Ол 1980 жылы аудан орта­ лығындағы аталған меке меде


Аким Кармакшинского района



жүктеу 8.99 Mb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата06.04.2017
өлшемі8.99 Mb.
1   2   3   4

Аким Кармакшинского района 

С.Макашов. 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ АКИМАТА КАРМАКШИНСКОГО РАЙОНА

поселок  Жосалы                               №321                       2 сентябрь 2016 год

(зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных 

правовых актов за номером 5601 от 16 сентября 2016 года)

Об установлении квоты рабочих мест

1930 жылы 13 маусымда Қармақшы ауданында дүниеге келген. 

1947  жылы  Ш.Уәлиханов  атындағы  №26  орта  мектепті  бітіріп, 

Қызылорда  педагогика  институтының  математика  факультетіне 

оқуға түсіп, оны 1951 жылы аяқтап шығады. 

1951­1960  жылдар  аралығында  аудандағы  №28,  №26  орта 

мектептерде математика пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі 

қызметтерін атқарды. 

1960­1962 жылдар аралығында Қармақшы аудандық партия ко­

митетінде саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, 1962­1963 жыл­

дар аралығында №26 мектепте математика пәнінен сабақ бер ді.

1964­1968  жылдары  аудандық  оқу  бөлімінде  мектеп  инс­

пекторы, 1968­1970 жылдары №108 орта мектеп директоры болды. 

1970­1990  жылдар  аралығында  аудан  орталығында  №27  орта 

мектептің    директоры  қызметін  абыроймен  атқара  білді.  1990­1996  жылдары  аталған 

мектепте математика пәнінен ұстаздық етті. 

Білім саласы майталманының халыққа білім берудегі еңбегі ескеріліп, 1990 жылы 

дербес зейнеткерлік демалысына шығады. 

Зинабдин Әлменұлы білім беру саласындағы еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие 

болған азамат. Атап айтсақ, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің КСРО Оқу министрлігінің 

құрмет грамоталары облыстық, аудандық партия комитеттерінің облыстық оқу бөлімінің 

грамоталарымен марапатталған. Сондай­ақ, ол КСРО және Қазақ КСР «Халыққа білім 

беру  ісінің  үздігі»  атақтарының  иегері.  Аудандық,  қыстақтық  кеңестердің  депутаты 

болып  сайланды.  2001  жылы  «ХХ  ғасыр  директоры»  және  «Қармақшы  ауданының 

құрметті  азаматы».  2005  жылы  Жеңістің  60  жылдығына  орай  «Ғасыр  мұғалімі» 

медалімен мадақталған. Қазақстан мұғалімдерінің І және ІV съездеріне делегат болып 

қатысты.  Білікті  ұстаз  ретінде  ол  өнегелі  ісімен  елдің  елеулі  тұлғасына  айнала  білді. 

Азаматтық және еңбексүйгіштік қасиеттерімен халқымыздың ерекше құрметіне бөленді. 

Өзі  өмірден  озғанымен,  оның  өнегелі  өмірі  мен  еңбек  жолы  кейінгі  ұрпаққа  үлгі 

болып қалары сөзсіз, ұлағатты ұстаздың жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады. 

Қармақшы  ауданының  құрметті  азаматы,  білім  саласының  ардагері,  ұлағатты  ұстаз 

Әлімбаев Зинабдин Әлменұлы үстіміздегі жылдың 25 қыркүйегінде дүниеден озды. 



Аудандық білім бөлімі және  білім қызметкерлері кәсіподағы комитеті,

Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей ұжымы.

Расында  да,  осындай    ұлы  тұлғалардың    өмір 

және  еңбек  жолдарын  өздерінің  саналарына  тоқып, 

еңбектерімен сусындап өсіп, қазақ ұлтының, оның ішінде 

киелі  Қармақшы  елінің  халқының  болашағы  үшін  тер 

төге еңбек еткен, ұлағатты ұстаз деген ардақты есімге ие 

болған  Михаил Широков, Әбдікәрім Жүсіпбаев, Әбдуәли  

Жаназаров, Тілеген  Әбдікешов, Үсен Қошалақовтай атпал 

азаматтарымыз    өмірден  өткендерімен  олардың  өнегелі 

өмір жолдарын бүгінгі ұрпақ өкілдері жоғары бағалайды. 

Туған  елінің  әлеуетін  арттыруға  сүбелі  үлестерін 

қосып,  ел  құрметіне  бөленген    ер­азаматтарымызбен 

қатар   еңбек еткен қыздарымыз да жоқ емес. Қармақшы 

комсомолының  қарлығашы  Дәмегүл  Мырзағалиеваның 

ізбасар  сіңілілері,  еңбек  майданының  сарбаздары  атан­

ған    күрішшілер  Пиян  Жұқаева,  Сәлима  Жұмабекова, 

сау да,  өнер  және  білім  салаларының  майталмандары 

Гүлбарам  Қанқожаева,  Күлжаһан  Кенжебекова,  Фазила 

Махамбетова,  Пал  Баймаханова,  Шынар  Махмутова,  Зи­

баш  Қамбаровалардың  есімдері  үлкен  құрметпен  ата­

лады.  Солармен  бірге  туған  елінің  әлеуетін  арттыруға 

өзінің  сүбелі  үлесін  қосып,  туған  халқының  мақтанышы 

атанғандардың   бірі, бар саналы өмірін  шәкірт  тәрбиелеуге 

арнаған, ұзақ жылдар бойы Қармақшы ауылындағы №113 

«Қаракөл»  орта  мектебінде  ұстаздық  қызметті  атқарған, 

сонымен  бірге  14  жыл  аталмыш  мектепті  басқарып,  

«Ұлын  ұяға,  қызын  қияға»  деп  қазақ  атам  айтқандай,   

шәкірттерінің  үлкен өмірден өз орындарын табуына үлес 

қосқан Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Жұпаркүл 

Иманбаева.

Ал,  енді  туған  елінің  сыйға  берген  жоғары  атағын 

абыроймен арқалап келе жатқан  Жұпаркүл Омарқызының 

өткен  өмір  жолына  тоқталар  болсақ,  ол  бар  өмірін 

шаруалық кәсіпке арнап өткен Омар ақсақал мен Күләйім 

Кәсбайқызының  отбасында  дүниеге  келген.  Жұпаркүл  

өсе  келе    ауылдағы  орта  мектепте  7  жылдық  білім  алып 

шығады.  Зерек  шәкірт    ұстаздарының  ұсынысымен  бі­

лімін  одан  әрі  жетілдіру  мақсатында  Қызылорда  қа­

ласындағы  киелі  білім    ордаларының  бірі  М.Мәметова 

атындағы педагогикалық училищесіне «бастауыш сынып 

оқытушысы» мамандығы бойынша  оқуға түседі.

Ол қазақтың көптеген дарын иелерін  білім нәрімен 

сусындатқан,  шежіресі  тереңге  бойлаған    киелі  қара 

шаңырақтардың  бірі  саналатын    аталмыш  арнаулы  білім 

мекемесінде ұлағатты ұстаздардан білім нәрімен сусындап, 

таңдаған мамандығының қыр­сырын меңгеріп шыққан соң  

Қармақшы  ауылында  өзі  білім  алған  мектебіне  жолдама 

алып,  алғашқы еңбек жолын  сол жерде бастауыш сынып 

мұғалімі болып бастайды.

Жас маман  ә дегеннен­ақ өзіне жүктелген  тап сыр­

малар  мен  міндеттерді  белсене  атқарып,  шәкірттері  мен 

ұстаздар  қауымының  алдында  беделін  өсіреді.  Ол  тіпті 

мектептің ғана емес, ауылдағы қоғамдық жұмыстарды да 

жауапкершілікпен орындап, мектеп, ауыл әкімшіліктерінің 

сенімін  ақтайды.  Көп  ұзамай­ақ  белсенді  жас  маманды  

мектеп  жастары  бірауыздан  комсомол  комитетінің 

жетекшілігіне  сайлайды.  Бұл  қызметті  де  аброймен 

атқарған  жалынды  жас  көп  ұзамай  партия  қатарына 

қабылданып,  бастауыш  партия  ұйымының  хатшысы 

қызметіне сайланады.  

 Жас та болса қоғамнан өз орнын таба білген білікті 

маман  Жұпаркүл Омарқызы  ұстаздық мамандықпен бірге 

партиялық  жұмыстарды  қоса  атқарып,  ауылдың  тыныс­

тіршілігіне  белсене  араласады.  Сондай­ақ,  еңбектен 

қол  үзбей  жүріп  Қызылорда  қаласындағы    Н.В.Гоголь 

атындағы  педагогикалық  институттың  филология 

факультетінде    тағылымы  терең,  әрқайсысы  бір­бір  әлем 

болатын    С.Шкуридин,  А.Канцев,  В.Угай,  Г.Андрианова, 

М.Абербух  және  басқа  да    ғалым­ұстаздардан  білім 

алып,  институтты  үздік  тәмамдап,  жоғары  білімді маман 

атанады. 

«Даңққа  бір­ақ  жол  апарады:  ол­еңбек»  деп  орыс 

жазушысы П.Павленко айтқандай, абырой мен атақ, қадыр 

мен  құрмет,  данқ  пен  дәреже  бәрі  де  еңбектің  жемісі 

екені  расталғандай,  осындай  елеулі  еңбектері  үшін  де 

ұлағатты    сала  майталманы  Жұпаркүл  Иманбаева  1968 

жылы  КСРО  комсомолының  50  жылдығына  байланысты 

Қазақстан  комсомолының,  1969  жылы    облыстық  білім 

басқармасының    құрмет  грамоталарымен  марапатталса, 

1977  жылы  «ҚазССР­нің  халық  ағарту  ісінің  озық 

қызметкері»  төсбелгісіне  ие  болады.  Сондай­ақ,  ол 

1978  жылы  Мәскеу  қаласында  өткен  мұғалімдердің  

бүкілодақтық  ІІІ  съезіне  қатысып,  редакциялық 

комиссиясының мүшесі болады. 

«Елім  деген  ер  болса,  ерім  деген  ел  де  табылар» 

демекші,    туған  халқының  болашағы  үшін  бар  өмірін 

сарп  еткен  Жұпаркүл  Иманбаеваның  ерен  еңбегі  туған 

халқы мен Үкімет алдында жоғары бағаланып, 1971 жылы 

КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  Жарлығымен  ол  «Еңбектегі 

ерлігі үшін» медалімен марапатталса,  1975 жылы №213 

«Қаракөл»  сайлау  округі  бойынша  Қазақ  ССР  Жоғарғы 

Кеңесіне депутат болып сайланады.

Міне,    бүгінде  еліміз  егемендік  алып,  халқымыз 

ата­бабалар  аңсап  өткен  тәуелсіз  елде  өмір  сүріп  жатыр. 

Жұпаркүл  апай  тәуелсіз  Қазақстанның  өсіп­өркендеуіне 

де  өзінің  перзенттік  үлесін  қосып,  абыройға  бөленді. 

Сондай  еңбектері  үшінде  ол  омырауына  «Қазақстан 

Республикасының  Тәуелсіздігіне  10  және  20  жыл»,  

«Қызылорда қаласына ­190 жыл» мерекелік медальдарымен  

марапатталды,  сонымен  бірге  Елбасының  алғыс  хатына 

және 1997 жылы Қазақстан Республикасының Білім және 

ғылым  министрлігінің    және  облыстық  мәслихаттың 

құрмет грамотасына, республикалық ардагерлер  кеңесінің 

дипломына ие болды.  

«Жақсы  адам  ғана  басшы  бола  алады»  деп  Жүсіп 

Баласағұни айтқандай, қызмет барысында да оның еңбегі 

ескеріліп,  алдымен  мектеп  директорының  тәрбие  ісі 

жөніндегі орынбасары, ал 1992 жылдан бастап  құрметті  

зейнеткерлік  демалысқа  шыққанша,  яғни  2006  жылға 

дейін  мектеп директоры қызметін мінсіз атқарды.

Жұпаркүл  Омарқызы    халық  қалаулысы  қызметінде 

және  одан кейінгі жылдарда да  өзінің қатар­құрбылары, 

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары  Ш.Беркімбаева, 

М.Жүйрікаева,  облыстық    мәслихат  хатшысы  қызметін 

атқарған  А.Божанова,  ақын,  білім  беру  ісінің  үздігі 

Д.Торғаева  және  есімі  аудан  халқына  танымал    білім 

саласының  майталмандары  З.Қамбарова,  Т.Әбдиева 

сынды  ел  сыйлаған    апайларымызбен      достасты,  қоян­

қолтық жұмыстар атқарды.  

Расында  да,  Жұпаркүл  Омарқызы    журналист 

Аман  Суханбердінің  2001  жылы  облыстық  «Сыр  бойы» 

газетіндегі  мақаласында  жазғандай,  арзан  атақ  пен 

баянсыз  беделге  қарсы  болды.    Әділдіктің  таразысын 

тартуда  қара  қылды  қақ  жарды,  алқалы  жиындарда  

пайымды пікірлерімен, оралымды ойларымен ел игілігінің 

сойылын  соққанын    сол  уақытта  өзімен  бірге  қызметтес 

болған азаматтар жақсы біледі.

Сондай­ақ,  ол  өзінің    «Әке  туралы  толғау»  атты 

танымдық  естелік  кітабында  былай  дейді:­...Мен  бір 

кездері  имене  аттаған  босағам­ауылдағы  №113  мектепте 

табан аудармай 45 жыл еңбек еттім. Даңққа адал еңбек пен 

маңдай тер ғана апарады. Беріліп істеген іс қашан да ауыр. 

Алайда,  еңбегім  жанды.  Қызметімнің  үшінші  жылында 

аудандық білім бөлімінің алғысын алдым...

1975  жылы  мені,  қатардағы  қарапайым  мұғалімді, 

Қармақшы халқы  Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат 

етіп  сайлады.  Бұл­үлкен  сенім,  жауапкершілік,  төккен 

тердің өтелгені еді. 

Бақыт­ғұмыр  бойы  жиналатын  алтын  көмбе 

сияқты.  Жүрегің  қалаған  кәсібіңнің  ұсталық  көрігі  және 

қантамырыңның  бақытты  бүлкілі  екен.  Бақыт  құсының 

маған  оңайлықпен  қонбағаны  да  белгілі.  Адал  болсам, 

азамат  болсам  дедім,  адал  еңбекті  жолдас  еттім.  Жұмыс 

барысында  біз  аға  буын  өкілдерінен  көп  үйрендік.  Аға 

буын­өте  күрделі  буын.  Олардың  құшағы  да,  пышағы 

да  дайын  тұрады.  Әйтсе  де,  маған  кезінде  қол  ұшын 

берген,  қолтығымнан  демеген  жақсылар  мен  жайсаңдар 

аз  болмады.  Өмір  жолында  оң  қабақ  танытқан,  жылы 

сөзімен  қанаттандырған  жайсаң  жандар  жайлы  жылы 

лебізім  жетерлік.  «Даналардың  иығына  сүйенбесем 

алыстағыны  көрмес  ем»,­деген  қағиданы  ғалым 

Б.Кенжебаев  жиі  айтады  екен.  Әйгілі  ғалым  И.Ньютон: 

Сіз  қалай  ғалым  болдыңыз?  деген  құйтұрқы  сұраққа: 

«Мен данышпандардың иығында тұрмын ғой!» деп жауап 

беріпті.  Тағы  бір    Эдисон:  «Талант  дегеніміз  1  пайыз 

ғана қабілет, ал қалған 99 пайызы еңбек»,­депті. Өйткені, 

өмірдің өзі­еңбек. Адал еңбекпен адам байымайды, бірақ, 

абырой­атаққа кенеледі, ел алдында жүзі жарқын жүреді,­

дейді  ұлағат иесі Жұпаркүл Омарқызы.

Міне,  осындай    өмірі  өнегеге  толы  ұлағатты  ұстаз  

Жұпаркүл  Омарқызы  мен  үшін  де,  менен  басқа  да 

шәкірттер үшін де  қастерлі де қадірлі.

Олай  дейтін  себебім,  өзім  білім  нәрімен  сусындап 

шыққан  №113  орта  мектептің  табалдырығын  алғаш 

аттаған  кезде  мені  Нәзікүл  апайым  қарсы  алды.  Сол 

кісіден    “Әліппе”  кітабымен  алғаш  таныстым.  Кейіннен 

алғашқы ұстазымыз  бізді Жұпаркүл апайымызға өткізді.

Міне,  сол  кезден  бастап  мен  Жұпаркүлдей  ұста­

зымның    жетекшілігімен  білім  деген  үлкен  өмірге  жол 

аштым.  Апайдың  жетекшілігімен  онжылдықты  бітірдім. 

Мен  осы уақытқа дейін сүрген өмірімде ұстазым Жұпаркүл 

Омарқызындай еңбекқор, өз мамандығын  сүйіп атқарған  

адамды кездестірмедім десем, өтірік айтпаған болар едім. 

