел жəне қан түкіру, гипертермия.
  • 7. Флеботромбоз жəне тромбофлебит белгілерін анықтау үшін аяқты қарау: аяқтардағы асимметриялы ісіну; балтыр аймағында жəне санның тізе үстінен 15 см деңгейінде асимметриясы; тері жабындылары түсінің өзгеруі (қызару, тері асты веналарының суретінің күшеюі) вена бойымен пальпациялағанда ауыру сезім, балтыр бұлшықетінің қатаюы жəне ауырғыштығы.
  • 8. ЭКГ тіркеуі – ӨАТЭ кезінде ЭКГ-дағы жедел типті белгілердің пайда болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет