Оксигенотерапия, оттегі беру, түрлері, көрсеткіштері және қарсы көрсетілімдері Орындаған: Әбдуәзиз Жания 132ЖМ
Қабылдаған: Тайжанова Ляззат Евгеньевна
Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)—емдеу мақса-тында оттегін қолдану. Ол организмде оттегі жетіспейтін жағдайда өте тиімді. 40—50% оттегі бар газ қоспасын жұту қан тамырындағы қанды біршама тез толтырып қалыпқа келтіреді. Оттегімен жүргізген емнен кейін сыр-қаттың көңіл-күйі көтеріліп, көгеруін азайтады, тыныс алуы неғұрлым сирек әрі тереңдей түседі, ентікпесі ке-тіп, жақсарады. Атмосфералық ауамен белгілі бір қатынаста оттегі ылғалдануы тиіс. Оттегімен емдеу ұзақта үздіксіз болуы тиіс. Оттегін тиімді және үнемді пайдала-ну қажет. Оттегін көп беруден қашық болу керек, себебі жоғарғы концентрациядағы (70% жоғары) оттегі жүрек-қан тамыры жүйесіне және дем алуға теріс әсер етеді.
Оттегін ингаляциялық әдіспен енгізу. Оттегін қолданудың алдында тыныс жолдарының өткізгіштігіне, онда қақырықтың немесе құсық массасының жиналмағанына көз жеткізу қажет.
Оттегін мұрын катетрлері арқылы оттегі жастығынан, оттегі палаталарының көмегімен тікелей баллоннан немесе орталық оттегі станциясынан беруге болады.
Оттегін ингаляциялық жолмен енгізу үшін мынадай аппаратуралар: редуктормен қамтамасыз етілген оттегі (5ар баллон, оттегі жастығы шүмегі және мундштукті ре-зеңке түтік болуы қажет.
Оттегін жастыққа былайша толтырады: мундштугын шығарып, резеңке түтікті оттегі баллонының рёдукторына қосады, вентильді баяу ашады да жастықты толтырады. Жастықты толтырған кезде редуктордың вентилі мен жастықтың шүмегіы жабады, ауызды қүрғатпау және оттегін ылғалдау үшіи дымкыл дәкемен ораған мундштук кигізеді. Мундштукты сыркат аузынан 4—5 см қашықтау ұстап, резеңке түтікке жібе-ретін клапанды біртіндеп ашу керек.
Жоғары қысымның салдарынан оттегі шығады да, дем алған кезде тыныс алу жолына түседі. Оттегінің түсу жылдамдығын түтік-тегі шүмекпен әрі оттегі түгел шыққанша жастықтың бұ-рыш-бұрышын басу жолымен реттейді. Әдетте сырқаттар минутына 4—5 л берілетін оттегін жақсы кабылдайды. Жастықтағы оттегі 4—7 минутқа жетеді, ал содан соң оны артық сақталған жастықпен ауыстырады немесе қайтадан оттегімен толтырады. Берілген тәсілмен ендіру кезінде оттегін ылғалдау жеткіліксіз, ол ауыз куысы мен мүрыннын шырышты қабатын кептіреді, сондықтан оттегін мүрын катетрлері арқылы енгізу дұрыс. Назарларыңызға рахмет!!!