Ол кісінің бізге деген ұстаздық, аналық мейірімін біздер, 

яғни шәкірттері  әлі күнге дейін сезінеміз. Сыныптастар 

әрбір  кездері  кездесіп  қалған  кезімізде    әңгімемізді 

алдымен  апайымыз,  нақтырақ  айтқанда  Жұпаркүл  ұс­

тазымыздың  бізге  деген  қамқорлығы  мен  азамат  болып 

өсуімізге  сіңірген еңбегі жайлы әңгімеден бастаймыз. 

Иә, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп 

ұлы данышпан ақын Абай айтқандай, Жұпаркүл апайымыз 

біздің,  яғни  шәкірттерінің  қоғамымыздан  өз  орындарын 

табуларына көп еңбек сіңірді.  Бізді адамгершілікке, бір­

бірімізге қамқор және шыншыл, адал болуға тәрбиеледі. 

  ­Ең  бастысы,  сендер  бір­бірлеріңе  нағыз  дос 

болуларың және Отан, туған жер, ата­ана, дос, ең бастысы 

азамат  деген  ұлы  есімді  есте  ұстауларың  керек,­дейтін 

апайымыз.  Ол бұл ақылын  бізге айтудан жалыққан емес. 

Әлі де біздер ол кісімен  кездескен сайын қайталап келеді.

Біздің  сыныбымыз  өте  белсенді,  өнерпаз  болды. 

Апайымыз шәкірттерін үш топқа бөліп,  білімнен, өнерден, 

спорт    түрлерінен  жарыстыратын.  Сыныптастарымның 

бәрі,  бірі  спорттан,  бірі  өнерден,  енді  бірі  білімнен  топ 

бастап жүрді. Тіпті, әннен жарысқа түскенде онша дауысы 

шықпайтын  Берік  пен  Қаршыға  да    бізге  қосылып  ән 

шырқайтын.  Бүгінде  басымыз  қосылып  қалғанда  Берік 

пен  Қаршығаға  «Мы  строем  Бам»  мен  «Алатауды» 

бастаңдаршы  деп  әзілдейміз.  Сыныптастар  Жұпаркүл 

апайдың  ұйымдастыруымен  әндік­аспаптық  ансамбль 

құрып,    талай    рет  ауыл  клубында      тұрғындарға  арнап, 

концерт  қойдық.  Тіпті,  қолымызға  концерттен  түскен 

қаржыны  арнайы  комиссия  құрып,  сынып  мүддесіне 

жұмсайтынбыз.  Апайымыз  бізге  жетекшілік  етіп 

жүргенінде  ҚазССР  Жоғарғы  Кеңесіне  депутат  болып 

сайланды.  Сол  жаңалықты  естігенде  біздің  қалай 

қуанғанымызды көрсеңіз ғой? Айтып жеткізу қиын.

Иә. Жұпаркүл Омарқызындай ұлағатты ұстаздан тәлім 

алған көптеген шәкірттер бүгінде тәуелсіз Қазақстанның 

өсіп­өркендеуіне  өзіндік  үлестерін  қосып,  ұстаз  мерейін 

тасытып  жүр.  Біз  апайымыздың  жетекшілігімен  он­

жылдықты  25  бала  бітіріп  шықтық.  Бір  сыныптасымыз 

«Алтын белгі» иегері атанса, он бесіміз  қазіргіше айтқанда 

жоғарғы оқу орнына грантқа түстік.   Бүгінде сол кездегі 

бойжеткендер мен бозбалалар  еліміздің түкпір­түкпірінде 

еңбек етуде. Отбасын құрып, немере сүйіп, бақытты ғұмыр 

кешуде.


«Адам байлығының ең тамашасы­білім» деп шығыс 

ғұламасы  Беруни  айтқандай,  бар  саналы  өмірін  білім 

саласына  арнап,  өзінің  өнегелі  өмір  жолымен  қиелі 

Қармақшы  елінің  құрметтісі  атанған  ұстазым,  халқының 

қалаулы да ардақты  қызы Жұпаркүл Иманбаеваның туған 

еліне жасаған еңбегі ұшан­теңіз. 

Осы ретте, «Ескермесе­ер ұмыт» деп дана халқымыз 

айтып  өткендей,  осындай  туған  елі  үшін  аянбай  еңбек 

еткен,  бар  ғұмырын  туған  халқының  болашағы  үшін 

сарп  еткен  Жұпаркүл  Омарқызы  Иманбаеваның    еңбегін 

ел  алдында  бағалап,  өскелең  ұрпақтың  жадында  мәңгі 

сақтауда    «Қармақшы  ауданының  құрметті  азаматы» 

атағын берсек көптік қылмас еді.

Талғатбек ҚУАҢБАЕВ, 

аудандық музыка  мектебінің директоры, 

«ҚР Білім беру ісінің үздігі», шәкірті.

“Ұстазыңды ұлықта” акциясы

ӨМІРІН ӨНЕГЕМЕН 

ӨРНЕКТЕГЕН

«Ұстаз-ұлы есім» деп  

данагөй халқымыз айтқандай, 

осы сөзді айтқандардың 

әрбірі ұстаздан тәлім алған.  

Өздерінің білімділігімен 

әлемді мойындатқан 

Ә.Рудаки, О.Хаям, Ұлықбек, 

Дауани, әл-Фараби, 

Қорқыт, Айни, Низами, 

тағы басқа да шығыстың 

ұлы ғұламаларымен қатар  

Еуропаның білімдарлары 

И.Ньютон, Сократ, 

Гиппократ, Аристотель, 

Гете, Гейне, М.Горький, 

Л.Толстой мен  қазақтың 

ұлы данышпаны Абай 

мен  Ы.Алтынсарин 

де, Ш.Уәлиханов пен 

А.Байтұрсынов та ұстаздан 

білім алып, сол алған білімдері 

арқылы халқына қызмет 

еткенін білеміз.

ХАБАРЛАНДЫРУ

ӘЛІМБАЕВ ЗИНАБДИН ӘЛМЕНҰЛЫ

БАҚҰЛ БОЛ, АРДАҚТЫ АҒА!


ҚАРМАҚШЫ

таңы


4

27 қыркүйек, 2016 жыл

Бас директор 

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ 

 ______________

Қармақшы аудандық 

“Қармақшы таңы” газетінің редакциясы 

Бас редактор 

Алтай ҮСЕНОВ

Телефондар:



Бас директор – 8(7242) 70-00-36

Бас редактор – 2-17-84

Бас редактордың орынбасары – 2-14-59

Жауапты хатшы – 2-16-01

Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінде 19.06.2014 ж. қайта тіркеліп, 

№14407-Г куәлігі берілген. 

“Қармақшы таңы” аудандық газеті ӘР СТ ИСО 9001-2009 “Сапа менеджменті жүйесі” 

талаптарына сәйкес сертификатталған. 

Газет әр аптаның сейсенбі, сенбі күндері шығады 

Қолжазбалар өңделеді және кері қайтарылмайды.

Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасын білдірмейді. 

Мекен-жайымыз: 120500, Қызылорда облысы, Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі №3 үй. E-mail: karm_tany@mail.ru

Меншік иесі: 

жауапкершілігі шектеулі 

серіктестігі

Кезекші редактор Алтыншаш КЕТЕБАЙ.

Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп, 

беттеліп, “Сыр медиа” ЖШС баспаханасында 

басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан 

көшесі, 4. Газеттің таралымы бойынша Қармақшыда 

2-16-01 және 8(7242)-70-14-08 телефондарына 

хабарласуға болады.

Таралымы 4391

       

Тапсырыс 1139

Тіл  құдіретіне  ұйытып,  оған  бас  игізген  ана  тілімізді-

дана тіліміз деп ұқтырған жас ақындардың жыр мүшәйрасы 

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдық 

торқалы  тойы  аясында  Қазақстан  халықтарының  тілдері 

мерекесі  күніне  арналған  шара  аудандық  мәдениет  және 

тілдерді дамыту бөлімі мен Көшеней Рүстембеков атындағы 

жыраулар үйінің ұйымдастыруымен өтті.

“Ана  тілі-әр  адамның  өз  ұлтының  жан  дүниесі  мен 

мәдениетін  ғасырлар  бойы  жиған  рухани  азығынан 

нәр  алатын  кіндік  тамыры”  демекші,  “Туған  тілім-

тірлігімнің айғағы” тақырыбында өткізілген жыр бәйгесіне 

халықаралық  “Қазақ  тілі”  қоғамы  аудандық  филиалының 

төрағасы  Әбдірахман  Құлдүйсенов,  “Сыр  сазы”,  “Жан 

шуағы”  кітаптарының  авторы,  ақын  Талайлы  Досымова, 

“Ұлт  бірлігі-Қармақшы”  қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы 

Шегебай Құндақбаевтар қазылық етті.

12  мектептен  32  жас  талапкер  ақын  қатысқан  жыр 

додасына  қаламы  төселіп  қалған  жас  өскіндер  де,  жыр 

әлеміне  имене  енген  жас  буын  өкілдері  де  үкілі  үміттерін 

арқалап,  көпшілік  алдында  жүрекжарды  туындыларын 

оқыды.


Қармақшы  қай  кезде  де  жауһар  жырдың  күмбезін  кө-

терген өңір. Ұрпақтан-ұрпаққа қалыбы бұзылмай жалғасып 

келе жатқан саф өнер бұл күні де зор мәртебемен салтанат 

құрып, жиналған жұртшылықты рухани ләззатқа бөледі. Бір 

қуанарлығы, жас талапкерлердің бойына туған тілге деген 

шексіз  махаббат  пен  сүйіспеншілік,  құрмет  пен  қошемет 

айқын сезіліп тұрды.

Қазылар  алқасының  шешімімен  Мөлдір  Төлегенова 

(№183  мектеп)  бас  жүлдені  қанжығасына  байласа, 

Ақерке  Тоқташева  (№199  мектеп)  І  орынды,  Мейірім 

Бекмұратова  (№80  мектеп-гимназия)  ІІ  орынды  иеленіп, 

мерейлері  үстем  түсті.  Ал  екі  ІІІ-орын  Рүстем  Тілектесов 

(80  мектеп-гимназия)  пен  Жанарбек  Бекарысовқа  (№107 

мектеп)  бұйырды.  Назерке  Ибашева  (№79  мектеп)  “Азат 

елдің  ұланы”,  Мейіржан  Берекетов  (№111  мектеп)  “Тіл 

дарын”,  Жазылбек  Қазтаев  (№26  мектеп)  “Ұшқыр  ой” 

номинацияларымен марапатталды.

Иә, жас бұлақтың тұнығындай мөлдір, жұпар исі аңқыған 

райхан гүліндей әсем, ана сүтіндей сіңімді, баба күшіндей 

қуатты-Ана  тіліміз  мәңгілік  жасап,  мәртебесі  әрдайым 

асқақтай берсін!

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ. 

ТУҒАН  ТІЛІМ —

ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ 

Бүгінгі таңда жер бетінде 3000-ға жуық тіл бар болса, олардың 200-ден астамы 

ғана мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Оның арасында қазақ тілінің де мемлекеттік 

мәртебеге ие екендігі біздер үшін зор мақтаныш. Бұл тәуелсіздігіміздің арқасы. 

Жас ұрпақ ата-бабалар аңсаған, армандаған тәуелсіздік туы астында ширек ғасыр 

алаңсыз-мұңсыз өмір сүруде. Тәуелсіздікпен бірге бүр жарған ана тіліміздің қадір-

қасиетін арттырып, тіспен шеше алмағанды тілмен шешкен, бірауыз сөзге тоқтаған 

ата-баба жолын құрметтеп, қастерлеуде.

Әділ сөзін айтып,түркі тілдес мұ сыл мандар қау-

ымының теңдігі мен тәу елсіздігі үшін күрескен қазақ 

халқының  ірі  саяси  тұлғасы  Мұстафа  Шоқайдың 

туылғанына үстіміздегі жылы 125 жыл толып отыр. 

Оның өмір және ең бек жолын на сихаттап, 

жас  ұрпақты  Отанын,  хал қын  сүюге 

тәрбиелеу  мақсатында  «Бейбітшілік 

әлемі» ха лықаралық Қа зақ твор честволық 

бір лес тігінің  ұйым дас ты руымен  жу ырда 

Мұстафа  Шоқайдың  125 

жылдығы құр метіне арналған 

«Алаштың  Ұлы  ойшылы» 

тақы рыбында 

ғылыми-та-

ным  дық  кон фе ренциясы  өт-

ті. 

Осы  шарада  аудандық 



оқушылар  үйінің  «Жас 

қаламгер»  үйірмесінің  же-

текшісі  Ербол  Алтынбаевтың  «Алаш тың 

Ұлы ойшылы» тақырыбындағы баяндамасы 

ІІ орынды иеленіп, бір лестіктің дипломымен 

марапатталды. 



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет