Октябрь б. Б. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қаласы



Дата06.01.2022
өлшемі27,88 Kb.
#14614
Байланысты:
Октябрь Б.Б. С. Аманжолов атын. ШҚМУ. Мақала


ӘОЖ 94(574)

ОКТЯБРЬ Б.Б.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қаласы.
МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ БАСПАСӨЗ БЕТТЕРІНДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ тарихының аса бір күрделі кезеңінде ұлттың еркіндігі мен өзін – өзі билеуі үшін күресте қанша қуғын – сүргін көрсе де, өмірлік мұраты еткен теңдік пен азаттық жолынан ешбір таймаған.

ХХ ғасырдың басы қазақ қоғамына жан бітірген, белсенді қимылға бастаған заман болды. Бұл патшалық Ресейдің отаршылдықты күшейтіп, қазақ даласына тізесін одан әрі батырып, озбырлығы өрши түскен кезі еді. Патша пәрмені күшейтіліп, айдың күні аманда әр жерлерде құрылған дала соттарының шешімдерімен туған халқына жан – тәнімен берілген кінәсіз, асыл азаматтар сәл қарсылық көрсетсе болды Сібірге айдалып, абақтыға жабылып, атылды. Жергілікті  әкімшілік тарапынан жасалатын әлеуметтік әділетсіздік күнделікті дағдыға айналды. Олар қазақтарды ұрып соғып, мал – мүліктерін тартып алып, ойына не келсе соны істеп, жер аударылған мұжықтар үшін ешнәрседен тайынбады. Сауаты кем бұқара ел ішінен шыққан белсенділердің зорлық – зомбылығынан қажыды. Осындай жағдайды күн сайын көзбен көріп, жете ұғынған Міржақып Дулатұлы өз кезінің өзекті әлеуметтік мәселелер туралы тамаша тұжырымдар жасады. Шырт ұйқыда жатқан қазақ қоғамына саяси өмірге араласыуна, өзінің тәуелсіздігі мен келешегін ойлап “Оян, қазақ!” – деген атпен өлеңдер жинағын жазғанда ол 25 жаста еді. Ол: «Енді шенеуніктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет – ғұрпымызды, біздің молдаларға ғана тиісті неке мәселесіне де араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды»[1,29]. Патшалық Ресейдің отарлау саясатының тақсіретін тартқан қазақ халқын оянуға, сол кездегі қазақ халқының өміріндегі ащы шындық, бекер өмір сүру үшін күресуге шақырды:

Көзіңді аш, оян,қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас – ты.

1907  жылы «Серке» газетінде шыққан, отаршылдық саясаттың озбырлығын айқын көрсететін «Біздің мақсатымыз» атты тұңғыш мақаласындағы: «Қазағым менің, елім менің! Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық. Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады» — деген алғашқы сөздерінің өзі – ақ М.Дулатұлының өз халқының азаттығы жолындағы күресінің басты мұраты іспеттес. 1905 жылдан бастап қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысын басқарған, қазақ ұлттық «Алаш» партиясының негізін қалаған, алашорда үкіметінің басшысы болған Әлихан Бөкейхан өзінің соңынан ерген жастарға – егер ұлтыңа пайдалы адам болғыларыңыз келсе, бәрінен бұрын орыс өкіметінің атамекеніміздегі жер саясатын мұқият зерттеп үйренуге тырысыңыз, сізге не істеу керектігін осы саясаттың өзі – ақ көрсетіп береді деп кеңес беруі осы мәселенің қазақ үшін қаншалықты маңызды болғанын аңғартады.

Міржақып Дулатұлы 1911 жылы жазған «Жер мәселесі» деген мақаласында қазақ үшін аса маңызды нәрсе – елді отаршылдыққа үндейді. Автор: «Ішкі Россиядан бұлттай көшіп келе жатқан мұжық алдағыға көз салуды үйреніс қылмаған қазақ халқын да ойға қалдырды. Бұрынғыдай көшіп жүру керек пе?» — деп сұрақ қоя тұрып, бұл мәселенің оңай емес екенін айтады[1,44].

Міржақып Дулатұлы «Қайтсек жұрт боламыз» атты мақаласында патша үкіметі құлап, ескі тәртіп жойылып, бостандық туғанына жыл жарым болғаны, осындай заманда қазақ сияқты халықтардың ұйымдасып, жұрт қатарына қосылып қалудың лажын іздестірудің қажеттігі туралы жазды. Бұл бағытта сол кездегі буынның алдында тұрған үлкен міндет -– келешекті ойлау еді. М.Дулатұлы Алаш азаматы екі жолдың айырығында тұрғандығын, бірі – құлдық жолы, екіншісі – жұрттық жолы екенін көрсете отырып: «Сөз байлаулы сол, әскеріміз болмаса, қазынамыз болмаса, біз автономия ала алмаймыз. Автономия алмасақ, жұрт бола алмаймыз. Қайтсек жұрт боламыз дегенді ойласақ, жауап біреу – ақ – әскеріміз болсағана жұрт боламыз» — деп кесіп айтады[1,363]. Мақалада содан кейінгі көтерілген үлкен мәселе – халықтың бірлігі. 

1918 жылдың 2 қаңтарында «Сарыарқа» газетіне шыққан «Жалпы қазақ – қырғыз съезі» деген мақалада Міржақып Дулатұлы өз алдына автономия – мемлекет болудың оңай еместігін ашық айта отырып, барлық қазақ баласына Алаш туының астына жиналуға шақырады. Ол: «Біз енді өз алдымызға мемлекет боламыз деп тұрмыз. Бірақ «боламыз» бен «болудың» екі арасы жермен көктей. Сондықтан «боламыз» деген соң болуға аянбай қам қылу керек. Боламыз деп бола алмай қалсақ, дүниеде онан артық қорлық жоқ, кез келгеннің қолында кеткеніміз» дейді [1,346 -347].

Туған халқының бостандығы мен ұлт ретінде қалыптасуын армандаған, оның жолына өмірін арнаған, тарихымыздың тағдырлы кезінде «Оян қазақ!» деп ұран тастаған, қарымды қаламымен жарқын болашаққа қызмет ете білген Міржақып Дулатұлының мұрасын оқу, игеру, оның рухани күшін бігінгі құрып жатқан қоғамда пайдалана білу бүгінгі ұрпақтың абыройлы міндеті болмақ.

1907 жылы 3 шілде де Патша жарлығымен қазақтар мен Сібір және Орта Азияның тұрғылықты елдері Ресей Мемлекеттік Думасына қатысу құқығынан айырылды. Бұл шешім ұлттың өзін-өзі басқару мүмкіншілігін бұзып жойған. М.Дулатұлы өзінің «3 шілде заңы» атты мақаласында бұл шешім әділетсіз деп сынға алған. «Егер де қазақтардың мәселелерін шешу барысында қазақтардан шыққан депутаттар қатыспаса, ұсыныс жасайтын депутаттар қаншама білімді әрі шешен болғанымен мәселені шешетін тоқтам болмас»,-деп жазған. 

«Біздің міндетіміз»  атты мақаласында М. Дулатұлы Ресейде қазақтар құқықсыз халық екендігін жазған. «Жиналған салық елдің пайдасына қолданылмайды. Қазақ халқының үстінен қарайтын министрлер, стражниктер, урядниктер ұлықтылығы байқалады. Осы шенеуніктер, урядниктар қазақтарды қорлайды, оларды тонайды, білгенін істейді. Олар біздің дінімізге мазақ қылып, кітаптарымызға тиым салып, тәркілейді. Бұл шенеуліктер қазақтың жеріне мұжықтың аударуын бастап, сулы және құнарлы жерлерді «кесіп алды». Олар құқықсыз қазақ ие болған барлық нәрселерін алуға дайын. Шаруалардың айдалуы не үшін құрылды? Құнарлы жерлер аз емес, бірақ олардың барлығы байлардың қолында. Кедейлердің сол жерді сатып алуға мүмкіншілігі жетпейді. Жерсіз жүрген шаруалардан құтылу үшін әртүрлі министрлер, тәкаппар шенеуніктер, генералдар оларды қазақ даласына айдайды.

Кең далада еркін жүріп, еркін тұрып, мал бағып, бар керегіміз малдан табылып, басқа нәрселерден керек қыла қоймаушы едік. Заманында сол қалпымыз жайлы да, жақсы да еді. Заман қазір сол қалыпты болса, қазақққа ғылым, өнер керек болмас еді. Адам ғылым мен өнер – үшін жаратылған емес, ғылым мен өнер адам үшін шыққан, адамның өз тіршілігіне керек болған кезде ойлап тапқан нәрселер. Не нәрсені де болса, адам керегі болса іздеп жоқтайды, қажеті жоқ нәрсені кісі іздемейді.

Бұрыңғыдай кең даланы қазақ жалғыз мекшіктеніп отырған жоқ, басқаларда келіп тығылды. Басқалар дегеніміз патша үкіметінің жарлығы мен бұйрығы бойынша қазақ даласына келген келімсек мұжықтар. 1861 жылғы патша үкіметінің шаруалардың басы байлығын жою туралы жарлықтан кейін, қазақ даласына орыс шаруаларының қоныстануы басталды. 1867 – 1868 жылдардағы уақытша ережемен 1880 – 1890 жылдардағы патша үкіметінің ережелерінен кейін қазақ даласына мұжықтарды қоныстандыру, орыстандыру, отарлау саясаты күшейді. Онымен қоса Ресей патшалығы мен Цинь империясы арасындағы саяси – экономикалық мәселелерді шешу барысында Жетісу өлкесіне ұйғырлар мен дүнгендер көшіріліп әкелініп, қоныстандырылды. Қалыптасқан жағдайларға байланысты басқа халықтармен араласы енді көбейді. Сынықтан басқаның барлығы жұғады демекші, қазақ жерінен айырылып қана қоймай, өзіндік ерекше ұлттық белгілері мен құндылықтарын жоғалта бастады. Өзгелерден кем болмай, тең боламын деген жұрт қатарынан қалмасқа тырысады. Тең болғанда адам болсын, жұрт болсын, білімі, өнерімен тең болады. Қалыспаймын дегенде осыларымен қалыптаспасқа тырысады [4,202].

Бізде негізгі зор адасқандық – өз ісімізді өзіміз істемей, өзгеге сенгендік. Өзіміз жай жатып сұрай берелік дейміз де, сұрай береміз. Сұрағаның алмақ түгіл, қазақ әлі алдыруымен келеді. «Жығылған күреске тоймас» деген, алмаса да қазақ сұрауын қоймайды. Сұрауда да парық бар екенін есіне де алмайды. Біреу сұрау бар – ол есікте тұрып, еңкейіп бас ұрып, жыламсырап, аяныш түсіріп, көңілін жібіту жөнімен сұрау. Бұл қайыршылардың сұрауы. Оған ойланбай, қамданбай, осал, оңтай нәрсе, тиын–сымн бере салады. Бұл – елеусіз сұрау. Екінші түрлі сұрау бар – ол төрде отырып, төьесінен тең ұстап, қадіріне сүйеніп сұрау. Бұл – елеулі сұрау. Бұл сұрағанның қолқасы ескерусіз жерде қала қоймайды. Сұрағанын бермесе де ойланып, қиналады [5].

Қазақтың сұрауы бұл екі сұраудың қай түрі екенін өздері біледі. Біздің айтатынымыз: қазақтың сұраудан арманы да жоқ, сұрағанын алғаны да жоқ. Сонда да әлі сұрасақ молығар едік деп қамданады. Сұрағанынан молықса, қайыршылар молығар еді. Қайыршылықтан байығандар бек сирек. Есіктен есікке жүріп, қайыршылықпен күнелткен тіршілік қандай, өз бетінен кәсіп қып, мал жиып, өз еңбегімен күн көрген тіршілік қандай? Қайыршылықпен күн көремін деген – оңбайтын адамның ісі, сұраумен молығамыз деген оңбайтын жұрттың ісі. Біз осы күнге шейін сұраумен келдік, берер деген үмітті бақтық. Сұрағанымыз көп, алғанымыз қанша, есепке алып байқау керек емес пе? Сұрауымыз көп болып, алғанымыз жоқ болса, сұрауда не мағана бар? Өзгеге сенбей, өлмес жағымызды, өзіміз көздеп ойланып, қамдану керек емес пе? Жоқ, әлде басқа сұрауымыз жетпеген жері бар десек, толықтырылып сұралық. Сұрамай қалғанымыз жоқ екен. Сұрасақ та бермейді екен. Сұрағаннан ешнәрсе өнбейтін істі бойып, өзге жолын қарастырып, ақылдасуымыз тиісті емес пе? [5]

Міржақып Дулатов қазақ тілінің жағдайы мен мәртебесінің төмендігі, қазақ тілінің дамуы мен алға басуы қазақ жазушыларынан басталу керек екендігін ұсынды. Өзінің мақаласын «Еңбекші қазақ» газетінде жариялап, қазақ жазушыларын сынға алды. Мақаладан үзінді келтірсек: «Біздің жазушылардың көбі – орысша оқығандар. Олар көбіне қазақшадан да орысшаға жетік. Жетік болмаса да, жетікке ұқсайды, жетік болып кқрінгісі келеді. Сондықтан олардың қазақша жазғаны да орысшаға ұқсап тұрады. Оны жазушының өзі секілді орысша оқығандар ғана болмаса, қара қазақ түсіне алмайды» [4,364-365]

Қазақ тілін іске асыратын болсақ, қазақ әдебиетін күшейтеміз десек, ең алдымен, істің санын салмақтамай, сапасын ескеруіміз керек. Ол үшін қазақша деп жазылған сөздердің әлгі кемшіліктерін құрту керек. Оны құрту үшін әуелі сол кемшіліктің қандай екенін білу керек.

Ол кемшіліктің бірі – дыбыс жүйесі жағынан болатын кемшілік. Жазушыларымыздың көбі қазақ тілінің дыбыс жүйесңн елемейді: орысшадан аударған сқздерді бұлжытпай, дәл айтуында жазады. Мысалы «Мәскеу» деп жазбай, «Москва» деп жазады, «коменес» демей, «коммунист» деп жазу. Осы сықылды сөздердің көбі ілім негізінде қарастырылып, тексеріліп, қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктері ескеріп, қазақ білімпаздарының сиезінде ондай сөздердің жалпы негіз де ашылып, тиісінше қаулы шығару жөн.

Екінші кемшілік – сөз жүйесі жағынан болатын кемшілік, қазақша жалғау, жұрнақтарды елемегеннен болатын кемшіліктерді жою. Қазақ тілінің заңдылықтарын ескеру арқылы, негізгі буынға жалғанатын жұрнақ пен жалғаулардың қолдану заңдылығын жасап, ереже қабылдау.

Үшінші кемшілік – сөйлеу жүйесі жағынан болатын кемшілік. Біздің жазушыларымыз сөйлем ішіндегі сөздердің алдында айтылатынын артына, артындағысын алдына әкеліп, сөздерін орысша тізеді. «Таймінер жолдас» деудің орнына «жолдас Таймінер» деу де сол кемшіліккке келеді [6].

Төртінші кемшілік – жалпы кемшілік. Бұл кемшілік жазушының орысшаны да жете білмегенінен болады иә орысшаға жетіктігі асқынып кетіп, білім буынына түсіп кеткеннен болады. Мәселен, «бөркім жарасады» деудің орнына «бөркім жүреді» дейтіндер жоқтың қасы емес; «өзеннен өту» дегенді «өзен арқылы өту» дейтіндер де бар. Мұндай кемшіліктердің әрқайсысын өз алдына тексермесе, барлығын бір жалпы ережеге сыйғызуға болмайды. Бет-бетімен кеткен былық сөздерде ереже қайдан болсын. Дұрысында, мұндай кемшіліктерден құтылу үшін дыбыс жүйесі, сөз жүйесіндегі ережелердің де керегі жоқ, тек қана жазушының жазуын қазақша қылып шығаруға ниеті дұрыс болса болады: «түсінік беру» сықылды ерсі сөздердің ерсі екені орысшаға жетік жазушының өзіне де бірден сезіледі ғой. Сондықтан жазушы сөзін қазақша жазғысы келсе, орысшаға жетік те, қазақшаға шорқақ екенін көрсетіп қылу сықылды айрықша ниеті болса, ондай сорақылықты тілдің заңы жағынан тексерудің қажеті де жоқ. Ал қазаққа ат қойып, айдар та,у дұрыс емес. Қазақ даласында мәдени төңкеріс жұмыстары қолға кеш алынды деген пікірлер мен сыбыс дұрыс емес. Қазақ – мәдениет жағынан артта қалған елдердің бірі, бірақ мәдени құрылысы жөніндегі істеп отырған жұмыстарымыз әлі де нашар екендігі кімге де болса мәлім. Қазақ еңбекшілерінің көп заманнан бермен қарай қараңғылықтың құрсауынан шыға алмай келеді. Сөйткен қалың еңбекшілерді лезде басқа мәдениетті елдің қатарына түсіп, бір-екі жылдың ішінде мәдениеттендіріп жіберу оңай жұмыс емес [6].

Қалың еңбекшілерді жалпағынан мәдениеттендіріп жіберу үшін алдыменен мәдени күш керек, көп қарекет керек. Төңкерістің алғашқы жылдары түгіл осы бір-екі жылдың арғыжағында да бұл күштер біздің қолымызда жеткілікті түрде бола қойған жоқ. Қазіргі уақытта біз бұл қалыптан шығып келеміз, жалпы шаруашылық іргелі басып, оның өндірістік күші артып келеді. Онымен қатар ауылдарда мектеп саны көбейіп, еңбекшілердің оқу жұмысына ықыласы артып отыр. Еңбекшілер жұртшылығының осы екпінін еске алып, партия, үкімет мәдениет төңкерісін жариялап отыр. Еңбекшілердің таптық сезімін оятып, саяси саңылауларын көтеріп, соның арқасында еңбекшілер мәдениет төңкерісініңде маңызын түсіндіріп отыр – деп 1928 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде өз мақаласында жариялыған. Бірақ біз бұл мақалада айтылып, жазылған мәліметтердің шындыққа жанасатындығын, қазақ қоғамындағы өзгерістердің дұрыстығын айта алмаймыз. Қылышынан қан тамған кеңес билігі кезеңінде газен бетіне сол заман сорақылығын жазу, жариялау мүмкін емес еді. Сондықтан Міржақып Дулатұлының айтайын деген сөздері жабулы қазан астында қалған. Біз білеміз қоғам дамуының бірнеше кезендері бар. Ол кезендер бір күн, ай, жыл мерзімінде ғана емес бірнеше ғасырларға созылуы мүмкін. Қоғам дамуы бір кезеннен екінші кезенге баяу, қоғамның дамуына байланысты жүреді. Ал патша үкіметі мен кеңес билігі қазақ қоғамын артта қалған, патриалхалды қоғам деп сипаттайды. Қазақ тек мал баққан, көшпенді халық. Сауатсыз деп көрсетті. Бірақ қоғам дамы бір кезеннен келесі кезенге секіріп өтіп кетуі мүмкін емес жағдай. Көшпенді өмірден бірден капиталистік қатынастағы дамуға түсу, өнеркәсіп төңкерісін тез арада жүріп өту тарихқа қара-қайшы әрекет.

Қазақ қоғамында өнеркәсіпте, шаруашылықта заман талабына сай болған. Тарихи беттердің бұрмалануы мен жазылу, саяси қысым нәтижесінде бұрмаланған.

Міржақып Дулатов мақалалардың негізгі тақырыптары Қазақстанның отарлануы, шаруашылық, жер мәселесі, 1916 жыл оқиғасы, тарихи тұлғалар - әдебиет, театр, баспасөз, оқулық жасау, халықаралық жағдай, ұлттық мінез сипаттары секілді толып жатқан салаларды қамтиды.Тіршіліктің шешуші тұтқасы, адам баласы байлығының кіндігі – жер мәселесін Әлихан Бөкейхановтан бастап алаштың көзі қарақты қайраткерлері ерекше көңіл бөліп, көптеген еңбектер, зерттеулер, мақалалар жазған. Міржақып Дулатұлы мақалаларында қазақ халқының Ресейге тәуелділігі, отарлық тепкідегі ел екендігі, атадан мұра боп келе жатқан әдет-ғұрыптың, тұрмыс-салттың, мұсылман дінінің қудалануы, орыстандыру, шоқындыру әрекеттерінің өршуі, шұрайлы жерлердің тартып алынып, олардың байлар, дворяндар, помещиктер, генералдар меншігіне айналуы, бұларға қарсылық жасағандардың қуғын-сүргінге түсіп, абақтыға қамалып, түрмелерде отырғаны ашық айтылады.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. Екінші том: Көсемсөз, әдеби – сын және зерттеу мақалалары. / Құраст. Г. Дулатов, С.Иманбаева. – Алматы: «Мектеп баспасы» ЖАҚ, 2003 -392 б.

  2. Алаш қозғалысы саяси топ басшыларының әлеуметтік көзқарастары. Оқу құралы. Құраст. Ә.Қ. Бәкір Астана – 2008.

  3. Дулатұлы М. «Шолпан», 1923 жыл, №3-5.

  4. Дулатұлы М. Шығармалары. – Алматы: Ана-тілі, 2010. -392 б.

  5. Дулатұлы М. «Қазақ», 1913 ж., №10.

  6. Дулатұлы М. «Қызыл Қазақстан», 1923 жыл, №17-18.

  7. Ж. Ысмағұлов, Міржақып Дулатов туралы сөз / Жұлдыз, 1991, №2.

  8. Тәжібаев Ә. Халық деп соққан жүрегі / Соц. Қазақстан, 1989, 27 июль, 173.

  9. Нұрпейісов К., Алаш һәм Алашорда. –Алматы: Атамекен, 1995.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет